Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

21. Соөж Қоршаған ортаны қорғау. Экологияның адамға әсері

Қазақстан Республикасының табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала, тау, орман, өзен, көлдер кездеседі.

Жетісу өңірінде ақ басты таулар мен одан басталатын сарқырамалар, жидегі мол сайлар мен көгалдар көршілес жатыр. Орталық Қазақстан жазық даласын, ұсақ қыраттарын, әдемі де сирек құстар мекені – Теңізді мақтан етеді. Солтүстік пен Шығыста қарағайлы ормандардың әдемілігі көз тартады. Қазақстан Республикасында сирек жан-жануарлардың 305 түрі, өсімдіктердің 87 түрі кездеседі.

Маңғышлақ бұғазында теңіз деңгейінен төмен орналасқан Қарақия ойпаңы бар. Елімізде бірнеше табиғат қорығы бар, олар мемлекет қамқорлығына алынған.

Қазір Қазақстанда табиғат байлығын қорғау, оны арттыру үшін «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс істеуде. Ол дүниежүзілік «Гринпис» қозғалысымен үндес. «Жасыл ел» жастарды табиғатты қорғауға, сақтауға шақырады.

101-тапсырма. «Табиғатты қорғау» дегенді сіз қалай түсінесіз?

102-тапсырма. Мағынасы келетін сөздермен тіркес құраңыз: апат, зардап, қауіпсіздік, нашар, дағдарыс, қатынас, аймақ, таза тағам, қорғау, мәселелер, жақсарту.

Овал 40Прямая соединительная линия 39Прямая соединительная линия 38Прямая соединительная линия 37Прямая соединительная линия 36Прямая соединительная линия 35Прямая соединительная линия 34Прямая соединительная линия 33Прямая соединительная линия 32Прямая соединительная линия 31Прямая соединительная линия 30

103-тапсырма. Қазақстан табиғаты туралы тағы не білесіз?

22. Л/т. Саяхат. Қазақстанның тарихи орындары

Г/т. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы

Қазақ елінің мемлекеттілігінің белгісі - ежелден елді бір жерден басқаратын бас қалалары мен орталықтарының болуында. Бұл қалалардың саяси-экономикалық, әскери-шаруашылық, сауда, ең бастысы ел басқаруда маңызы зор.

Орынбор

Орынбор - тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын.

1731 жылы Әбілқайыр хан Ресейге қарау туралы ант берген. Сөйтіп, Орынбор бекінісі Ресейдің бүкіл Орталық Азияны басып алуының кілті болған. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған. Олар өз елінің алғашқы зиялылары аталған. Араларында қоғам қайраткерлері Халел Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер және тағы басқа белгілі азаматтар болған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген “Айқап” журналы осы қалада басылып шыққан.

Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқай және т.б. қазақ зиялылары жұмыс істеп, еңбектерін жазған.

Қызылорда

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, қазір Қызылорда қаласы астана болды.

Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық елестейтін.

Қалада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары өзінің талантымен танылды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық театрдың ғимараты бой көтерген.

Қазіргі Қызылорда - ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың Отаны. Газ бен мұнай өнеркәсібінің орталығы.

Алматы

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді.

Алматы - көне қала. Археологтардың айтуы бойынша бұдан екі мың жыл бұрын да қала болған. Ежелгі заманның өзінде-ақ Алматы деп аталған.

1854 жылы Кіші Алматы өзені бойында іргетасы қаланған. Сол кезде ол әскери бекініс болатын. Алматыға “ Верный” деген ат берілді.

1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді. 1929 жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді.

Қазіргі Алматы - өндірістің, ғылым мен мәдениеттің, өнердің аса ірі орталығы. Қазіргі кезде миллионнан астам көп ұлтты халқы бар.

Республика тәуелсіздігінің белгісі - Алтын адамның биік бағана үстіне орнатылған мүсіні алыстан көз тартады.

104-тапсырма. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып: “Орынбор”, “Қызылорда”, “Алматы” тақырыптарына шағын шығарма жазыңыз.

105-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстан Республикасының ең алғашқы астанасы қай қала болды?

  2. Одан кейін қай қала астана болды?

  3. Алматы қай кездерде Қазақстан Республикасының астанасы болды?

106-тапсырма. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз және оларды пайдаланып сұраулы сөйлем құраңыз, оған жолдасыңыз жауап берсін.

Үлгі: самая первая столица – ең алғашқы астана. Қазақстанның ең алғашқы астанасы қай қала? – Қазақстанның ең алғашқы астанасы – Орынбор.

Подписать указ; стала называться; новая столица; выросли; памятники; главный город

Астана - Қазақстанның бас қаласы

Қазақстан Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор (1920-1925), одан кейін Қызылорда (1925-1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.

1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау” туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, енді Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.

Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналады. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би , Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның ХХІ ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.

Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. “Бәйтерек” ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы, бас қала.

Астана қоныс тепкен мекеннің негізі 1830 жылы қаланған. Ол киелі Сарыарқа даласының төсінде, көшпелілердің ежелгі өркениеті осынан бастау алған.

Астана – Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. Бұл жер Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтардың туған мекені.

1832-1961 жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды, ал КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде, Целиноград қаласы болып өзгертілді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі қабылданды. Сөйтіп Қазақстанда жаңа астана пайда болды. Қаланың аты жаңаша – Астана деп аталды.

Астанада тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген университеттер, институттар, колледждер бар.

Астана Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда Президент, Парламент және Үкімет орналасқан.

Астана – алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзімнің ішінде мұнда Үкімет ғимараттары, «Континенталь» қонақ үйі салынып, орталық көшелер қайта жаңаланды.

21 ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.

107-тапсырма.

  1. Киелі, тәуелсіздік, өнеркәсіп, ғимарат, ғасыр сөздерін орысшаға аудару.

  2. Астана – алып құрылыстар қаласы фонетикалық талдау.

  3. Әлемдігі, өмір, көшпелілер, қоныс сөздеріне сөйлем құрау.

  4. Мәтіннен зат есімді табыңыз.