Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

53. Л/т. Қазақстан экономикасы

Г/т. Сөйлем мүшелері

Кеңес өкіметі кезінде Қазақстан КРСО (СССР) халқының 6 пайызын құрады. Одақ бойынша өнімнің 4,5 пайызын өндірді. Оның өзі көбіне шикізат болды. Сондықтан да нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен болды. Республикада адам басына шаққанда кіріс төмен болды. Товар-ақша тепе-теңдігі бұзылды. Нарыққа көшудің ұзаққа созылуына да осы сыртқы және ішкі жағдайлар әсер етті.

Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15-қарашада айналымға ұлттық валюта-теңгені енгізді. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге арналған қысқа,орта және ұзақ мерзімді жоспарлар жасалынды. Инвестициялық саясатты дамытты. Мақсат-ұлттық экономиканы қалыптастыру, өндірісті, ауыл шаруашылығын жаңа техникамен, технологиямен жабдықтау. Бұл әсіресе металлугия, отын-энергетикасы,ауыл шаруашылығы, көлік сияқты озық салаларға қажет болды.

Қазақстан экономикасын табиғи қорлар: көмір, мұнай, газ, су ресурстары, түсті және қара металлургия көтереді.

Ауыл шаруашылығы-халықты етпен,сүт тағамдарымен, көкөніспен, жеміспен, астықпен қамтамасыз ететін негізгі сала. Сонымен бірге өндіріске шикізат беретін негізгі көз. Яғни, еліміздің экономикалық салмағының 40 пайызын құрайды. Бұл сала шағын және орта бизнисті қолға алу саясаты негізінде дамиды.

Қазақстан экономикасын жеңіл жіне тамақ өнеркәсібі, инфрақұрылым, өңдеу салалары, машина жасаудың жекелеген шағын салалары, қызмет көрсету саласы, туризм дамытады. (Интернет материалы.)

272-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Қазақстан экономикасы туралы не білесіз?

2.ҚР ұлттық валютасы қашан айналымға енді?

3.Қазақстан экономикасын не көтереді?

4.Ауыл шаруашылығы қандай сала, экономиканың қанша пайызын құрайды?

5.Қазақстан экономикасын тағы қандай салалар дамытады?

273-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Қазақстан Республикасы...... 15 қарашада айналымға Ұлттық валюта-теңгені енгізді.

А) 1991жылы

В) 1992 жылы

С) 1993 жылы

7.Қазақстан экономикасын...... көмір, мұнай, газ.су ресурстары, түсті және қара металлургия көтереді

А) жер асты қорлары

В) табиғи қорлар

С) су қорлары

8......- халықты етпен.сүт тағамдарымен, көкөніспен, жеміспен, астықпен қамтамассыз ететін негізгі сала.

А) жер шаруашылығы

В) су шаруашылығы

С) ауыл шаруашылығы

9. Қазақстан экономикасын........ инфрақұрылым, машина жасаудың жекелеген шағын салалары, қызмет көрсету саласы, туризм дамытады.

А) жеңіл және тамақ өнеркәсібі

В) ауыр машина жасау өнеркәсібі

С) мұнай және газ өнеркәсібі

Сөйлем мүшелері

Сөйлем мүшелері - сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер. Сөйлем мүшесі болу үшін:

1.толық мағыналы сөз болуы керек

2.сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек

3.белгілі бір сұраққа жауап беруі керек

Сөйлем мүшелері тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) болып екіге бөлінеді.

217-жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдаңыздар.

Қазақ батырлары француздың рыцарьлары, жапонның самурайлары, индиялықтардың кшатрийлері сияқты тек әскери кәсіппен шұғылданған. Сондықтан батырлардың бар өмірі соғыста өткен. Соғыс негізінде Отанды жаудан қорғау, елді басқыншылардан азат ету, халықтың қонысын, жерін кеңейту, жау қолында өлген ата кегін қайтару мақсаттарымен жүргізілген. Үлкен соғыс алдында батырлар үлкен жекпе - жекке шығуы - олардың басты міндеттері болған. Жекпе - жек бірнеше күнге созылған.