Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдикаримов.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.12 Mб
Скачать

2.1.1 Тіркеу бөлімінің басқару жүйесінің функционалдық құрылымы

Емхананың тіркеу бөліміндегі автоматтандырылған басқару жүйесінің функционалдық құрылымы сурет - 2.1-де көрсе­тілген.

Сурет - 2.1 Басқару жүйесінің функционалдық құрылымы

Жоғарыдағы сұлбаға қарап, тіркеуші мен администратор бөлімінің қандай қызмет алатындығы және қандай қызметтер көрсететіндігі туралы көруге бола­ды.

Автоваттандырылған басқару жүйесінің жалпы құры­лы­мы келесі компоненттерден тұрады:

  1. бағдарламалық басқару бөлімі - администраторлық бөлім;

  2. тіркеуші бөлімі;

  3. дәрігерлік бөлімі;

  4. WinAPI интерфейсі

  5. мәліметтер базасы.

Дәрігерлік бөлімі

Дәрігер

Сурет - 2.2 Тіркеу бөлімінің автоматтандырылған басқару жүйесінің құрылымдық схемасы

Басқару бөлімі мен тұтынушы бөлімі бұл парақтар құрып, мәліметтер базасы мен парақтар арасында ақпарат алмасуға мүмкіншілік беретін процедуралар жиыны.

Басқару бөлімі – бұл автоматтандырылған басқару жүйесінің қолданушылар мен дәрігерлердің бағдарламадағы атқаратын қызметтерін басқарып оларға рұқсатнама беріп отыратын процедуралар жиынтығын сақтайды. Ол мәліметтер базасымен өте тығыз бай­лан­ыста болады және сол мәліметтер базасын күйге келтіруге мүмкіндік береді. Басқару бөлімінің ең басты, маңызды жұмысы болып, тұтынушыларға берілетін ақпараттар ағынын әр уақытта жаңалап отыру болып табылады.

Тұтынушы бөлімі – бұл тіркеушілерге арналған жауапты бөлім. Бұл бөлімдерде тіркеушілерге керек ақпараттар және адамдарға ұсынылатын қызметтер ту­ралы толық мәліметтер болады.

Дәрігерлік бөлімі – емханадағы қызмет етіп келетін мамандардың жұмысын жеңілдету үшін, медициналық картаның электронды түрде жүргізуге, дәрілік рецепттерді жазып беруге, анықтамалар толтырылуға арналған процедуралар қойылған. Бұл бөлімде дәрігер мәліметтер базасына жаңа адам еңгізе алмайды, бұл тіркеушінің қызметі болып табылады, дәрігер тек тіркелген адамдарға қызмет көрсете алады.

Басқару жүйесінің мәліметтер базасы – бұл бағдарламаның ең маңызды бөлігі. Себебі мұнда емхана, адамдар, дәрігерлер туралы құрайтын мәліметтердің барлығы осында сақталады. Мәліметтердің барлығы локалдық файлда сақталады, ал оларды басқару үшін MS MySQL 2000 Development бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ал бағдарлама мәліметтер базасымен байланысты ADO технологиясы арқылы жүзеге асады.

2.1.2 Мәліметтер базасын құру жолдары

Мәліметтер базасы (database) – бұл белгілі бір құрылымды ретпен орна­лас­­қан ақпарат жинақталған файл немесе файлдар жиыны. Осы ақпараттарды, яғни мәліметтерді басқару үшін мәліметтерді басқару программалары қол­да-

н­ы­л­ады. Қазіргі таңда олардың сан алуан түрлерін кездестіруге болады. Мысалға кеңінен қолданылып келе жатқан мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын Microsoft Access программасын атап айтуға болады. Мәліметтер базасы жинақ­талған ақпаратты құру құрылымына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішін­де өте кең таралғаны реляционды мәліметтер базасы.

Реляционды мәліметтер базасы – ол бір-бірімен байланысқан кестелер тү­р­індегі құрылымы бар мәліметтер жиынтығы. Бұл әр түрлі тізімдер, журналдар, каталогтар, бухгалтерлік кітаптар, анықтамалықтар және де т.б. кестелер болуы мүмкін. Реляционды мәліметтер базасы ақпараттың дұрыстығы мен бүтіндігін қатаң тәртіппен қадағалайды. Сонымен қатар, бұл МБ келісілген программада тез өңделеді. Реляционды МБ-на мысалы: Microsoft Access, Corel Paradox, Borland dBase, Microsoft FoxPro жатады.[12] Осы аталғандардың барлығы қара­пай­ым қолданушыларға арналған. Олар өздері қолданушының компьютерінің қатты дискісіне немесе файл сервердің дискісіне өздері сақтап, тікелей қолдана береді.

Ал, енді үлкен көлемдегі ақпараттармен жұмыс жасау үшін осы ақпаратқа көптеген қолданушылар қосыла алатын күшті программаларды атап айтсақ: BorlandInterBase, MySQL, FireBird, Microsoft SQL Server, Informix, Sybase, Oracle.

