Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_ek_teoria_TsDO.doc
Скачиваний:
103
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Тақырып: Қоғамдық өндіріс негіздері

Әрбір қоғамда адам қажеттіліктері шектеусіз, ал оларды қанағаттандыратын экономикалық игіліктер немесе ресурстар шектеулі . Экономикалық теория ғылымы шектеусіз адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үшін шектеулі ресурстарды қалай орналастырып жеткізу керектігін зерттейтін ғылым.Экономикалық теорияда қарастырылатын, зерттелетін құбылыстар мәні экономикалық категориялар мен экономикалық заңдар арқылы бейнеленеді.

Экономикалық категориялар- экономикалық құбылыстардың мәнді жақтарын көрсететін түсініктер. Экономикалық заң- экономикалық құбылыстар арасындағы қайталанатын үздіксіз байланыс.

Қоғамдық өндірістің алғы нысаны натуралды шаруашылық. Натуралды шаруашылықта еңбек өнімдері өндірушілердің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тұтынуға тікелей бөлу арқылы түсіп отырады.

Өндірістің натуралды формасы бүкіл экономикалық процестерді қатты тежейді, сыртқы байланыстарға жол бермейді, сондай-ақ натуралды шаруашылық тұйық, тұрақты, әрі өсуі өте баяу процесс. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе дамушы елдерде орын алуда.

Жалпы алғанда, натуралды шаруашылық тауарлы шаруашылықпен қатар дамыды. Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі және натуралды шаруашылыққа тұп-тура қарама-қарсы. Тауар өндірісі деп отырғанымыз, қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір формасы ретінде, адамдардың экономикалық қатынастары нарық арқылы, еңбек өнімдерін сатып алу-сату арқылы көрінетін процесс. Тауарлы өндіріс дегеніміз өнімді өндірушінің тікелей өзі тұтыну үшін емес, нарыққа шығарып сат үшін өніретін өндірісті айтамыз.

Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген тауарлы шаруашылықтың даму сипаты- нарықтың дамуына байланысты .

Нарықтың мынадай үлгілерін атап өтуге болады, олар: дамымаған, дамыған, реттелетін, деформацияланған. Әр нарық үлгісіне тауарлы шаруашылықтың ерекше үлгісі сәйкес келеді: дамымаған тауарлы шаруашылы, дамыған нарықтың тауарлы шаруашылығы, реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығы, деформацияланған нарықтың тауарлы шаруашылығы.

  1. Дамымаған нарықтың тауарлы шаруашылығында тауар өндірушілер өз меншігіндегі өндіріс құал-жабдығымен өзі еңбек етеді, өндірілген өнімдер өндірушілердің иелігінде болады, тауар өндірушілер өндірген тауардың бәрін сатпайды, тек бір бөлігін ғана сатады, яғни тауар шаруашылығы жалпылама сипат алмайды.

  2. Дамыған нарықтың тауарлы шаруашылығы жалпылама сипат алады, оған келесі құбылыстар тән:

  • адамның жұмыс күшінің тауарға айналып кетуі;

  • өндірісте жалдамалы жұмысшылардың еңбек етуі;

  • өндірілген өнімнің басым бөлігінің нарық арқылы сатуға арналуы.

Бұл кезеңдегі тауарлы шаруашылықтың еркін бәсекенің дамуымен сипатталатындықтан, оны еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе «еркін экономика» деп атайды.

  1. Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығы экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалары жатады.Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығының бірнеше модельдері бар:

-әлеуметтік нарықтық шаруашылық;

- аралас экономика;

- корпоративтік экономика.

  1. Деформацияланған нарықтың тауарлы шаруашылығы әкімшіл-әміршіл экономикаға тән. Тауарлы шаруашылықтың бұл моделі қоғамдық еңбек бөлінісін, машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатыастарды басып тастау құбылыстарымен сипатталады.

Тауарлы шаруашылықтың даму кезеңдеріне жасалған қысқаша шолу тауарлы шаруашылық пен нарықтық экономика арасында абсолюттік теңдіктің жоқ екендігі жөнінде қорыиынды жасауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономиканың негізгі тауарлы шаруашылық екендігі даусыз.