Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

161-тапсырма

  • Ақын М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінің мазмұнын айтыңыз.

  • Өлеңнен шартты райды табыңыз.

  • Өлеңді жаттап алыңыз.

  • .Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Ең бірінші бақытым - ... .

Ал екінші бақытым - ... .

Бақытым бар үшінші - ... .

Мұхтар Шаханов

«Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атанған, Халықаралық А.Эйнштейн, А.Нобель алтын медалдарының иегері, бірнеше шетел академияларының мүшесі Мұхтар Шахановтың есімі туған топырағында да өзгеше құрметке ие. Ұзақ жылдар бойы мектеп оқулықтарынан, қалаң оқырман назарынан түспей келе жатқан Шаханов жырлары адамзат қоғамының күрделі рухани проблемаларын көтереді.

Төрт ана

Тағдырығды тамырсыздық індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы, айбыны,

Туған тілі - сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы - тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың,

Ешқашанда бақ-жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!

162-тапсырма

  • Өлеңдегі «Төрт ананы» атаңыз.

  • Өлеңнен синонимдерді табыңыз.

  • Өлеңді жаттап алыңыз.

31. Л/т. Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор. Қоғам және тіл.

Г/т. Етістіктің болымсыз түрі

Қоғам және тіл

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз. Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі.

Мемлекеттік тіл барлық халықтарды біріктіруі тиіс. Сондықтан да оны осы елдің әрбір азаматы еркін меңгеруі керек. Ал қазақ тілінің қазақтардың ана тілі екендігі – айдан анық нәрсе.

Қазақстанда саяси реформалар басталды. Бүгін біз Қазақстанның лингвистикалық қазынасы жалпы қазақстандық мәдениетті байытып, көп ұлтты халықтың бірлігін нығайтудың маңызды факторына айналды деп мақтанышпен айта аламыз.

«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» демеп пе еді Ахмет Байтұрсынов.

Тіл – халық тарихы, бір ұлттың өткені мен бүгіні, әдебиеті мен мәдениеті...

Ол жоғалса – сол ұлттың да жоғалғаны!

Мемлекет тіліне қиянат жасау – оның жүрегіне балта шабумен бірдей. Өйткені, ол ғасырлар бойы ата-баба рухымен қайраттанып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бір елдің өмірі, қайғысы, қуанышы...

Дүниедегі ең ауыр қайғы – ұлтыңның тілін жоқ ету.

Негізінде тіл мен қоғам бір-бірімен тікелей байланысты. Өйткені қоғамсыз тіл – жоқ, ал тілсіз қоғам – жоқ . (А.Исанова).

163-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Қоғам мен тілдің байланысы қандай?

  2. Ұлт пен ұлтты, халық пен халықты байланыстыратын не?

  3. Қазақстанда қандай реформалар жүріп жатыр?

  4. Тіл болмаса, ұлт болама ма?

  5. Дүниедегі ең ауыр қайғы не?

  6. Тілді сақтап қалу үшін не істеуіміз керек?

164-тапсырма.

  1. Мәтінен нақ осы шақты табыныз.

  2. Мәтінді әңгімелеп беріңіз.

  3. Мәтінге сүйене отырып, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

  1. ... – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал.

  2. ... барлық халықтарды біріктіру тиіс.

  3. Сондықтан да оны осы елдің әрбір азаматы ... керек.

  4. Ал қазақ тілінің қазақтардың ... екендігі – айдан анық нәрсе.

  5. Тіл – ... бір ұлттың өткені мен бүгіні, әдебиеті мен мәдениеті

  6. Ол жоғалса – ... жоғалғаны!

  7. Дүниедегі ... – ұлтыңның тілін жоқ ету.

  8. Негізінде ... бір-бірімен тікелей байланысты.

  9. Өйткені қоғамсыз ... – жоқ, ал тілсіз ... – жоқ .

Етістіктің болымсыз нысандары. Қазақ тіліндегі барлық етістіктер болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді. Болымсыз етістіктер болымды етістіктердің түбіріне -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: бар – барма, көтер – көтерме, сөйле – сөйлеме, жаз – жазба, әкет - әкетпе, тастат – тастатпа.

135-жаттығу. Берілген сөздерден қазақтың тыйым сөздерін жасаңыздар.

Өтірік айт -..., ұрлық жаса - ..., күш көрсет - ..., өсек тасы - ..., соқырды алда - ..., сөзді бөл -..., нанды бас -..., жолды бұз - ..., ата – анаға тіл тигіз - ..., өтірік дос бол - ..., әдепсіз бол - ..., босқа мақтан - ..., кітапты жырт -... , жаманшылық істе - ... .

136-жаттығу. Берілген тыйым сөздерден болымсыз етістіктерді тауып, жаттап алыңыздар.

1. Қайта кірер есігіңді қатты жаппа!

2. Ізет танытып, әдепті сақта, жатқан кісінің үстінен аттама!

3. Құр бекерге ермекке, бос бесікті тербетпе.

4. Шаршасаң сәл аялда, бірақ жер таянба.

5. Мылтық, пышақ сыйлама жақыныңа.

6. Кеңеске салақ қарама, кір жайма түнде далаға.

7. Ұлттық салттан бұлжыма, жұма күні кір жума.

8. Өзім қумын деме, кісі ақысын жеме.

9. Қашанда болсын есте, үлкеннің алдын кеспе!

10. Аманатқа қиянат жасама.

137-жаттығу. Өлең ішіндегі болымды, болымсыз етістіктерді ажыратыңыздар.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған өзіңе еп пе?

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме. (Абай)