Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Мынадай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап, орындап жүруіміз қажет.

Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.

Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе. Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген.

Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді.

Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.

Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.

Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.

Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.

Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.

Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.

Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.

Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.

Адамға ажал шақыратын мына ырымдар:

Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды. Мойынға бос арқан салмайды. Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.

Тәңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып (тамақ ішіп) шық. Себебі “таңғы тамақ тәңірден” деген сөз бар.

Дастарханды баспа, аттама.

Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды.

- Жерден ауыр не бар?

Судан терең не бар?

Оттан ыстық не бар?

Көктен биік не бар?

- Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,

Судан терең дегенім – оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.

Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі

- Алты алаш деген не?

- Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.

Дүниеде не жетім?

Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшысы болмаса – ел жетім.

Ұқпасқа айтылған – сөз жетім

Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.

Дүниеде ең жақының кім?

Тату болса – ағайын жақын

Ақылшы болса – апайың жақын

Бауырмал болса – інің жақын.

Инабатты болса – келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын – қарындасың.

Дүниеде не қымбат?

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-береке – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді – апаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Дүниеде не қиын?

Арадан шыққан – жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылынан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.

25. Л/т. Қазақстанның көрікті жерлері

Г/т. Көмекші сөздер

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді. Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

Бурабай - Көкшетау қыратандағы көл.Ол Ақмола облысының Шортанды ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен үш жүз жиырма бүтін оннан алты метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы төрт бүтін оннан бес километр, ені тоғыз километр, орташа тереңдігі төрт бүтін оннан бес метр, ең терең жері жеті метр. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік батыс бөлігінде кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы жиырма метрге көтерілген. Солтүстік батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әртүрлі жартастар әрі көлге сұғына енген әсем мүйістер де, сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар да Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес», «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, абақ, сазан, шортан, табан, балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы мен көркемдігі көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.

128-тапсырма.

1.Жаңа сөздерді аударыңыз, аудармасын есте сақтаңыз.

2.Жаңа сөздерді бірнеше рет оқып жаттығыңыз.

3.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, емлесін есте сақтаңыз.

129- тапсырма.

1.Мәтінді бірнеше рет оқыңыз.

2.Мәтінді аударыңыз.

3.Мәтіннің мазмұның түсініңіз.

4.Мәтінді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

5.Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1)Бурабай көлін көрдіңіз бе?

2)Көрсеңіз, көл сізге қалай ұнады?

3)Қазақстандағы басқа қандай көлді көрдіңіз?

4)Ол көрген көліңіз қай жерде?

5)Ол көл сізге несімен ұнады?

6)Сіз онда қалай демалдыңыз?

130-тапсырма.

Балқаш көлі туралы мына деректерге сүйеніп әңгіме жазыңыз.

1.Балқаш - Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тұйық көл.

2.Аумағы Каспий, Арал теңіздерінен кейін 3-орында.

3.Көлде толқын жиі болады.

4.Көл қарашаның аяғында қатып, сәуірде ериді.

5.Балқашта балықтың жиырмадан астам түрі бар.

6.Жылына 9-10 тонна балық ауланады.

7.Балқаш көлінде болдыңыз ба? Болсаңыз өз пікіріңізді жазыңыз.

131-тапсырма

1.Мәтіндегі цифрмен жазылған сан есім сөздерді қазақша атап жазыңыз.

2.Сан есім сөздерді сөйлемде тіркескен сөзімен теріп жазыңыз.

Көмекші сөздер (Служебные слова)

Көмекші сөздер үшке бөлінеді:

1.Көмекші етістік (Вспомогательные глаголы) 2.Көмекші есімдер (служебные имена)

3.Шылау (союзы)

Көмекші етістік – сөзге грамматикалық мағына үстейді.

Мыс: ал, бұр, бер, бол, кел, кет, көр, қал, шық, жүр, отыр, жатыр, сол, таста, баста, қай, түс, е, еді, екен, емес, де.

Көмекші есімдердің мағынасы есім сөзге жақын. Зат есімнің мекендік, мезгілдік, мағынасын дәлдеп көрсететін грамматикалық қызметке ауысқан сөздер.

Мыс: алды, арты, жаны, қасы, маңы, тұсы, арқасы, арасы, ортасы, іші, маңы, бойы, беті.

Шылау – толық мағыналы сөзге тіркесіп, грамматикалық мағына қосу үшін сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын көмекші сөздер.

 

Модаль сөздер: Керек (қажет) – необходимо, нужно – Маған оның көмегі керек.

Сияқты – как-будто, как кажется – Ол сен сияқты. Қар жауатын сияқты. Алыста олар келе жатқан сияқты.

Мүмкін (вероятно, возможно, допустимо); шығар (может быть): Шешем үйде шығар. Мүмкін, ертең олар бізге қонаққа келер.

Рас – правда, верно: Рас, көп білген жақсы ғой.

Әрине – конечно, безусловно, бесспорно, несомненно: Әрине, Әсел ең жақсы қыз. Әрине, біздің студенттеріміз жақсы оқып жүр.

ВЫРАЖЕНИЕ МОДАЛЬНОСТИ В КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ

 Значение модальности в казахском языке передает глагол «алу» (в сочетании с деепричастиями) с суффиксами -а, -е, -й. Личные окончания присоединяются к вспомогательному глаголу «алу», который в данном случае переводится на русский язык глаголом «мочь»: Біз қазақша жаз-а аламыз (Мы можем писать по-казахски). Сен ағылшынша жақсы сөйле-й аласың (Ты можешь хорошо говорить по-английски). Ол немісше еркін сөйлей алады (Он может свободно говорить по-немецки).

Отрицательная форма образуется таким образом: ал+ма+суффиксы и личные окончания глагола: Мен өлеңді айта алмадым. Ол келе алмады. При произнесении двух глаголов суффиксы -а,-е редуцируются: бара аласың (бараласың).

117-жаттығу. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Ол жоқ сияқты. Олар қонақта шығар. Рас, маған жақсы білім керек. Әрине, ол бізді біледі. Әрине, уақытым болса, саған қонаққа келемін. Мүмкін, ол беске келер.

118-жаттығу. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. Модаль сөздерді, демеуліктерді, шылауларды қолданыңыз - Переведите данные предложения на казахский язык, используя модальные слова, частицы, союзы.

Сегодня выходной, они возможно дома. 2. Правда, она хороший человек, но строгий начальник. 3. Что вам нужно? – Мне нужна ваша помощь. 4. Они, оказываются, хорошие друзья. 5. Конечно, я приду сегодня. 6. Наверное, они видели тебя на концерте. 7. Это же он! 8. Максим твой друг? 9. Если я не пойду, то сходи ты. 10. Ты знаешь только английский язык? 11. Студенты сдают экзамены и зачеты, поэтому сейчас у них мало свободного времени. 12. Он летом поедет или на Черное море, или на Балтийское море. 13. Дни были теплые, а ночи холодные. 14. На базаре продают и яблоки, и груши, и вишню, и дыни, но они дорогие. 15. Ее отец – врач, а мама – учитель. 16 Девушки и парни идут на дискотеку. 17. Ты похож на маму. 18. Она то письмо напишет, то телеграмму даст, но ответа нет. По-видимому, с ним что-то случилось.