Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_ek_teoria_TsDO.doc
Скачиваний:
103
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Тақырып: Нарықтық экономикадағы мемлекет.Ақша-несие жүйесі. Қаржы жүйесі.Мемлекеттің бюджет саясаты.

Нарықтық экономикада ақша аса маңызды роль атқарады. Ақша айналысы деп тауарларды өткізуді, сондай-ақ қарыз капиталын қамтамасыз ететін ақша қозғалысын айтамыз.

Қазіргі кезде дүние жүзінде ақша айналысының әртүрлі жүйелері қалыптасқан. Олар әр мемлекеттің заңдарында бекітілген.

Ақша массасы – ұлттық экономикада қызмет көрсету мен тауар айналысын қамтамасыз ететін қолма-қол және онсыз жүргізілетін төлем құралдарының жиынтығы болып табылады.

Қызметтері:

  • қор жинау;

  • төлем;

  • айналыс құралдары.

Несие экономикалық категория ретіндекәсіпкерлердің, қоғамдық ұйымдардың, бюджеттің уақытша бос ақшаларын бір жерге шоғырландыру арқылы қайтарым, мерзімдік және ақылық принциптер негізінде пайдалану процесінде пайда болатын экономикалық процестерді білдіреді.

Мемлекеттік бюджет: мәні және құрылымы. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.

Қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы маңызды рөл атқарады. Ол экономиканың жалпы жағдайын бейнелейтін барометр. Мемлекеттік қаржының көмегімен қоғам жалпы ұлттық өнімді бөлуді және қайта бөлуді жүзеге асырады. Мемлекеттік қаржы жүйесінің негізгі буыны – мемлекеттік бюджет болып табылады.

Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаржы мемлекеттік аппаратты,қарулы күштері қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтері атқаруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекет, бюджет арқылы экономикалық процестері, шаруашылық коньюктураға ықпал етуді, дағдарысқа шараларды жүзеге асырады.

Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның экономикалық – әлеуметтік құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджеттік құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты.Уритарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден –мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады.Ал федеративтік құрылымы бар мемлекеттердің бюджеттері тағы бір буынмен: штат (АҚШ) немесе жерлердің (ГФР) бюджеттерімен толықтырылады.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік шығысы мен кірісінің жылдық жоспары болып табылады.

Кіріс жағында бюджетке түсетін қаржылардың негізгі көздері, шығыс жағында оларды пайдалану бағыттары көрсетіледі.

Мемлекеттік бюджеттің кіріс қосымша құнға салынатынсалықтар, акциздер,заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, бонустар,роялти, рента төлемдері, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін салықтар және т.б.

Мемлекеттік бюджет шығындарының басым көпшілігі өндірісті дамытуға, тау-кен өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібіне, құрлысқа, сондай-ақ мәдени, рухани-тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Мемлекеттік бюджеттің шығындары мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекеттік басқару шығындары, мемлекеттік шарушылық жұмыстардың шығындары,әлеуметтік, экономикалық мақсаттардың шығындары, сыртқы экономикалық шығындар және т.б.

Мемлекет мемлекеттік шығындарды экономика тепе-теңдікті орнықтыруға кеңінен қолданады. Мемлекет өз шығындарын көбейту негізінде, біріншіден, жиынтық сұранысты ұлғайта алады, екіншіден, өндірісті ынталандыра алады,үшіншіден, халық шаруашылығының кейбір салаларын (ғылымды, білімді, қоршаған ортаны қорғауды және т.б.) жедел дамуына тиісті жағдай жасай алады.Сонымен қатар мемлекеттік шығындарға мультипликациялық (көбейту) тиімділік қабылеті тән, яғни көбейту тиімділігі, себебі, бұл жағдайда мемлекеттің шығындарының өсуі жалпы ұлттық өнімнің көлемінің өсуін қамтамасыз етеді.Мысалы, жол құрылысына мемлекеттік инвестиция өссе, ол жол құрлысымен қатар асфальт өндіруді, сондай-ақ шикізатты өндіруді және тағы басқа салалары да өсіреді.

