Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_ek_teoria_TsDO.doc
Скачиваний:
103
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ

«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ

«Бекітілген»

«Экономика және құқық»

институтының директоры,

э.ғ.к. проф. Джолдасбаева Г.У.

__________________

«___» __________ 2010ж.

Оқу-әдістемелік кешен

Пән: «Экономикалық теория»

Мамандығы: «Экономика» (бакалавриат) Ақтау 2010

1 Пәннің типтік бағдарламасы

Тақырып 1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері. Экономикалық теорияның пәні және функциялары. Экономикалық теорияны тану әдістері. Микро және макроэкономикалық талдау.Экономикалық адамның рационалды тәртібінің әр түрлі модельдері.

Тақырып 2. Қоғамдық өндіріс негіздері.

Адам қажеттіліктері, экономикалық игіліктер және ресурстар, олардың шектеулілік проблемасы.Өндіріс факторлары.Экономиканың өндірістік мүмкіндіктері және таңдау қажеттілігі. Қоғамдық өндіріс құрылымы. Өндіріс және ұдайы өндіріс.Өндіріс тиімділігі.Экономикалық қажеттіліктер түрлері,олардың өндіріспен өзара байланысы. Экономикалық ресурстар және олардың шаруашылық процестегі ролі. Қоғамның өндірістік мүмкіндіктері.

Тақырып 3. Меншік қатынастары.Тауарлы өндіріс.

Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.Меншік формалары,ҚР-да меншік қатынастарының дамуы,қайта құрылуы. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары.Тауарлы өндіріс. Еңбек құнының теориясы, құн заңы.Баға. Ақшаның пайда болуы, мәні және функциялары.

Меншік құқығының экономикалық теориясы. Мемлекет иелігінен алу және ҚР-дағы жекешелендіру. Тауарлы және натуралды шаруашылық. Құнның енбек теориясы. Ақшаның пайда болуы, мәні және функциялары.

Тақырып 4. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.

Нарық түсінігі, нарық түрлері,нарық инфрақұрылымы. . Нарық функциялары,нарықтық экономиканың артықшылықтары және кемшіліктері. Сұраныс және ұсыныс,сұраныс және ұсыныс заңдары, сұраныс және ұсыныс қисықтары.Нарықтық тепе-тендік. Сұраныс және ұсыныс икемділігі.

Шаруашылықтың нарықтық жүйесінің пайда болу шарттары.Нарықтың негізгі теориялық сипаттамалары. Нарықтық механизмнің негізгі элементтері.Нарық инфрақұрылымы. Нарық функциялары,нарықтық экономиканың артықшылықтары және кемшіліктері

Тақырып 5. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму эволюциясы.

Қоғам дамуы кезеңділігіне негізгі көзқарастар. Индустриалды қоғамға дейінгі қоғам.. Индустриалды қоғам.Постиндустриалды экономика

Тақырып 6.Өндіріс теориясы.Капитал айналымы және қайта айналымы.

Фирма қызметінің ішкі және сыртқы факторлары.Өндірістік функция.Жалпы,орташа,шекті өнім.Кемитін шекті өнімділік заңы.

Капитал айналымы және қайта айналымы,негізгі капиталдың тозуы және амортизациясы. Инвестициялар,құрылымы және олардың түрлері.

Өндірістік функция,өндіріс факторларының өнімділік көрсеткіштері. Кемитін шекті өнімділік заңы. Шекті,орташа, жалпы өнімді есептеу. Өндіріс.Өндіріс факторлары Өндірістік функция. Кемитін шекті өнімділік заңы Капитал айналымы және қайта айналымы. Инвестициялар,құрылымы және олардың түрлері.

Тақырып 7.Кәсіпорын табысы және шығындары

Өндіріс шығындары және олардың түрлері. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде фирма қызметі. Фирма табысы және пайдасы.Өндіріс шығындары, жалпы,орташа және шекті шығындар, оларды есептеу. Фирма табысы және пайдасы.Жалпы,орташа және шекті табысты есептеу, бухгалтерлік және экономикалық пайда. Шығындарды азайту,өндіруші тепе-тендігі. Пайданы көбейту және шығындарды минимизациялау.

Тақырып 8.Өндіріс факторларының нарықтары

Нарықтық баға және өндіріс факторының шекті өнімі..Жер ресурстарының нарығы және жер рентасы. Енбек нарығы және енбекақы.Қарыздық құралдар,олардың ұсынысы және несиелік процент. Пайда кәсіпкердің факторлы табысы ретінде.Факторлы табыстардың пайда болуының және функционалды бөлістірудің теориялық негіздері . Өндіріс факторларына сұраныс. Факторлық табыс,нарықтық баға және шекті өнім түсініктерінің өзара байланысы.Процентті,рентаны,пайданы есептеу. Жер ресурстарының нарығы және жер рентасы,рента түрлері Енбек нарығы және енбекақы.Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Несиелік капитал нарығы және процент.

