Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_ek_teoria_TsDO.doc
Скачиваний:
103
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Тақырып: Ақша қатынастары және ақша жүйесі

Адамның қоғамдағы орны, оның тұрмыс жағдайы, мемлекет аралық қатынастарда және мемлекет ішіндегі басқа адамдармен арасындағы қатынастарда тікелей немесе жанама түрде ақшамен байланысты болады. Сондықтан, ақша мәселесі, оның қоғамдағы ролі әрқашанда ғалымдардың назарында болған. Қазіргі кезеңде ақшаның пайда болуы екі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі рационалистік, бұл бағыттың өкілдері ақшаның пайда болуын адамдар арасындағы келісімнің нәтижесінің жемісі деп көрсетсе, ал екіншілері ақшаның пайда болуын эволюциялық тұрғыдан қарастырады, яғни олардың пікірінше, ақша тауар айырбасы мен тауар өндірісінің бірте-бірте дамуының нәтижесі деп көрсетеді.

Экономикалық теория ақшаның пайда болуын зерттеуде осы эволюциялық концепцияны басшылыққа алады.

Бұл концепция бойынша, ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуна байланысты. Қоғам құрылымының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды және ақшаның көмегінсіз жүзеге асырылады. Бұндай айырбас біраз қиыншылықтарды туғызады. Осы кезеңге айырбастың жәй немесе кездейсоқ формасы сай келеді, мұнда бір тауар өзінің құнын екінші тауар арқылы бейнелейді. Ал осы екінші тауар бірінші тауардың құнын анықтай отырып, оған бірдей құн ретінде қарсы тұрады немесе мұны эквивалентті құн формасы деп атайды. Эквивалент деп басқа тауарлардың құнын бейнелей алатын тауарды айтамыз.

Өндіргіш күштердің дамумен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен байланысты тауар айырбасы енді тұрақты құбылысқа айналды, кеңінен жайыла бастады. Нарықта тауарлар көбейе түсті. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды, яғни жалпы эквивалент ролін бірнеше тауарлар атқара бастады. Бұл айырбас процесін қиындатты.

Қоғамдық өндірістің дому барысында көптеген тауарлардың ішінен біреу бөлініп шықты, мысалы аңның терісі. Оған барлық тауарлар айырбасталатын болды. Сөйтіп, жалпы эквивалент ролін бір тауар атқарды. Олар әр елде әр түрлі болды. Егер егіншілікпен шұғылданатын тайпаларда ол бидай болса, малшыларда-мал болды, ал теңіз және өзендердің жағаларын мекендейтін елдерде ұлудың қабыршағы болды.Осыған байланысты, өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуының нәтижесінде жалпы эквивалент ролін әр елде әр түрлі тауарлардың орнына бір ғана тауар, яғни ақшалық тауар атқаратын болды. Сөйтіп айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар- ақшаның бөлініп шығуына жеткізді. Сонымен, ақшаға мынадай анықтама беруге болады. Ақша дегеніміз жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.

Тауар қатынастарының дамуының нәтижесінде айырбас сферасында ақшаның ролін асыл металдар- алтын мен күміс атқаратын болды. Себебі, жалпы эквивалент ролі осы асыл металдарға көшуі, олардың табиғи қасиеттерімен, яғни сандық бөлінуінің, сапалық жағынан біртектілігімен, қолайлығымен, ұзақ уақыт сақталатындығымен байланыс ты болды . Есептеу бірлігі ретінде олардың салмағы негізге алынды. Бұл, әрине, басқа тауар- эквиваленттеріне есептеу, санауға қарағанда, әрі қолайлы, әрі тиімді болды.

Кездесетін металл және оны өндіру өте көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан, оны құны жоғары болады және осығпн байланысты басқа тауарлардың құнын бейнелей алатын тауар айналысының маңызды элементіне айналды. Алтынның ақша ретіндегі ерекшелігі тікелей жалпы айырбасталу формасына не болуынан көрінеді.

Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен айқын және толық көрінеді. Ақшаның металдық теориясынан өкілдері ақшаның үш қызметін көрсетті: құн өлшеуші, қазына жинауқұралы және дүниежүзілік ақша. К. Маркс ақша теориясын дамыту негізінде, оның бес қызметін қарастырады: құн өлшеуші, тауар айналысының құралы, қазына жинау құралы және дүние жүзілік ақша.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде ақшаның үш қызметіне ғана көңіл бөлінеді. Олар мыналар: айналыс құралы, құн өлшеуші және қор жинау құралы.