Осы аталған МБ-да жұмыс жасайтын программалардың әрқайсысының өзіне тән форматы бар. Әр МББЖ (мәліметтер базасын басқару жүйесі) ақ­пар­ат­­ты тек өзінің форматында сақтайды. Осылардан өзімізге керегін, осы дип­лом­дық жобада қолданылып отырған SQL (Structured Query Language, сұраныс жасауға арналған құрамды тіл) тілін қарастырайық. Бұл сұраныс тілі барлық программалармен жұмыс жасай алады. Сонымен қатар МБ-ғы ақпараттармен сенімді, тез, қарапайым жұмыс жасайды. Осы тіл арқылы клиент серверге сұра­ныс жіберіп өзіне жауабын ала алады. SQL тілінде сұраныс жасау арқылы ақ­парат қосуға, жоюға және өзгертуге болады.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – мәліметтер базасын ұйым­дастырумен жүргізуге арналған арнайы программа (көбіне программалар комплексі). Программаны алгоритмдік тілде жасау үшін транслятор қалай керек болса, ақпараттық жүйені жасау және басқару үшін МББЖ да сондай маңызды болып табылады.

Көптеген мекемелер өздерінің жұмыс үдерістерін қолдау үшін электронды мәліметтер базасын қолданады. Көбіне бұл 1-2 қолданушыға арналған dbf-бағытталған дамыту қолданбаларының көмегімен жасалған жүйелер: MySQL, Clipper, Dbase, Oracle, FoxPro, Paradox, Access. Әдетте осындай өзара тәуелсіз база­лар қатары қолданылады. Егер мәліметтер базасындағы ақпарат тек қол­дану­шыға емес, басқа да тұлғаларға қызықты болса, онда ақпараттың ары қарай тарал­уына мәліметтер базасы жасаған қағаз есептер мен анықтамалар қол­данылады.

Локальды желілердің пайда болуының, сондай торлардың Интернетке қос­ы­л­уының, корпоративті аралық желілердің жасалуының арқасында кез келген жұмыс орнынан желінің ақпараттық қорына қол жеткізу мүмкін болып отыр. Бірақ, жұмыс атқаратын мәліметтер базасын қолданар кезде жұмыс орнының бір­тектілігін талап ететін («туған» интерфейсті қосу кезінде), желідегі үлкен трафикпен байланысты, файлдық серверді жүктеу мен аралықтан жұмыс істеу­дің мүмкін еместігі сияқты проблемалар туындауы мүмкін (мысалы, коман­дир­ов­кадағы жұмысшылар). Бұл қолайсыздықтардың шешімі ретінде бір жүйеге келтірілген WWW интерфейсін мекеме ресурстарына қол жеткізуде қолдануды айтуға болады.

МББЖ-ның негізгі функциялары:

  1. сыртқы жадыдағы (дискілерде);

  2. оперативті жадыдағы мәліметтерді дискілік кэшті қолдану арқылы басқару;

  3. өзгерістерді тіркеу, резервті көшіру және қате жұмыстан кейін мәліметтер базасын қайта қалпына келтіру;

  4. МБ тілдерін қолдану (мәліметтерді табу тілі, мәліметтерді басқару тілі).[12]

МБ-на қол жеткізу әдісі бойынша: файл-серверлік.

Файл-серверлік МББЖ мәліметтер файлы ор­талық­тан­дыр­ылып файл-серверде орналасады. МББЖ әр клиенттік компьютерде ор­на­ласады. МББЖ-ның мәліметтерге қол жеткізуі локальді желі арқылы жүз­е­ге асады. Оқылу және жаңарту синхронизациясы файлдық блоктандыру арқылы жүзеге асады. Бұл архитектураның артықшылығы деп сервердің орталық пор­тына түсетін аз жүктемені айтамыз.

Кемшіліктері: локальді желінің потенциалды жоғары жүктемесі; жоғары сенімділік, қол жетімділік және қауіпсіздік сияқты маңызды сипаттардың ор­ын­далуының қиындығы. Көбіне мәліметтер базасын басқару функциялары қол­данылатын локальді қосымшаларда пайдаға асады. Қазіргі кезде файл-серверлік МББЖ ескірген болып есептеледі. Мысалы: Microsoft Access, Para­dox, dBase, FoxPro, Visual FoxPro.

Клиент-серверлік. Клиент-серверлік МББЖ серверде мәліметтер база­сы­мен бірге орналасады және МБ-на монопольді режимде қол жеткізіледі. Барлық мәліметтерді өңдеуге байланысты клиенттік сұраныстар клиент-сер­вер­лік МББЖ-да орталықтандырылып өңделеді. Клиент-серверлік МББЖ-ның кем­шілігі серверге деген жоғары талап болып табылады. Артықшылықтары: потен­циальді локальді желінің біршама төмен жүктемесі; орталықтандырылған бас­қар­­удың ыңғайлылығы; жоғары сенімділік, қол жетімділік және қауіпсіздік сияқ­ты маңызды сипаттардың орындалуының ыңғайлылығы. Мысалдар: Oracle, Firebird, Interbase, IBM DB2, MS SQL Server, Sybase, PostgreSQL, MySQL, ЛИНТЕР, Caché, MDBS.[12]

Орнатылатын. Орнатылатын МББЖ – локальді машинада бір жүйеге келтірілген түрде мәліметтердің үлкен қорын сақтауға мүмкіндік беретін кітап­хана. Мәліметтерге SQL арқылы немесе МББЖ-ның кез-келген айрықша функ­циясы арқылы қол жеткізуге болады. Орнатылатын МББЖ қарапайым клиент-серверліктен жылдамырақ және сервердің орнатылуын талап етпейді, сондықтан үлкен мәліметтер қорымен айналысатын локальді программалық жабдықтамада сұранысқа ие (мысалы, геоинформациялық жүйелер). Мысалдар: OpenEdge, SQLite, BerkeleyDB, Firebird-тің бір түрлері, MySQL, Sav Zigzag, Microsoft SQL Server Compact, ЛИНТЕР.[12]