Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

4. Соөж Қазақ отбасының салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары

Қазақтар үлкен патриахал отбасының сипаттарын мығым ұстанған. Өйткені ежелден бері негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларысыз бірнеше отбасы ұрпақтардан құралып, бірге көшіп, бірге қонбаса, бірігіп еңбек етпесе, табиғат дүлейін былай қойғанда, ішкі қақтығыстар мен тартыстарда күйзелген болар еді. Қазақтар мұндай бірлікті «ата баласы» деп атаған. Ата баласының белгілі бір жаз жайлауы, күз күздеуі, қыс қыстауы бір жерде болып, бірге тіршілік еткен.

Ата баласын жасы үлкен, ақылы мен пайымы мол, көпті көрген ақсақалы басқарған. Бір атадан тарап, өз алдында жеке отау құрған ұлдары мен немерелері барлық істі сол ақсақалмен ақылдасып, оның айтқанын орындаған.

Қара шаңырақты қадірлеу ата-баба әруағын ардақтаумен бірдей, бәрі үшін қасиетті саналған. Оған дәстүр бойынша кенже бала ие. Әкесі өліп, кенже балаға немесе кейінгі ұрпақтарына ауысса, қара шаңырақты сол қалпында кие тұтып, оған енші алып кеткен барлық отау, ұзатылған қыздар, құда-жекжаттар әр түрлі сыйлық, соғым сойғанда сыбаға әкеліп тұру дәстүрі әлі бар.

Қазақ жеті атаға дейін қыз берісіп, қыз алыспаған. Туысқандардың некелесуіне тыйым салынған, мұндай (экзогамиялық) заң әлеміндегі халықтар ішінде тек қазаққа ғана тән екендігін мақтанышпен айтамыз. Өйткені туысқандықты ұмытпау - зиялылықтың, көргенділіктің көрінісі, ауызбірлік мықтылығының дәлелі.

23-тапсырма

  1. Мәтінді оқып, көшіріп жазыңыз.

  2. Көшпелі, ардақтау, ұзатылған, ұрпақтар сөздерін орыс тіліне аударыңыз.

3. Отан - отбасынан басталады -дегенді қалай түсінесіз?

24-тапсырма. Сөйлемдерді бір-бірінен ажыратып, тыныс белгілерін қойып, төмендегі «Құда түсу» деген мәтінді қайтадан жазып шығыңыз.

Құда түсу

Атаанаүйдіңішіндеәрқайсысыөзтірлігіменайналысыпшүйіркелесіпотырбойжеткенқызістігіпотырсырттан1314жасарербалажүгіріпкіріп

Көкеапасырттанкісілераттантүсіпүйгеқарайкележатырдепхабарлаййдыәкесіиякісікелмейжүргенүймекелсінкелсіндепжайланадысырттанкісілерқолдарындақоржындары

Ассалаумағәлейкумдепамандасакіреді

Уағалейкумассаламсалжандарыңаманбакүйліқуаттыжүрсіздерме

Шүкіршүкіркүйліқуаттымызтөрлетіңіздерияжолболсын

Әлейболсынбізбіригіліктііспенкеліпотырмызсіздербұғанқалайқарайсыздариәүлкенлербәтуаласыпбіршешімгекелсекбалаларбірінбіріұнатсабұлбіригіліктіісболарыанық

Орамалонболмайдыжолболадымынаубіздіңсыйсияпатымызризаболыңыздар

Күйеужүзжылдыққұдамыңжылдықдегендейсіздердіңкөрсеткенқұрметтеріңізгерахметқұдалығыңызқұттыболсынбаламенбалаажырасыпбастарынабаққонсырамыздаауызбіршілікынтымақболсынәуминәумин

5. Л/т Біздің үй.

Г/т Сан есім. Сан есімнің мағыналық түрлері.

Біздің үй Абай көшесіндегі ең көрікті үйлердің бірі. Мен екі қабаттан тұратын әдемі, зәулім үйе тұрамын. Біздің көшенің әдемілігі жасыл желегімен ерекшеленеді. Біздің үй қазыналық емес, жеке меншік үй. Бұл үйде біз отбасымызбен тұрамыз. Менің бөлмем екінші қабатта. Бөлме кең әрі жарық сабаққа дайындалуға жайлы. Барлық бөлмелер сәнді жиhаздармен жасақталған. Ас бөлмесін анам өзіне ыңғалы етіп әсемдеп, жиhаздармен жасақтады. Менің ағамның бөлмесі төменгі қабатта. Жуынатын бөлме екі қабатта да бар. Мен өз бөлмемді өзім жинап, тазалаймын. Таңмен ауасын тазартып, желдетіп аламын. Әр затты өз орнында ұстауға тырысамын. Сабақ құралдарым үстел үстіне жинақталған. Ұйықтайтын бөлмем қонақ бөлмесіне қарсы. Оның көрінісі мынадай:

Дема-

лыс бөлмесі

Қонақ бөлмесі

Жатын бөлме

Балалар бөлмесі

Асхана

Жуынатын бөлме

Сөздік минимум:

Біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, екі қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме, екіші қабат, таза, ыңғайлы, заттар.

25-тапсырма: Өз бөлмеңіз туралы әңгімелеңіз.

Сөйлем үлгілері:

- Сіз қай көшеде тұрасыз?

