Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

57. Л/т. Қазақстан бейнелеу өнері

Г/т. Баяндауыш

Қазақстан кескіндемесінің тарихы Қазақстандағы орыс суретшілері, олардың ішінде В.Штенберг (1818-1845), А.Горонович (1818-1889), В.Верещагин (1842-1904) және басқалар келген кезеңде, яғни он тоғызыншы ғасырдың аяқ кезін ала бастады. Ол қазақтардың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын суреттер салған.

Орыс суретшісі Николай Хлудов (1850-1935) Одессаның көркем сурет мектебін бітірген соң 50 жыл Қазақстанда тұрып, жұмыстарын қазақтың жеріне, адамдарына арнаған. Оның жұмыстарының ішінде атақты «Киіз үйде», «Көш» шығармалары бар.

Қазақ халқының тұңғыш суретшісі Шоқан Уәлиханов болып есептеледі. Оның суреттері «Шоқан және өнер» кітабына енген. Ал Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой суретшісі - Әбілхан Қастеев. Оның шығармашылығы сан қырлылығымен ерекшеленеді. Ол тарихи тақырыпта да, кескіндеменің әр түрлі жанрында да портреттер мен пейзаждар жасады.

Жиырмасыншы ғасырдың 20-30 жылдары ағайынды Құлахмет, Қожахмет Қожықовтардың шығармашылық өрлеуі басталды. Бұл кезеңде олар бірнеше белгілі графикалық жұмыстарын жазды.

Қазақстанның басқа да атақты суретшілері мен графиктерінің ішінен Қ.Қисамбетовті, И.Исабаевты, А.Гурьевті, А.Рахмановты, Г, Исмаилова, А.Ғалымбаева сияқты суретшілер де өзіндік өрнектерімен ерекше дараланады.

288-тапсырма.

1. Оқып шығыңыз және көшіріп жазыңыз.

2. Орыс тіліне аударыңыз:

3.Фонетикалық талдау жасаңыз: Қазақ халқының тұңғыш суретшісі.

226-жаттығу. Мына сөйлемдердегі дара баяндауыштар мен күрделі баяндауыштардың айырмашылықтарын түсіндіріңіздер, баяндауыштардың қалай жасалғанын айтыңыздар.

Бүгін сен жаралысың, туған жер бірақ жауға бас имейсің. Біз дүние жүзінің жастарының алдыңғы қатарында болдық. Өмірдің биік шыңына қол созамыз. Мен қазақ өнерімен бірінші рет танысып отырмын. Ай сәулесі терезеден дірілдей түсіп тұр. Жазғы жылы желдің әлсіз ғана ызыңы естіледі. Әнуар бірде осы үнге құлақ түреді. Бірақ бұған да аялдамай, көңілі бөтен жаққа тарта береді. Тағы да Балқияның сөзі есіне түсті.

227-жаттығу. Тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сызыңыздар да, тиісті жеріне тыныс белгісін қойыңыздар, оның себебін түсіндіріңіздер.

Бұл Нұра өзенінің жағасына ертеде орнаған поселкелердің бірі. Үлкен Песик Сапардың досы. (Ғ.Мұст). Көп көрген нұсқа, көп істеген ұста. Ілім бұлақ, білім шырақ. Жартыны жарып жеген татулықтың белгісі. Ата асқар тау, ана бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ. (мақал). Көзге түсетін жан иесі жоқ. Жер жүзін тылсым буғандай. Ана әйелдің біреуі келіні, біреуі сол келіннен туған немере қызы. Төр дегені екі-үш кез ғана жерде жайылған ескі құрым киіз. (М.Ә.).

228-жаттығу. Тұрлаулы мүшелерін тауып, олардың қалыпты орындарын немесе ауысып тұрған себебін айтыңыздар.

Құмда биыл аң да көп екен. Бұл қалада бозторғай атаулы мұнша көп болар ма? Торғай жерінде зорман аталатын кішкентай аңдар болады. Әңгімемен ауылға тақалып қалды бұлар. Жомарттың жоспарын Жаннат сегіз күн ұстады. Қасым жүгіре бастады жүріңдер біздің ауылға. Қой әрі балалықты. Жоғалсын өлім! Жасасын өмір!