Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_ek_teoria_TsDO.doc
Скачиваний:
103
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Тақырып: Бәсекелестік және монополия

Нарықтық экономикада шаруашылықтың барлық субъектілері пайданың ең жоғарғы деңгейіне жету үшін бәсекелестік қатынаста болады. Яғни, нарықтың экономика бәсекені міндетті түрде қажет етеді. Бәсеке деп – шаруашылық субъектілері арасындағы тауарларды сату немесе сатып алу, үстеме пайда және өндірістің жақсы жағдайы үшін күрес болып табылады.мұндай күрес төмендегі объективті жағдайлардан туындайды: әр өндеушінің толық шаруашылық оқшаулануынан, оның нарық тәуелділігі, тұтынушылардың сұранысы үшін күресте басқа таур өндірушілерге қарсы тұруы.

Бәсеке жағдайында тұтынушының қажеттілігін толық қанағаттандыру негізінде өндірілген тауардың сатылуына мүмкіндік туады.

Тұтынушы үшін күрес – нарықтағы үлес үшін күрес, ал ол – тауардың арзандығы мен сапасына байланысты болады. Бұл жағдайда тұтынушы шаруашылық іс-әрекетіне ықпал ете алатын нарық маңызды субъектісіне айналады. Бәсеке нарық механизімінің қажетті және маңызды элементі ретінде өнімдерді өндіру және өткізу барысында өзара байланысты қамтиды.

Бәсекенің негізгі формалары: жетілген және жетілмеген болып бөлінеді. өз кезегінде бәсекенң үш түрі бар:

1. монополистік бәсеке;

2. олигополия;

3. таза монополия;

Олар осы бәсекелесу нарығында алатын орнына байланысты ажыратылады.

Бәсекелестік күрестің түрлері мен нарықтағы мщделінің сипаттамалық негіздері мына кестеде көрсетілген.

Нарық модельдері

Фирмалардың саны мен көлемі

Өнім түрі

Фирмалардың нарыққа кіру және шығу шарттары

Таза бәсеке

Көптеген ұсақ фирмалар

Бір тектес өнім

өте жеңіл кедергілер жоқ

Монополиялық бәсеке

Көптеген ұсақ фирмалар

әр тектес өнім

өте жеңіл

Олигополия

Фирма саны аз, ірі фирмалар да бар

әр түрлі немесе бір тектес өнім

Елеулі кедергілер бар

Таза Монополия

Бір ғана фирмалар

өте смрек кездесетін өнім

Бұзып кіруге болмайтын кедергілер

Көрсетілген сипаттамада нарық құрлымының жиі тараған мщдуліне монополистік бәсеке және олигопология, сондай-ақ еркін және таза монополия да кіреді, бірақ олар өте сирек кездеседі. Енді бәсеке жеке меншікке және тауар өндірушілердің оқшалауына негізделген келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

  • нарықтың автономиясымен. Сұраныс пен ұсыныс деңгейінде көптеген экономикалық субъектілер әрекет етеді.олардың біреуі де өндіріске де, бағаға да айтарлықтай әсер ете алмайды.

  • өнімнің бірыңғайлылығымен. Сатушылардың көпшілігі сатып алушыларға (тұтынушыларға) стандартты, біртекті өнім ұсынады.

  • Бағаны қалыптастырумен. Осындай нарықта, баға сұраныс пен ұсыныс арқылы стихиялы түрде қалыптасады. Еркін бәсеке кезінде баға тұрақсыздыққа ұшырайды. Мысалы, қыс және жаз айларындағы сусындар бағаларының айырмашылығы, жеке өндірушілер іс-әрекетінің нәтижесі емес, сұраныс пен ұсыныс заңдылығының нәтижесі болып табылады.

  • Информацияны алу еркін болуымен. Нарық қатынастарының барлық мүшелері нарық жағдайы туралы хабарларды еркін түрде ала алады. Әрбір сатушы жән сатып алушы баға, тауардың сапасы,нарықтағы шығындар және сатып алушы баға, тауардың сапасы, нарықтағы шығындар және ұсыныс туралытолық және дұрыс хабар ала алады.