Мемлекеттік бюджетті орындау барысында, оның шығындары толық өтелуі қажет. Бірақ-та практика жүзінде көп жағдайда олай болмайды. Себебі, қазір мемлекеттердің көпшілігінде бюджеттің шығысы кірісінен артып кету орын алуда. Оның нәтижесі бюджет тапшылығы болып табылады.

Бюджеттік тапшылығының негізгі себептері қандай?

Бюджет тапшылығының негізгі себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Экономикалық дағдарыс жағдайында табыстың төмендеуі және ұлттық табыстың өсуінің азаюы;

  • Мемлекеттік шығындардың өсуі;

  • Артық ақшаларды көп шығару;

  • «көлеңкелі» экономика көлемінің өсуі;

  • Қорғанысқа кететін шығындардың өсуі

  • Қаржыны заңсыз жұмсау

  • Қаржы-экономикалық саясаттың тұрақсыздығы...

Мемлекеттік бюджет тапшылығын негізінен мына төрт жолдармен шешуге болады;

  1. бюджеттің шығынын азайту;

  2. салықтарды өсіру негізінде бюджеттің кірісін көбейту;

  3. ақша эммиссиясы – ең оңай,бірақ қауіпті жол.Бұл жағдайда тауарлармен қаитамасыз етілмеген ақша массасын шығару,түбінде инфляцияға әкеп соқтырады;

  4. мемлекеттік займ (халықтан,кәсіпорындардан,шет ел мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан).Бірақ бұл шара бюджеттің тапшылығын кеміткенмен мемлекеттік қарызының өсуіне әкеп соғады;

Бюджет тапшылығының артуы мемлекеттің қарыздарын өсіреді.

Мемлекеттік қарыз белгілі бір кезеңде бюджетпрофоцитін шегергеннен кейін қалған бюджет тапшылығының сомасы. Сондықтан, мемлекеттік қарызға талдау жасалмай бюджет тапшылығының қандай көлемі экономикаға қауіпті екендігін анықтау мүмкін емес. Яғни бюджет тапшылығымен мемлекеттік қарыз арасында тығыз байланыс бар.

Мемлекеттік қарыз: сыртқы және ішкі болады.

Сыртқы қарыз – мемлекеттің басқа елдердің жеке азаматтарына, ұйымдарына, өкіметтеріне қарызы. Ішкі мемлекеттік қарыз –мемлекеттің өз ішіндегі кәсіпорынға, ұйымдарға, жеке азаматтарына қарызы.Ішкі қарызға жеке және заңды тұлғалардың алдындағы үкіметтің қарыз міндеттемелері жатады. Қарыз міндеттемелері мынадай формада болуы мүмкін.Өкіметтің атынан шығарылған құнды қағаздардың басқа түрлері. ІШКІ ҚАРЫЗ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА АСА ҚАУІПТІ ЕМЕС.

Ішкі қарыздарды өтеу барысында тауарлар сыртқа кетпейді, бірақ ол ішкі нарықта бірқатар проблемалар туғызады.

Біріншіден,мемлекеттік қарыз бойынша процент төлеу барысында табыстар халық арасында қайта бөлінеді Халықтың бір тобы екінші тобы есебінен болып отырады. Мемлекеттің құнды қағаздарын көп жағдайда бай адамдар сатып ала алады, ал салықтарды азаматтардың бәрі төлейді.

Екіншіден, өкімет қарызды және процентті төлеу үшін салықтарды өсіруі мүмкін, ал ол экономикаға инвестицияның жұмсалуын азайтады. Сонымен қатар,салық ставкаларының өсуі қоғамда әлеуметтік жағдайлары шиеленістіруі мүмкін.

Үшіншіден, мемлекет қарызын өтеу үшін айналысқа мемлекеттің жаңа құнды қағаздарын шығаруды қолданса, онда қарыз процентінің стафкалары өседі,ол негізгі капиталға инвестицичны төмендетеді.

Төртіншіден, ішкі қарыздыңтөлемдігі шетел инвестицияның келуін азайтады және халықтың ертеңгі күнге деген сенбеушілігін туғызады.

