Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Электрондық басылымдар залы

Электрондық басылымдар залында Ғаламтормен, ДҚ-мен, CD, DVD тасымалдағыштарындағы электрондық басылымдармен жұмыс істеуге, ақпараттық-танымдық материалдарды, түрлі энциклопедияларды пайдалануға кеңінен мүмкіндік жасалған. EBSCO, EastView және т.б. секілді әлемдік ақпараттық ресурстарды жасаушылардың толықмәтінді Дерек қорларына қолжетімділік ұйымдастырылған. Қазақстан және шетел кітапханаларынан электрондық құжаттар жеткізіледі.

222-тапсырма. Сіз игеріп жатырған білім де бәсекеге қабілетті ме? Өз пікіріңізді жазыңыз.

223-тапсырма. Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі тақырыбын баяндаңыз.

224-тапсырма. Электронды басылымдар залы сізге тиімді ме? Сұраққа жазбаша жауап беріңіз.

42. Л/т. Қазақстан мемлекетінің құқықтық негіздері.

Г/т. Хабарлы сөйлем

Әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерімен қорғауға хақылы.

Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сол арқылы қорғалуына құқығы бар.

Әркімнің билікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көрсетілген жағдайда заң көмегі тегін көрсетіледі (ҚР Конституциясының 13-бабы).

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасаған үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім туралы арыздану құқығы беріледі. (ҚР Конституциясының 15-бабы).

Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады.

Ұсталған, тұтқындалғын қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (корғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды.

Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясыны қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар.

Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелеу белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Мемлекеттік органдар қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтар мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасын етуге мідетті.

Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.

Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуге құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. .

Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.

Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

225-тапсырма.

1. Мәтінді оқып, ондағы жаңа сөздерді табыңыз.

2. Жаңа сөздерді сөздікке сүйеніп аударыңыз.

3. Жаңа сөздерді сөздік дәптеріңізге жазыңыз.

4. Құқықтық терминдерді дұрыс айтып жаттығыңыз.