Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Жұлдызнама

Қазақша

Орысша

Жұлдызға сәйкес айлар

Тоқты

Торпақ

Егіздер

Шаян

Арыстан

Бикеш

Таразы

Бүйі

Мерген

Ешкімүйіз

Суқұйғыш

Балықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Овен

Телец

Близнецы

Рак

Лев

Дева

Весы

Скарпион

Стрелец

Козерог

Водолей

Рыбы

21 наурыз – 20 сәуір

21 сәуір – 20 мамыр

21 мамыр – 21 маусым

22 маусым - 22 шілде

23 шілде – 23 тамыз

24 тамыз – 23 қыркүйек

24 қыркүйек – 23 қазан

24 қазан – 22 қараша

23 қараша – 21 желтоқсан

22 желтоқсан – 20 қаңтар

21 қаңтар – 19 ақпан

20 ақпан – 20 наурыз

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткендігін білдіреді. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады: 1) бұрынғы өткен шақ -қан, -кен, -ған, -ген тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: мен барғанмын, сен келгенсің, ол айтқан; 2) бұрынғы (ежелгі) өткен шақ -п, -ып, -іп тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады: мен барыппын, сен келіпсің, ол айтыпты. Ежелгі өткен шақ сөйлеуші болған оқиғаны өзі көрмей біреу арқылы естіп-білсе, не ұмытып қалып есіне түсіруге тырысқан жағдайда қолданылады. Мысалы: Студенттер көрмеге барыпты.

Бұрынғы өткен шақтың күрделі түрі -қан, -кен, -ған, -ген тұлғалы есімшеге еді, екен етістігі тіркесуі арқылы, -п, -ып, -іп тұлғалы көсемшеге еді көмекші етістігі тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: мен оқы-ған едім (екенмін), сен оқы-п едің.

105-жаттығу. Етістікті бұрынғы өткен шаққа қойыңыз.

1.Мен кеше кеш (вставать). 2.Мен мектепте екі жыл (работать). 3.Таңертең досым (звонить). 4.Профессор дәрісті жақсы (читать). 5.Өкінішке орай, оны ешкім (не слушать). 6.Жексенбіде біз үйде (не быть). 7.Олар түсте асханада (кушать). 8.Қыста біз терезені сирек (открывать). 9.Достарым мені (провожать). 10.Сіздер қашан (знакомиться)? 11.Жаңа тақырыпты тыңдаушылар жақсы (понимать). 12.Сен неге оны (не ждать)? 13.Бастық жиналыста көп (говорить).

20. Соөж Қазақстан экологиясы. Жануарлар әлемі

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі, экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі. Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.

98-тапсырма. Қазақстан экологиясы туралы баяндап беріңіз және қосымша мағұлмат беріңіздер.

99-тапсырма. Суреттегі бейнелегген жануарлар туралы айтып беріңіз.