Тақырып: Салықтар. Салықтың қызметі. Лаффер қисығы.

өнеркәсібі дамыған елдердің тәжіриебесі көрсетіп отырғандай,салық нарықтық экономиканың дамуының қажетті шарты.Себебі, ірбір мемлекетке ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар –мемлекттің тұрақты қаржы көзі.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.

Осы тұр,ыдан алып қарағанда, салықтардың маңыздылығы олардың мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі болып табылатындығында.

Салықтарға мемлекеттің заңдары негізінде жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті алымдар жатады.Салықтар мемлекеттің қаржы ресурстарын құрудағы заңды және жеке тұлғалардың міндеттерін және экономиканың әртүрлі сфералары арасындағы қаржы ресурстарынқайта бөлуді білдіреді.

Салықтың толық мәнін түсіну үшін олардың экономикалық маңызын білу қажет.Ал бұл оның атқаратын қызметтеріне тікелей қатысты.

Салықтар мынадай негізгі негізгі қызметтер атқарады: фискальдық, реттеушілік, және қайта бөлу қызметі. Бұлармен қатар,салықтардың ынталандыру, бақылау қызметтерін де атауға болады.

Реттеушілік –салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметі арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді.мемлекет салық жеңілділіктері арқылы өсу мен өндіріске инвестицияны тартуды, шағын бизнесті және өндірісті модернизациялауды (өндірісті жаңа техника негізінде жаңартуды) қамтамасыз етеді. Сонымен, салықтың реттеушілік қызметінің ең басты мақсаты-өндірістің дамуына ықпал ету.

Салықтың екінші қызметі –фискальдық-салықтық, бұл кызтеті елдің экономикасын дамыту үшін қажетті қаржы ресурстарымен мемлекетті қамтамсыз етуінен көрінеді. Яғни,салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс т.б шаралардың іске асуын камтамсыз етеді.

Салықтың қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Одан кейін мемлекет бюджетте жиналған салық түсімдерін әртүрлі бағдарламаларды қаржыландыру үшін (ауыл шаруашылықты, ғылымды,әлеуметтік сфераны,қоршаған ортаны қорғау үшін) қайта бөле алады.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Барлық салық түрлері мен оларды жинау әдісі салық жүйесі деп аталады.

Жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы,салықтар және алымдар,салық салу әдістері мен тәсілдері,салық заңдары және салықтарға қатысты актілер, реттеуші органдар мен салықтар қызметтерінің жүйесі салық жүйесін құрайды.Салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғаюына,дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толық іске асырылуына мүмкіндік туғызады.

Салық жүйесінің негізгі элементтеріне: салық стафкасы, салық базасы, салық жеңілдіктері жатады.Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек.Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады.Дүние жүзілік тәжіриебеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Оларды кезінде А.Смит көрсеткен:

  1. салық әр салық төлеушінің табысына қарай алынуы керек.

  2. салық мөлшері мен төлеу уақыты алдын ала белгіленіп қойылуы керек.

  3. әр салық салық төлеушіге ыңғайлы тәсіл арқылы алынуы қажет.

  4. салық салу шығындығы неғұрлым аз болғаны қажет.салық жүйесі мемлекеттің заң актілеріне негізделеді. Олар салықтарды алу және құрудың нақты әдістерін белгілейді. Салықтарды мынадай белгілері бойынша топтастыруға немесе жіктеуге болады:

  • салық салу объектілеріне қарай;

  • салық алу әдістеріне қарай;

  • салықтың мөлшерін анықтау әдісіне қарай;

  • Салықтарды пайдалану тәртібіне қарай;

  1. Салық салу объектісіне қарай табыстар (жалақығы рентаға, табысқа және т.б) және мүлік (жерге,кәсіпорындарға,үйге, пәтерлерге және т.б.) түрлеріне бөлінеді.