Ақшаның пайда болуымен байланысты жалпы тауар фйналысын Т-А-Т моделі түрінде көрсетуге болады. Бұл процесте ақша делдалдық ролін және айырбас құралы қызметін атқарады. Бұл моделдегі ақшаның қозғалысын екі актіге бөлуге болады: сату Т-А және сатыфп алу А-Т. Тауар айырбасында сатып алу миен сату бір уақыт болуы керек, егер осы процестің бір актісі баяуласа немесе тоқтап қалса, онда экономикада дағдарыс болуы мүмкін.

Ақша айырбас құралы қызметін атқару үшін нақты ақша қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі. Бүл жағдайда ақша сатып алушылар мен сатушылар қолына ұзақ тұрмайды, қолдан – қолға көшіп отырады.

Ақша айналыс құралы ретінде айналыс зағы негізінде анықталады, оны былай деп тұжырымдауға болады:

, мұндағы

АК – айналысқа керекті ақша саны;

БС – тауарладың бағаларының сомасы;

АС – ақша айналымының саны

Қазіргі барлық елдерде тауар айналасында қағаз ақшалар қолданады. Егер мемлекет айналыс сферасына оған қажетті ақша санынан көп қағаз ақша шығарса, онда қағаз ақша құнсызданады, инфляция пайда болады, яғни ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді

Қазіргі экономикалық теорияда баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігін анықтау үшін американ экономисі Фишер И. Ұсынған математикалық формула пайдаланылады:

М х V =Р х Q, мұндағы

М – ақша массасы;

V – ақша айналымының жылдамдығы;

Q – айналыстағы тауарлар саны;

P – тауарлар бағаларының деңгейі;

Осы формула бойынша айналыстағы ақшаның санын мына қатынас арқылы есептеуге болады:

Тауарлар бағаларының деңгейін мына формула арқылы анықтауға болады:

Ал ақша айналымының жылдамдығын төмендегі формуламен анықтаймыз:

Ақшаның айырбас құралы қызметін қарастыру барысында мына жағдайға назар аудару керек.

Егер сатушы немесе тауар өндіруші тауардан өндіруші тауардан алынған ақшаны жұмсамаса, онда айналым процесі үзіліп қалады. Ақша дербес қозғалысқа ие болады да айналыс сферасынан тыс шығып қазына жинау қоры қызметін атқара бастайды. Ақшаның бұл қызметін толық бағалы (алтын және күміс) ақшалар ғана атқара алады. Қазына жинау алтын кесек, алтын монеталар, алтын немесе күмістен жасалған зергелік бұйымдар түрінде қорланады. Ал қағаз ақшалар ақшаның бұл қызметін атқара алмайды.

Ақшаның қор жинау немесе қазына жинау қызметі ақша айналысын реттеуде маңызды рөл атқарады: тауар айналысы азайғанда ақшаның кейбір бөліктері қазынаға айналады, ал тауар айналысы жандану кезеңінде қазына айналыс құралына қайта айналады – осылай қозғалыстар арқылы ақшаның қазыналық жинау қызметі айналыстағы тауарлар және ақша көлемінің тепе – теңдігін реттеп отырады.

Қазіргі экономист – ғалымдардың назарында ақшаның тағы бір қызметі ол құн өлшеуші қызметі. Мұнда ақшаның жалпылама эквивалент ролі тікелей көрінеді. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. Ал тауар құнының ақшалай көрінісі баға болып табылады. Тауардың бағасын анықтау үшін қолма – қол ақшаның қажеті жоқ, оны ойда топшыланған ақша атқара алады. Әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды (бағаларды) бірдей өлшемге келтіру керек, яғни бір масштабқа түйістіру керек. Баға масштабы дегеніміз барлық тауарлардың бағасын өлшеу үшін және белгілі бір елде ақша өлшемі етіп алынған алтынның белгілі салмақ мөлшері.

Тақырып: Қазақстан Республикасында меншік қатынастарын қайта құрудың негізгі бағыттары

Өткен тарихымыз көрсетіп отырғандай, өндіріс құрал-жабдықтарын жеке меншіктен мемлекет иелігінен алу (национализациялау) процестері айтарлықтай оң нәтиже бермеді.Өндірушілер өндіріс құрал-жабдықтарына иелік етудің орнына олар алшақтанып қалды. Срның салдарынан өндіріс ресурстарын тиіміз пайдалануы, тауар өндрісі монополиялануы, өндірушілердің тұтынушыларға үстемдігінің өсуі, алыпсатарлық, арқа сүйеушілік, арамтамақтық орын алады.

