Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_ek_teoria_TsDO.doc
Скачиваний:
103
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Тақырып :Макроэкономикалық тепе-тендік.Жұмыссыздық және инфляция

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшамен шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - inflatio – (вздутие) – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейтіп кетуі процесін білдірген. XIX ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жие қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20- жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшеменің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда иныляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляциы тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол –күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тударушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемелардың бірі.

Инфляцияның себептері

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінін өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайларда әсер етеді.Мысалы, 70- жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7% –ке, 1979 жылы- 9% артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағананың монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.

Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында ( әсіресе XIX-XX ғасырдың бас кезіне тән «класикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кзінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп алып келеді. Кездейсоқ апараттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардығы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылысматериалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.

Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.

Инфляция – қазіргі нарықтық экономикалық жүйенің даму ерекшелігін сипаттайтын экономикалық құбылыс болып табылады.

Қазіргі кезде инфляция теориясын экономистердің көпшілігі ақша теориясы негізінде емес, баға теориясы арқылы, яғни бағаға әсер ететін фактор ретінде түсіндіреді. Инфляция кезінде кейбір тауарлардың бағалары қайта төмендеуі мүмкін, оны дефляция деп атайды.

Инфляция ақша нарығында туады, сондықтан оның негізгі себептерін ақша айналасындағы келеңсіз өзгерістерден байқауға болады.