  2. Алу әдістеріне қарай салықтар жанама және тікелей болып бөлінеді.Тікелей салық негізінен табысқа салынатын салық болса, жанама салық тұтыну салығы болып табылады. Тікелей салық мемлекеттің жалпы қажеттеріне жұмылдыратын инструмент. Тікелей салық табыстардан тікелей алынатын салық (табыс салығы) немесе мүлік иелерінен алынатын салық(меншікке салық немесе мүлік салығы).

Жанама салықтар тауарлардың бағасының құрамына кіреді және тауарлар сатылғанда тұтынушылардан алынады. Бұл жерде жанама салықтың екі позициясын акциз және баж салығын атап өтуге болады.Акциздер –ішкі нарықта салынатын тауарларға салық.Сонымен қатар,акциздер,біріншіден,жеке тауарлардың бағаларына қосылатын қосылымдар (мысалы темекі өнімдері,ішімдіктерге), екіншіден, универсалды акциздер-сатылатын тауарлардың жалпы құнына салынатын салықтар(мысалы сатудан түсетін салық қосылған құнға салық және т.б)

Баж салығы-мемлекеттік шекарадан өтетін тауарлардан,яғни транзиттік тауарлар мен импорттық тауарлардан алынатын салықтар.

  1. Салықтың мөлшерін анықтау әдісіне қарай, пропорционалды салық мөлшерлі – мүліктің құнына немесе табысын сомасына байланысты емес тұрақты процент стафкалы салықтар жатады. Прогрессифті салықтар мөлшері, салық стафкасыныңі өсуі табыстың өсуімен байланысты болады. Регрессивті салықтар жағдайында табыс өскен сайын салық стафкасы төмендеп отырады.

  2. Пайдалану тәртібіне байланысты салықтар жалпы және арнайы немесе мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекеттің орналықтандырылған қорына немесе мемлекеттік бюджетке түседі. Мақсатты немесе арнайы салықтар белгілі бір нақты бір іс әрекеттерге немесе шараларды жүзеге асыру үшін пайдалынады.

  3. Салықты алатын және иелік ететін мекемелерге қарай салықтар мемлекеттік және жергілікті болып екі топқа бөлінеді. Мемлекеттік салықтарды орталық басқару органдары белгілейді және алып отырады. Жергілікті салықтарды тиісті территориядағы жергілікті басқару органдары реттейді.

Мемлекет салық механизмі арқылы экономикалық өсуді ынталандыра алады. Экономиканың тиімділігің арттыру үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып тұтыну мен инвецтисияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың өсуі үшін қолайлы жағдай жасайды. Бүкіл экономикалық конъюгтураны ынталандырудың басты шараларына, мысалы , 80 жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американың экономисі А.Лаффердің теориясы алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді (Лаффер қисығы деп аталады.) Лаффердің ойынша, корпорациялар табысына шектен тыс салық стафкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми техникалық прогрессті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.

Лаффердің қисығы 1 – суретте көрсетілген. Ордината өсінде салық стафкалары (R), абсциссада бюджеттке түсімдер (Ү) көрсетілген. Салық стафкасы өскенде мемлекет табысы ұлғаяды.

Салық стафкасының қолайлы мөлшерін R1 белгілесек, ал салықты одан әрі көбейту еңбекпен кәсіпкерлік ынтасын төмендетеді. 100% -дық салық салу мемлекеттік табысты 0-ге теңейді, өйткені, ешкімде тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда, салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыс пен қамтуды арттырып жыйыетық табыстың көлемін ұлғайтады.

Нарық қатынастары қанат жайған кезде кәсіпкерлер мен үкіметтің, басқа да қоғамдық ұйымдардың жеке адамдардың өзара экономикалық қатынастары қатаң түрде салық пен төлем арқылы реттеліп отыру қажет. Ол меншіктің көп түрлілігімен де тығыз байланысты.үкімет қаржысын толықтырудың басты жолы – салық жүйесі. Айталық, 1989 ж бұрынғы КСРО-ның табысы құрамындағы тікелей және жанама салықтың үлесі 70% астам болса, Францияда ол да 45,6% , Норвегнияда 47,8%, ал Швецияда 50,68%