Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдикаримов.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.12 Mб
Скачать

1.2.1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары

«Көпфункционалды интернет – қосымшалары» термині қолданысқа бірнеше жыл бұрын енді, дегенмен оның түсініктемесі:

- сценарийдің алыстатылған тілі;

- хInternet;

- көпфункционалды Web-клиент;

- көпфункционалды Web-қосымша ретінде белгілі болған.[11]

Интернет өте үлкен көлемді ақпарат көзі, көптеген технологиялар осы ақпаратты жеткізу жолдарын жақсарту мен Web-те жетілдірілген және қолайлы әдіспен сақтауға арналады. Web-қосымшалардың көбінде өңдеудің көп бөлігі сер­верде жүзеге асады. Бұл үлкен көлемді ақпарат пен оны өңдеу серверге үлкен күш түсіреді, сонымен қатар желілік трафикке тәуелділікті жоғарылатады.

Ескі клиент-сервелі архитектура үлкен ыңғайлы және функционалды болған, бірақ Web-дәуірінде жоғалды. Бұның бір себебі біркелкіліктің жоқтығы немесе клиенттік қосымшалардың стандартталуы. Енді ешқандай күмәнсіз, жал­пы­лама қабылданған Web-құрал болып браузер табылады. Дегенмен, оған интеллектуалды өңдеулердің мүмкіншіліктері жеткіліксіз. Осының есебіне клиенттің қосымшаларға қолданушылардың ақпаратын жеткізу мен қарапайым өңдеу жұмыстарын жүргізу міндеті артылған. Көпфункционалды интернет-қосым­шалар браузердің негізінде ең жақсы, тез, назар аударарлық және фун­к­ционалды қолданбалы қосымшаларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Қолданушы интерфейсімен Web және Интернет деңгейінде байланысатын өңдеушілер қолданушы интерфейсі деңгейінде жиі тәжірибелер жүргізеді және ең аз сыртқы қолдаусыз нәтижелі жұмыс жасауға қабілетті әр түрлі RIA-құралдарды байқайды. Көбінесе браузер қалыпты жұмыс істеу үшін модульге, кеңейтуге және жүктелетін файлға қатысты біршама қолдаулар қажет.[10]

1.2.2 Автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқару

Жалпы мемлекет көлемде басқару жұмыстарын автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқарудың қазіргі ғылми әдістерін неғұрлым тиімді енгізуді қамтамасыз етеді. Көптеген абоненттер мен телефон желісі арқылы тікелей байланыстырылып, алуан мақсатта пайдаланылатын қуатты есептеу орталықтары құрылуда. Ал кәсіпорындар мен экономикалық басқару органдарын комплексті түрде қамтамасыз ету мақсатында ірі мәліметтік есептеу орталықтары құрылды. Жеке үлкен кәсіпорындар мен басқару органдарында есептеуіш машина станциясы немесе орташа е шағын электрондық есептеуіш машиналары болуы мүмкін.

Украин ССР ҒА Кибернетика институты мен Львов телевизия заводы жасаған көп өнім шығаратын үлкен өндіріс орындарына арналған «Львов» мәліметтік басқару жүйесі басқару жұмыстарын комплексті түрде автоматтандырудың мысалы бола алады. Жүйе негізін заводтың мәліметтік есептеу орталығы құрайды. Ондағы басты техникалық құрал ретінде «Минск-22» электрондық есептеуіш машинасы пайдаланылады. Мәліметтік есептеу орталығы өндірістің барысы жабдықтардың техникалық жағдайы, қолда бар материалдар мен детальдардың, бұйымдар мен дайын өнімдердің кіріс-шығыс есебі туралы хабарды автоматты түрде жинап, өңдейді; завод туралы қажетті анықтамалар береді және әр түрлі жоспарлау, экономикалық есептерін орындайды. Сөйтіп, басқару жұмыстарын комплексті түрде автоматтандыру ісі адамды мәлімет жинақтау және оны өңдеудегі көптеген қиын жұмыстардан босатып, өндірісті басқаруда оның творчестволық ролін арттырады.[4]