- Мен М.Әуезов көшесінде, 25-үйде, 9-пәтерде тұрамын. Ал сіз ше?

- Менің мекенжайым: Бөгенбай батыр көшесі, 125-үй, 27-пәтер.

Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің түрлері. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім сөздер неше? нешінші? қанша? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.

Сан есім құрамына қарай 2-түрге дара және күрделі болып бөлінеді.

Дара сан есім бір сөзден тұрады:

Мысалы: бір, он, жиырма, мың, миллион т.б.

Күрделі сан есім екі не одан көп сөзден құралады:

Мысалы: он бір, қырық бес, екі жүз он бес, бір мың сегіз жүз алпыс бір, жетпіс екінші т.б.

Сан есім мағынасына қарай 6-түрге бөлінеді.

Есептік сан есім екі, үш, төрт, бес, алты

Реттік сан есім -ыншы, -інші, -ншы, -нші.

алты-ншы, бір-інші, үш-інші, төрт-інші

Жинақтық сан есім -ау, -еу, екі-еу, алты-ау, бір-еу

Болжамдық сан есім -дай, -дей, -тай, -тей

отыз-дай, елу-дей, жүз-дей, қырық-тай

Топтау сан есім -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен

үш-үштен, он-оннан, елу-елуден

Бөлшектік сан есім төрттен екі, алтыдан төрт, бестен үш, оннан бірі

15-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойыңыз.

............ саусақ бірдей емес. Білекті .......... жығады. Білімді ............ жығады. Қ ........... кісінің түсін білгенше, ............. кісінің атын біл. .............. ала болса, ауыздағы кетеді, ............ түгел болса, төбедегі келеді. ........... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Керекті сөздер: бір, бес, мың, алтау, тоқсан, төртеу.

16-жаттығу Төменде көрсетілген сандардан жинақтық, реттік, болжамдық сан есімдер жасап, тиісті сөздермен тіркестіріп жазыңыздар.

Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бес, жиырма жеті, отыз, қырық, жиырма бес, отыз алты, жетпіс, елу, бес жүз, үш мың.

17-жаттығу Сан есімдерді мағыналарына қарай топ-топқа бөліп, төмендегі кестені толтырыңдар.

есептік

реттік

жинақтық

бөлшектік

болжамдық

топтау

11.50-60, Алатау. Жетпістей. Жүздеген. Мыңыншы. Біреу. Бес-бестен. 242. Бірер. Қырықтай. 40-50. Отыз шақты. 5527. 1924. Жетінші. Екеу. Жиырмаға тарта. Төртеу. Сексен. Тоқсандай. Алпыстай. Он-оннан. 10. Бестен үш. Алтыдан төрт.

18-жаттығу Санға байланысты жұмбақтарды шешіңіздер.

Бір, екі, бес, он, Он екіге жетіп,

Жиырма, елу, Жүрген кері кетіп,

Жүз, екі жүз, мыңы бар. Ағайынды он екі

Әрқайсының құны бар. Бір атаның әулеті

Білімі жетсе, шамасы, Ағайынды жетеуінің

Алатын алар аласы Бесеуінің жұмысы бар

Бір мен бестің арасы. Жұмысы жоқ екеуінің

19-жаттығу Мәтін ішінен сан есімді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыздар.

Бірі – он жеті-он сегіз жастағы бала жігіт. Жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді. Сол жылы онда екі-үш – ақ құлынды бие, бірер ғана бұзаулы сиыр бар еді.

Коммуналдық меншік саласы бойынша 2008 жылғы 1 қаңтар жағдайында 1 акционерлік қоғам, 18 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, 261 коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар және 525 мемлекеттік мекемелер, 11 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.

Біздің ауылда бір мыңдай адам тұрады. Оның алты жүздейі балалар. Ауылда шамамен отыз-қырық үй бар. Балалардың төрт жүздейі мектепке барады. Ауыл шетінде шағын көл бар. Онда жүз шамалы үйрек, қаз жүзіп жүреді. Бұл құстардың үштен бірі біздің үйдікі. Балалар сыныпқа екі-екіден кіріп, орындарына отырды. Сабақтың басталуына бес минуттай уақыт қалды.

20-жаттығу. Ішінде саны бар сөздерді сөзбен жазыңыздар.

Тү +1, к + 2 + л, к + 3 + ік, 4 + бақ, дер + 5, б + 6 +р, 7 + стік, 8 + көз, 9 + құмалақ, с + 10 + ымен, жел + 90, 40 + ты, 6 +бақан.

26-тапсырма. Сын есімді қайталауға арналған.

Мысалдар

Есептік сан есім

Реттік сан есім

Жинақтық сан есім

Болжалдық сан есім

Топтау сан есім

Бөлшектік сан есім

бесінші

+

Жүзден

Он тоғыз

Алтылап

Алпыс екі

Он-оннан

Бес жарым

Елу-алпыс

Екі мың сегіз

Қырықтарда

Отыз бестей

Бестен бір

Жетеу

Оныншы

Екі-екіден

Жиырмада

Біреуге

Жүз елу бес

Тоқсаныншы

Мың жарым

Үш-үштен

25-ке жуық

Отыздарда

Екеуі

Қырық төрт

Жетеуміз

Сексен төртте

Отыздай

тоғыз