Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдикаримов.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.12 Mб
Скачать

2.1.3 Ms MySql 2000 Development жүйесін орнату

MySQL Microsoft компаниясының туындысы, бұл бағдарламаны қондыру үшін ең алдымен операциялық жүйе ретінде Microsoft Windows 7 x64 Ultimate таңдалған болатын. MySQL қондыру үшін бағдарламаның қондыру дистрибутивтік файлын ашу керек. \arc\sql\mysql каталогы бойынша mysql-essential-4.1.20-win32.msi қондыру файлын ашу керек.

2.3 сурет. MySQL дистрибутив файлының қондыру кезіндегі бірінші беті

Next батырмасын басу арқылы келесі орнату сатысына көшеміз. Келесі бетінде қондыру типін таңдаймыз.

2.4 Сурет. Орнату типтерінің бетшесі

Әдеттегідей қолдануға арналған компоненттерін қондырғымыз келсе Typical бөлімін таңдап Next батырмасын басамыз. Ал егер бізге толықтай қосымшаларымен керек болса Complete немесе Custom таңдаймыз.

2.5 сурет. MySQL қондыруға дайындығын көрсететін терезе

Осы терезеде қолданушыға экранға қондыру процессі толықтай керек мәліметтерді жинақтап болып енді қондыруға дайындығын көрсетеді. Install батырмасын басқан кезде келесі қондыру бөлімге көшеді.

2.6 сурет. Қондыру процесі

2.7 сурет. Қорытынды терезесі

MySQL бағдарламасын қондырып болған соң осындай қорытынды терезе шығады. Мұнда «Configure the MySQL Server now» деген ұяшыққа белгі қойып Finish батырмасын басқанда, қондыру процесі аяқталып, келесі MySQL бағдарламасын қалыптарын өзгертуге көшеді.

2.8 сурет. Конфигурация жүргізуге арналған шебер терезесі

Қондыру процесі болған соң ары қарай конфигурация жүргізу шебері ашылады. Бұл конфигурацияны бастау үшін Next батырмасын басамыз.

2.9 сурет. Конфигурация типтері

Ашылған терезеден конфигурация типін таңдаймыз да Next батырмасын басамыз.

2.10 сурет. MySQL орындалу режимін таңдау терезесі

Орындалу режимін таңдау үшін Install As Windows Service опциясын қосып операциялық жүйе жүктелген соң іске автоматты түрде қосылу үшін Launch The MySQl Server automatically бөліміне белгіше қоямыз. Егер де MySQL бұйрықтарымен ары қарай жұмыс жасайтын болсақ, Include Bin Directory in Windows PATH параметріне белгі қоямыз да Next батырмасын басамыз.

2.11 сурет. Іске қосу конфигурациясы

Бағдарламаны іске қосып рұқсатнама алу үшін қолданушының мәліметтері қажет етеді.

2.12 сурет. Конфигурацияны бастауға даярлау терезесі

2.13 сурет. Конфигурация сәтті аяқталуы

2.2 Емхана тіркеу бөлімінің автоматтандырылған басқару жүйесі

Тіркеу бөлімінің автоматтандырылған басқару жүйесі бірнеше қызметтік функциялардан тұрады. Осы жұмыстың басты қызметтеріне емханаға келген жаңа азаматтарды уақытын үнемдей отырып, жедел түрде тіркеу, дәрігерлерге жазылу, медициналық картаны электронды түрде жүргізу, дәрілік рецептерді, анықтамаларды жазып беру, дәрігерлерді үйге шақыру деген сияқты қызметтерден тұрады.

Ең алдымен бағдарламаны ашқан кезде идентификациялық терезе ашылады.

2.14 сурет. Идентификациялық терезе

Идентификациялық терезе дегеніміз бағдарламаны қолданар алдында әр қолданушы идентификациядан өтілуі тиіс. Әр қолданушының өзінің тіркелу кезінде көрсеткен атылогин) және құпия сөз(пароль) болады. Ал қолданушылардың арасында рөлдерін реттейтін, ол администратор. Қолданушылар қатарына тек қана администратор, дәрігер және тіркеуші(регистратор) кіреді. Егер де администратордың атынан кіретін болсақ, администраторлық панель ашылады.

2.15 сурет. Администратор панелі

Бұл панельде администратор қолданушыларға бағдарламадағы рөлдерді бөліп береді. Әр қолданушының бағдарламада өзінің қызметі бар. Мысалы келтірсек тіркеушінің идентификациялық мәліметтерін жазатын болсақ

2.16 сурет. Тіркеуші бөлімі

тіркеуші бөлімі ашылады. Тіркеуші бөлімі үш басты қызметке бөлінеді, олар:

1) Дәрігерге жазылу;

2) Дәрігерді үйге шақыру;

3) Емделушілердің электронды карталары.

Дәрігерге жазылу бөлімін таңдайтын болсақ, келесідей дәрігерді таңдау терезесі ашылады.

2.17 сурет. Дәрігерді таңдау терезесі

2.18 сурет. Таңдалған дәрігерге жазылу терезесі

Келесі бөлім дәрігерді үйге шақыру қызметі. Бұл функцияны іске қосқан кезде келесідегідей терезе ашылады.

2.19 сурет. Дәрігерді үйге шақыру панелі

Бұл терезеде әр емделуші өзінің дәрігерін өзіне қалаған уақытта дәрігерді үйіне шақыра алады.

Келесі бөлім емделушілердің электронды медициналық карталары. Мұнда әр азаматтың толықтай мәліметтері сақталған болатын.

2.20 сурет. Электрондық медициналық карта панелі

Бұл панель басты панельдердің бірі болып саналады. Мұнда тіркеуші адам жаңадан азаматтарды еңгізе алады немесе бұрыннан тіркелген азаматтардың электронды медициналық карталарын шығара алады.

3. техникалық қауіпсіздік және экологиялық бөлімі

3.1 Ауа алмасу жүйесінің құрылғысы

Желдету (латынша: вентілатіо — желдету) — үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.[16]

Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т.б.) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.

Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар — абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.[16]

Желдеткіш - өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т.б. қолданылады.[16]