Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

23. Соөж Қазақ атауының шығу тарихы.

Бiздiң арғы-бергi тарихта қазақ атауы шығу төркiнiнiң бiрнеше нұсқасы бар екенi белгiлi. Бiр нұсқада қазақтың арғы атасы сақ болғандықтан «қассақ» атанып, содан қазақ атанғанбыз десе, тағы бiрiнде қазақ «еркiн, азат» деген ұғыммен мәндес болғандықтан «қазақ» атанған дейтiн болжамдар бар.

Солардың бiреуi – алаш арысы Мұқаметжан Тынышбаев «Великие бедствия…» («Ақтабан шұбырынды») атты әйгiлi шығармасында айтылатын Крафт есiмдi зерттеушi ғалым талдаған аңыз – бiздiң осы талдауымыздың негiзгi өзегi болмақ. Аңыздың қысқаша желiсi мынадай (аңыз – жадымызда әбден көмескiленiп, жойылуға айналған ежелгi тарихымыздан хабар беретiн алғашқы дереккөз): ертеде Қалша-Қадыр деген кiсi қу медиен далада шөлден қаталап, өлуге шақ қалғанда, бiр қаз ұшып келiп, перiштеге айналады да, Қалша-Қадырдың аузына су құйып, өмiрiн сақтап қалады. Содан екеуi бас құрап, араларынан Қазақ туады. Қазақ халқы осы баладан тараған ұрпақ-мыс делiнедi.

Ардақты арысымыз М.Тынышбаев қазақ атауының құрамындағы «қаз»-ды – зат есiм, «ақ»-ты сын есiм деп қарастырып, түрiк тiлдерi ережесi бойынша сын есiм әр кезде зат есiмнiң алдында тұратындығын ескерiп, бұл нұсқаны қабылдамайды.

VIII ғасырда Орхон өзенi бойында тұрғызылған Күлтегiн ескерткiшiнде Соғдақ атауы кездеседi. Ғалымдар осы атауды зерттей келе, ерте заманда Соғды мемлекетiнiң (соғдылықтардың түпкiлiктi мекенi, яғни метрополиясы) тұрғындары сауда-саттық жасау мақсатымен басқа мемлекеттерге барып, өздерi бiрыңғай тұратын шағын қала немесе аудандар (соғдылықтардың барып қоныс­танған мекенi, яғни колониясы) қалыптасты деген пiкiрде болған сияқты. Осындай соғдылықтар ғана бiрыңғай тұратын мекенжайды сол дәуiрдегi көктүрiктер Соғ­дақ атағандығы – ғылымда анықталған жайт. Алайда аталмыш «ақ» жұрнағының көрсететiн емiлелiк қызметi көмескiленiп, бүгiнгi күнге бәз қалпында жетпей қалған. Бұны ерекше жұрнақ атап отырғанымыз да сондықтан. Ал мәселенiң этно-лингвистикалық қырына көбiрек назар аударатын болсақ, сөзден сөз туындауы әбден мүмкiн. Мәселен, аңыздағы кейiпкерiмiз «қаз» сияқты құстың бейнесi сақ дәуiрiнiң аң стилiндегi алтын жәдiгерлерiнде де көрiнiс тапқанын көрiп жүрмiз. Онда бәйтеректiң бұтақтарында бiр-бiрiне қарама-қарсы қарап, бiрi мойнын көкке созып, екiншiсi басын төмен салбыратып отырған екi құс бейнеленедi. Мойнын көкке созғаны Көк Тәңiрге табынуды бiлдiрсе, басын төмен салбыратқаны Ұмай – Жер-анаға iзет етудi бiлдiретiнiн кейiнгi ұрпаққа таңғажайып өнер туындысы түрiнде осылай аманаттаған болса керек

Қазақтың алғашқы хандары, билері мен батырлары

Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.  Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады. Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол (Қасым) әкесінің үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды» деп жазады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел басқарудағы қабілетсіздігіне араша түсе алмайды. Ақыры ол хандығын тастап, Самарқандағы қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым билікті өз қолына алады.

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Ол қауіпті көршісі Мұхаммед Шайбаниді талқандап, оның мемлекетінің құлауына себепші болады. Монғолстанның ханы Сұлтан Саид ханмен достық қатынас орнатады. Сондай ақ ол таяу көршілерімен ғана емес, сырт елдермен, мысалы, Мәскеу мемлекетімен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қатынас орнатып, орыстың сол кездегі кінәзі ІІІ Василиймен байланыста болған.

Жәнібек хан (1473-1480). Жәнібек Әбусағит (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) - Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. XV ғасырда өмір сүрген.

Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.

Әмір Темір (Құтбуддин Темір Гүркап, Темірлан) - қолбасшы, мемлекет қайраткері. 1336 жылы Түркістанда туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды.  

Әз-Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан деп те аталады, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі жүргенінен де көреміз.

Әбілқайыр хан (1693 - 1748) Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы.  

Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады. Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі.  

Бейбарыс Сұлтан. Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ.  

Абылай хан. Абылай, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан.  

Қабанбай батыр. Мәмбет – Қожақұл, одан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген.

Бөгенбай батыр. Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен.  

Алтынайұлы Қарасай батыр. Алтынайұлы Қарасай (1589-1671) – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған.  

Бөгенбай батыр. Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткен.

Датұлы Сырым. Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды  

Бұқар жырау Қалқаманұлы. Қалқаманұлы Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.  

М.Өтемісұлы

(1803 - 1846)

Махамбет Өтемісұлы - халықтың азаттығын көксеген күрескер, қол бастаған батыр, құдіретті ақын, дәулескер күйші.

Туып-өскен жері - Ішкі Бөкей ордасындағы Бекетай деген өңір. Бұл қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер.

Махамбет өзінің барша болмыс қасиетімен көшпелілер көсемінің соңғы тұяғы. Өзі туып-өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспанбет сияқты біртуар тұлғалардың өлмес мұрасын көкірегіне тоқып өскен. Әйгілі Сырым батырдың әділет сүйгіш, азатшыл рухы Махамбеттің бесік жыры болып, өмірінің мағынасына айналған. Ол өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, көзі ашық, көкірегі ояу жан болған. Ол орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген.

Махамбет поэзияда қандай дара болса, күйде де сондай оқшау. Оның бізге жеткен “Ақжелкен”, “Жайық асу”, “Жорық”, “Жұмыр-Қылыш”, “Исатайдың Ақтабаны-ай”, “Қайран Нарын”, “Қиыл қырғыны”, “Нарын”, “Өкініш”, “Тарлан”, “Шілдерлі терезе” т.б. күйлері арнайы күйтабаққа жазылып, жұртшылыққа “Махамбет күйлері” тақырыбымен таратылды. Оның күйлері адуын мінезімен, асқақ сезімімен дараланады. Азаттық үшін күрес жолында бастан кешкен қиындықтар үзеңгілес серіктерінің өр тұлғалары, туған жердің қадір қасиеті Махамбет күйлеріне арқау болып отырады.

112-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

а) Махамбет туған өлке.

б) Өмірі мен жыры өнеге болған тұлғалар.

в) Асқақ сезімді Махамбет күйлері.

М.Өтемісұлы