Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

23. Л/т Қазақ елі. Қазақ халқының тарихы

Г/т Тұрақты тіркестер

Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.  Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс. Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді. Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады.

Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады.

Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді. Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.

Тұрақты сөз тіркестері

Тұрақты сөз тіркестері тілде қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзінің негізгі мағынасынан мүлдем, не жартылай айырылып, біртұтас мағынаны білдіреді. Мысалы: ит өлген жер – алыс, жүрек жұтқан – батыр т.б. Тұрақты тіркестердің құрамы тұрақты, оны басқа тілде сөз – сөз аударуға келмейді, қолдануда дайын қалпында алынады. Олар сөзді көрікті, өткір ету мақсатында жұмсалады. Тұрақты тіркестер мағыналарына, қызметіне қарай идиомалар, фразалық тіркестер болып бөлінеді.

Идиома деп іштей бөліп-жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер тобын айтамыз. Мысалы: бүйректен сирақ шығару (орынсыз, жөнсіз іс), жер-жебіріне жету (ұрысу).

Фразалық тіркестер де идиомалар сияқты орын тәртібі жағынан тұрақты болып келеді. Ал мағыналық тұтастығы жағынан идиомадан айырмашылығы құрамындағы сөздердің бәрі не біреуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып қалмайды. Мысалы: тайға таңба басқандай деген фраза анық деген сөздің баламасы болса, мұнда оған негіз болып тұрған нәрсе – таңба басу деген тіркес.

109-жаттығу. Берілген идиомалардың баламасын табыңыздар.

Мұрнын көкке көтереді; ешкімнің ала жібін аттамайды; қара қылды қақ жарған; мойнына су кетіп жүр; сағы сынды; төбе шашы тік тұрды; ұнжырғасы түсіп жүр; тауы шағылды; салы суға кетті; жегенін желкесінен шығарды; жүрегім тас төбемнен шықты; жігері құм болды; ит терісін басына қаптады; сай сүйегім сырқырады.

110-жаттығу. Мына тұрақты тіркестердің орысша баламасын табыңыздар.

Мысалы: Ағама жеңгем сай – два сапога пара.

Төбе шашым тік тұрды; көзге шыққан сүйелдей; көздің қарашығындай сақтау; есік көрсету; басы ауған жаққа кету; жаны ашу; сүттен ақ, судан таза; өзінің бес саусағындай біледі; бармағынан бал тамған; екі езуі екі құлағында; білегін сыбанып кірісу.

111-жаттығу. Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді табыңдар.

Адассаң, өзім бармын. Жарғақ құлағым жастыққа тимей іздейтін боламын. Мұндайда аузын бағатын Мәмет қарт та сөйледі. Осының бәрі, күнде есіте берген соң, еті өліп, құлағы қанған әңгіме сияқты. Аспанды алақандай, жерді тебінгідей қылатын ештеңе жоқ. Балқия әңгір таяқ ойнатуын қоймады. Әбеннің екі езуі екі құлағында қонақ күтісіп жүр. Түн бойына ұйықтай алмай, көрер таңды көзімен атқызып жүрді. Жұлдызым бұл жерде жанбаса, басқа жерде жанады.

112-жаттығу. Берілген тұрақты тіркестердің орысша баламаларын тауып, қасына жазыңыздар. Мысалы: Көз ілмеді – не спал

Сегіз қырлы, бір сырлы; тас бауыр; жерге кіргендей болу; өкшесін жалтыратты; кірпік қаққанша; жүрек жалғау; жаны жай табу; басын сұқпау; қол ұшын беру; қабағынан қар жауды; бетінен оты шықты; көзді ашып-жұмғанша, айдап салу; біреуге ор қазу; алақанына салу; қой аузынан шөп алмас; көзі алақандай болу; отқа май құю; табалдырығын тоздыру; сөздің майын тамызу; бармағын тістеу; ат ізін салмау; жүзіктің көзінен өткендей; жібі түзу; қырық пышақ болу; тірідей жерге кіру; іші тар; тепсе темір үзеді; жұмған ауызын ашпау; инемен құдық қазғандай; мойыны жар бермеу; оң көзбен қарау; сыбағасын алу; тілі байлану; үріп ауызға салғандай; өкпесі қара қазандай.