Мемлекеттік меншікті мемлекет иелелігінен алу деп мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылығын басқару қызметін тікелей шаруашылық субъектілеріне беру негізінде қайта құруды айтамыз.

Жекешелендіру- бұл мемлекеттен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншітің объектілерін немесе акционерлік қоғамдардың акцияларын ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру мемлекеттің экономикада билігін шектеу болып табылады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің түбегейлі айырмашылығы мынада: егер жекешелендіру процесінде мемлекеттік меншіктің субъектісі міндетті түрде өзгерсе, мемлекет иелігінен алу процесі олай болмайды.

Жекешелендіру, дүние жүзі экономикасына тән процесс. Оның негізгі мақсаты екі мәселені шешуге бағытталған:

  1. бюджет тапшылығын кеміту;

  2. ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру;

Қазақстан Республикасы дүние жүзілік тәжірибені ескере отырып, 1991 жылы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процестерін бастады. Бұл процестер төрт кезеңді қамтыды.

Жекешелендіру мен мемлекет елігінен алу процестерінің I кезеңі 1991-1992 жылдар аралығын қамтыды. Бұл кезеңде Республикада жекешелендіру процестерінің алғы шарттары және бағдарламасы жасалады.Бұл бағдарлама бойынша мемлекеттік кәсіпорындар жеңілдетілген талаптармен еңбек ұжымдарына берілді, ал сауда және қызмет көрсету объектілері сату негзінде жекешелендірілді.

Жекешелендірудің II кезеңі (1993-1995 ж.ж.) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 наурыз айындағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты- орталықтанған- жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға қажетті жағдайлар жасаудың және мемлекеттің иелігіндегі өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді ақылы немесе ақысыз негізінде республика халқына қайтаруды көздеген.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі негізгі міндеттерді орындау көзделген:

  • мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу арқылы нарыққа бағытталған шаруашылық құрылымдарын қалыптастыру, мемлекет меншігінің шағын объектілерін жекешелендіруді, қалың бұқара топтарының жекешелендіру процестеріне қатысуларына жағдай жасайды;

  • тиімді шаруашылық субъектілері ретінде жеке меншік иелері қалыптастыруды;

  • шағын және орта бизнесті дамытуды және т.б.

Бағдарламада мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің келесі негізгі бағыттары анықталған:

  • ірі және бірегей мүлік кешендірін жеке жобалар бойынша жекешелендіру;

  • жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететн орташа кәсіпорындардың көпшілігін инвестициялық жекешелендіру купондары арқылы жаппай жекешелендіру;

  • 200-ге жуық жұмысшылар бар кәсіпорындарды, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамқтандыру, коммуналдық шаруашылық, бөлшек сауда шағын кәсіпорындарын жекешелендіру;

  • Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды жекешелендіру.

1996 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру туралы ІІІ бағдарлама қабылданды.Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мына шараларды өткізуді көздеді:

  • Жартылай жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік акциялар пакетін, сондай-ақ, шағын жекешелендіру шеңберінде ІІ кезеңде сатылмай қалған объектілерді жекешелендіруді (ақшаға сату арқылы) аяқтау;

  • Жеке жоболар бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыру;

  • Бұрын жекешелендірілмеген кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне енгізу;

  • Экономиканың кейбір секторларын жекешелендіру жоспарларын жасау және жүзеге асыру жолдарын қарастыру;

  • Шетел капиталының қатысуын ұлғайтуды.

Жаңа бағдарламаның негізгі бағыты жеке жоба арқылы жекешелендіру:

  • Жеке иевесторларға келісілген шарттар негізінде сатуды;

  • Аукцион және конкурс негізінде сатуды;

  • Басқару туралы келісім-шарт жасауды;

  • Акцияларды ашық түрде сатуды көздеді.

ІV кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 1-маусымдағы 683-қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудің тиімділігін арттыру туралы» бағдарлрмасына сәйкес жүзеге асырылды.

1991-2000 жылдары Республикада 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілері, соның ішінде 1991-1992 ж.ж. 6,2 мың объектілері ресей рубліне жекешелендірілсе, 28 мың 1993-2000 ж.ж. аралығында ұлттық валютаға сатылды.Осы кезеңде жекешелендіруден 215,4 млрд. теңге алынды.