Тақырып 9.Ұлттық экономика:нәтижелер және оларды өлшеу

Ұлттық экономиканың құрылымы.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.Ұлттық есептер жүйесі.ЖҰӨ есептеу әдістері.

Қоғамдық ахуал.Ұлттық экономика жүйе ретінде. Жалпы ұлттық өнім, оны есептеу әдістері.Ұлттық есептер жүйесі. ЖҰӨ,ұлттық табысты,таза ұлттық өнімді есептеу. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, Ұлттық есептер жүйесі. ЖҰӨ есептеу әдістері.Елдің әлеуметтік-экономикалық даму денгейін сипаттайтын көрсеткіштер,қоғамдық ахуал.

Тақырып 10.Макроэкономикалық тепе-тендік.Жұмыссыздық және инфляция

Макроэкономикалық тепе-тендік теориялары. Тұтыну,жинақ және инвестициялар. Мультипликатор және акселератор механизмі.Жұмыссыздық.Формалары,себептері,көрсеткіштері. Инфляция.Түрлері,себептері,нәтижелері.Филлипс қисығы.Инфляцияға қарсы саясат.Жалпы,нақты,жартылай тепе-тендік.Вальрас және Патинкин модельдері. Тұтыну және жинақтың Кейнсиандық талдауы.Мультипликатор эффектісі.Жұмыссыздық және оның формалары.ҚР-дағы жұмыссыздық. Инфляция түсінігі және түрлері.ҚР-да инфляция денгейі. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы.

Тақырып 11. Экономиканың циклдық ауытқулары және экономикалық өсу

Экономикалық цикл және оның фазалары. Қысқа мерзімді,орта мерзімді, ұзақ мерзімді циклдар.Құрылымдық кризистер. Экономикалық өсу және оны өлшеу,түрлері және факторлары. Экономикалық өсу модельдері. Циклдық ауытқулардың себептері,экономикалық цикл фазалары. Аграрлық және құрылымдық кризистер. Экономикалық өсу және оны өлшеу.Экономикалық өсу типтері және факторлары. Экономикалық өсу модельдері. Экономикалық цикл теориялары. Орта мерзімді экономикалық циклдар және олардың фазалары. Экономикалық өсу және оны өлшеу,түрлері және факторлары.

Экономикалық өсудің теориялық модельдері.Нарықтық экономикада мемлекттің ролі.

Тақырып 12. Нарықтық экономикадағы мемлекет.Ақша-несие саясаты

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің функциялары. Ақша жүйелерінің түсінігі және түрлері.Ақша сұранысы және ұсынысы.Ақша нарығындағы тепе-тендік. Ақшаның сандық теориясы,ақша айналымының заңы. Несие мәні, формалары.Несие жүйесінің функциялары. Ақша жүйесінің түсінігі және түрлері. Ақша ұсынысы.Банк мультипликаторы. Сұраныс.Ақшаға сұраныс концепциясы. Несие мәні және формалары. ҚР-дағы несие жүйесі.

Тақырып 13. Қаржы жүйесі

Қаржы жүйесінің мәні және құрылымы.Мемлекеттік бюджет, бюджет тапшылығы. Ішкі және сыртқы қарыз, олардың ел экономикасына әсері. Мемлекеттің бюджет саясаты. Қаржы жүйесі және оның тармақтары.Мемлекеттік бюджет,шығындар,мемлекеттік шығындар мультипликаторы.Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Мемлекеттің бюджет саясаты.Мемлекттік бюджет,құрылымы, мемлекеттік шығындар мультипликаторы.Салық жүйесі;салық түрлері.Лаффер қисығы.

Бюджет тапшылығы,ішкі және сыртқы қарыз,бюджеттік саясат.

Тақырып 14.Макроэкономикалық саясат және оның модельдері

Кейнс моделі.Консервативті емес модель және монетаризм моделі.Ұсыныс экономикасының концепциясы. Рационалды күтімдер теориясы. Кейнс моделі.Монетаризм. Ұсыныс экономикасының концепциясы. Рационалды күтімдер теориясы.

Тақырып 15.Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті негіздері

Экономиканың интернационализациясы.Дүниежүзілік шаруашылық және оның сипаттамасы. Мемлекеттердің экономикалық интеграциясы.Экономикалық дамудың ғаламдық проблемалары. Дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі сипаттамасы,халықаралық енбек бөлінісі.Халықаралық нарық және халықаралық сауда. Халықаралық капитал миграциясы. Халықаралық валюталық жүйе.