Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

25. СоӨж. Қазақсанның көне тарихи қалалары

Астана-Бәйтерек

«Астана-Бәйтерек» монументі бұл дүниеде жоқ аналогтардың әмбебап ғимараты, оны салу идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтікі. «Астана-Бәйтерек» монументінің маңызы – ол қазақ халқының өмірінің жаңа кезеңінің символы сияқты, оны «Аялы Алақан» – Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің оң алақанының бедерлемесі шығармашылық композициясынан көруге болады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінеді. Ал 97 метр биіктікте орналасуы 1997 жылды көрсететін Астананың мемлекеттің жаңа астана болғанын және осыған сәйкес ел тарихындағы жаңа кезең нүктесі. Соның ішінде «Бата» композициясы да бар – 2003 жылы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада жиналған он жеті әлемдік діни конфессиялардың жетекшілері Қазақстан халқына және жеріне берген ақбатасы.

«Астана-Бәйтерек» монументі – металдан, шыныдан және бетоннан жасалған әдемі архитектуралық ғимарат, оның масштабы таң қаларлықтай: 105 метр биіктіктегі метал конструкция, салмағы 1000 тоннадан артық және 500 діңгек қадамен ұсталынады. Алғаш рет дүниежүзінде күннің көзінің түсінен түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» әйнегінен 22 метр диаметрімен және 300 тонна салмағымен шар 97 метр биіктікке көтерілді. «Астана-Бәйтерек» монументі бейнелейтін негізгі идея – бұл Әлем Ағашы. Ағаштың негізгі функциясы: негізгі үш ел мекемесінің деңгейін біріктіру – төменгі (жер асты), ортаңғы (жердегі) және үстіңгі (аспандағы). Монумент архитектурасына төменгі деңгейі 4.5 метр, онда кафе, аквариум сонымен қатар белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың еңбектерімен «Бәйтерек» минигалереясы бар. «Бәйтерек» ағашының бағанынымен панорамалық лифтімен көтерілгенде (ортанғы деңгей) келушілер аспандағы қабаты - шардың ішіне түседі. Оның ішінде бар және астанамыздың жаңа кескінін қызықтайтын панорамалық зал бар. Келушілер панорамалық лифтімен әйнек «шарда» орналасқан жарық, кең залдарға көтеріліп «құс ұшатын» биіктіктен егеменді Қазақстанның жаңа астанасында болған және болып жатқан масштапты өзгерістерді көре алады. Келушілердің жайы үшін жаңа қаланың мәдени-әкімшілік орталығының макеті бар. Экскурсоводтар мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде астанамыздың алыс және жақын шетелдік сонымен қатар Қазақстаның астанаға келген қонақтары үшін шолу экскурссияларын өткізеді және оларды қызықтыртын сұрақтарға жауап береді. «Астана-Бәйтерек» Монументі барлық әлемдік бірлестік үшін тәуелсіз Қазақстанның символы болып табылады.

Қазақсанның көне тарихи қалалары

Жібек жолындағы тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Оның 1500 жылдық тарихы бар. Ол да сол кездердегідей негізінен саз балшықтан құйылған кірпіштермен тұрғызылған. Қала орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі. Кесене- ғимараттың айналасында толып жатқан құрылыстар: солтүстік жағында биіктігі оншақты метрдей, ұзындығы да әудем жерді алып жатқан «Қамал қорғаны», кесененің қарсы алдында «Рабия сұлтан бегім» күмбезі, «Есім хан мазары», «Халуат жер асты мешіті» және ортағасырлық «Шығыс моншасы»- бәрі – бәрі үйлесімді бір ансамбль құрып тұрған.

Иасы қаласы XII ғасырда аса дәуірлеген: қолөнері мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған. Оның атағы бүкіл мұсылман қауымына жайылып, ол Меккемен теңестірілген, яғни Түркістанға үш рет барған адам Меккеге барып, қажы атанғанмен бірдей болған. Оған себеп- суфизмнің насихатшысы, ақын Қожа Ахметтің ықпалы еді. Оның қарапайым тілде жазылған адамгершілік, мейірімділік жайлы өлеңдері қажылық етушілерге қатты әсер етті. Ол соңғы 10 жыл өмірін жерасты хлеуетінде өткізіп, Құдайға құлшылық етудің шын берілгендік – нұсқасын көрсетіп кетті. Ол өлгеннен кейін де ел оның өлеңдерін жатқа айтып, есімін қасиеттеп жүрді. Сондықтан да Әмір Ақсақ Темір ол өлгеннен 233 жыл өткеннен кейін Қожа Ахмет Иассауи кесене ескерткіш күмбезін соқтыртты. Бұл ескерткішті әлемдегі жеті ғаламаттың бірі десе де болады.

132-тапсырма

1.Мәтінді оқыңызғ, айтып беріңіз.

2.Мәтінді аударыңыз.