  • Нарыққа еркін кіру және шығуымен. өндіруші фирмалар мұндай нарыққа еркін түрде кіріп тауар өндіре алады немесе өз еркімен шығуына болады. Егер кім де кім өндірісте қандай да бір өнімді қалпына келтіру керек болса, онда мұны жасауға кедергісіз мүмкіншілігі бар. Белгілі бір саланы құрайтын фирмалар бәсеке фирмалардың пайда борлуына қарсы тұра алмайды. Мұндай талапқа бүгінгі күні кейбір нарықтар ғана сай келеді. Мысалы: Нью-Йорктағы немесе Лондондағы биржалар, яғни құнды қағаз нарығы.

Осы құнды қағаздар нарығы еркін бәсекенің шарттарына сай келеді және төмендегідей сипатталады.

  • құнды қағаздарыды сатып алушылар мен сатушылардың көп болуы;

  • жекелеген фирмалардың құнды қағаздарының біркелкілігі мен бірін-бірі ауыстыра алатындығы;

  • нарық мүшелерінің барлық информацияларды еркін ала алтындығы;

  • құнды қағаздардың бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде құрылуы;

еркін бәсеке дамыған елдердің экономикасында XIX ғ орта алған. Екінші жартысында және ХХ ғ. Басында ірі кәсіпорындар мен бірлестіктер пайда бола бастады. Мемлекеттің нарыққа әсер етуі жандана түсті. Осы жағдайларға байланысты жетілмеген бәсеке пайда болды. Жетілмеген бәсекеден айырмашылығы оның іс-әрекетін мемлекеттің шектеуі. Сол себептен, нарыққа үстемдік ете отырып, ол өнімді өткізуге үлкен әсерін тигізеді.

Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар. Олардың біреуі монополиялық бәсеке мұнда нарықта көптеген өндірушілер ұқсас, бірақ біртекті емес өнімдерді ұсынады. Орнын толықтырушы өнімдерін бір – бірнен сапа жағынан, сыртқы пішінін көркемдеуі, сату жағдайына қарай ажыратылады. Айталық, пепси-кола және кока-кола бірдей бағамен сатылуы мүмкін. Бірақ, сатып алушының бір тобы бірінші сусынның екінші сусынды қалауы мүмкін. Осылайша фирмалар баға арқылы ғана емес, диференциалданған өнімдерді сату негізінде бәсеке күресін жүргізеді.сондықтан әрбір фирма баға жөнінен ғана емес дифференциялданған өнімді сату арқылы да бәсекелесе алады.

Монополиялық бәсекенің тағы бір ерекшелігі – нарыққа жеңіл кіруі, бірақ ол фирманың патенті мен тауар белгісіне авторлық құқыпен шектелуі мүмкін. Фирмалар монополистік бәсеке нарығына алғашқы капиталдары аз болса да кіре алады. Себебі, мұндай нарықта негізінен ұсақ және орташа фирмалар жұмыс атқарады.

Жетілмеген бәсекелестіктің келесі түрі- олигопология. Олигопология – бірнеше ірі фирмалар үстемдік ететін нарық. Олар осы нарықтың едәуір үлесіне ие болады. Мысал ретіндегі автомобиль өнеркәсібіндегі АҚШ-тың үш фирмасын «Дженаралс Моторс», «Форд», «Крайслер» келтіруге болады. Олигополиялық нарыққа кіру бірнеше кедергілермен шектеледі. Сондай кедергілердің бірі- осы нарыққа кіру үшін алғашқы капитал мөлшері өте қомақты борлуы керек.

Келесі кедергі – патенттік арқалы қорғау. Қазіргі технологиясы жоғарғы салардың өнімдерін патентпен қорғалған. Нарыққа кіру үшін патент иелеріне технологияны өз өндірісінде пайдалану үшін ақша төлеу керек немесе өз технологиясын жетілдіруі қажет.

Баға арқылы жетекшілік ету дегеніміз алдынғы қатардағы бір фирма өз бағасын белгілейді, ал қалған олигополистер соған ілеседі. Бірнеше фирмалардың арасында баға мен нарықты өзара бөлісуі жөніндегі келісім жабық түрде жүргізіледі.

Олигополиялық нарықта әр түрлі тауар өндіріледі. өнім түрлеріне байланысты олигополия: таза және дифференциялды болып бөлінеді. Таза олигополия біртектес тауарды, мысалы цемент , газ, мұнай , шойын, рудалар шығаруымен айналысады.