Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Әдет-ғұрыптары

«Халқым  қандай  десең  салтымнан  сұрап  біл» демекші  салт-дәстүрлерден   халықтың  мінез-құлқы,  үлгі-өнегесі,  даналығы,  шешендігі,  танымдық  көзқарастары көрінеді.   Қазақ  халқы  қазақ  атанғалы  бері  қаншама  ықылым  заман,  сан ғасыр  өтті.  Әсіресе  түркі  тектес  туыстас  халықтардан   еншісін  алып,  өз  алдына  жеке  ту  тіккелі   бері  қазақтар  өз  ата-баба  дәстүріне шын  беріліп,  оны қожыратпай, әрін кетірмей,  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін  және  тілін  сүттің  қаймағындай  қадірлеп,   өте  таза  сақтап  келгені  белгілі.

Сол ғажап,  орасан  бай  салт-дәстүрлері   кеңестік  дәуірде  адам  санасынан   еріксіз  өшіріліп,  біржолата ұмыт  болып  кете  жаздағанына  тарих  куә.   Егемендікке  қолымыз   жетіп,  тәуелсіз ұлттық   мемлекетіміз   уығын  шаншып,  іргесін  көтергелі ғана   салт-дәстүрлерімізді  қалпына  келтіріп  келе  жатырмыз.  Ғасырлар бойы   қалыптасып,  халқымызбен   бірге жасасқан, көркейген   ұлттық салт-дәстүрлеріміз  -  азаматтарымызды,  әсіресе  жас ұрпақты имандылыққа,  инабатылыққа,  адмгершілікке   тәрбиелеудің  баға  жетпес  құралы. 

      Сол себепті  де  ғибраты  мол салт-дәст.рлерімізді  ұрпақтар  сүйегіне   сіңіріп,  бойына   дарыту  үшін  халқымыздың   асыл  қазынасын   молынан  насихаттауымыз  қажет.  

      Қазақ  ұлттық  салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрыпқа  бай  халық.   Жас сәби  «іңгәлап»,   жар салып жарық  дүниеге  келгеннен,  адам  қартайып бұ  дүниемен    қоштасқанға  дейінгі аралық   олардың  әрбір баспалдағы,  әрбір кезеңі  өзіне  лайықты   той-томалақпен,  қуанышпен  аталып  өткен.   Тіпті  ақырғы демі  бітіп,  соңғы  сапарға  аттанған  адамды   арулап  жөнелтудің  өзі  де  халқымыздың  өзіндік ерекшелігі   мол  ғажап салты  боп  қалыптасқан. 

Халықтың  игі әдеттері дағдылана   келе әдет-ғұрыпқа,  әдет-ғұрыптар  салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен  жөн-жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы  өмірде қолданыс тауып келеді.

Ежелден келе жатқан ата кәсіп, қоршаған орта, табиғат тағылымы, тұрмыс-тіршілік өзгешелігі қазақ халқының өзіндік тамаша әдет-ғұрыптарын туғызды.

Шешендік өнер

Халқымыздың психологиясын аса биіктен көрсететін ұлттық ерекшеліктерінің бірі – суырып салма шешендік. Ш.Уәлиханов: «Қазақ шешендікке құмар, сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты жаны сүйеді» – деп айтқан еді. Шешен сөйлей білу – адамдардың асыл қасиеттерінің бірі. Халық оны өзгелерге психологиялық жағынан әсер етудің ерекше құралы, тәсілі деп те санаған.

Шешендік өнер дарыған кісі отаншыл, елінің салт-дәстүрін айтуға болуы керек.

Шешендіктің мысалы ретінде қазақ халқының айтыс өнерін айтуға болады.

Шешендік сөздер үш түрге бөлінеді : 1. Аталы сөз. 2. Қанатты сөз. 3. Нақыл сөз.

Бәрі бірге Тәлім-тәрбие, өнеге беру, халқымыздың тіл байлығын меңгерту үшін пайда болады. Шешендік сөздер мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді, үлгілі сөздер ғана шешендік сөз бола алады. Ең алдымен халық шешендігі - түгел сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дәні, халық арысына кең таралып, нақылға, тақпаққа айналып кеткен сөздер ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, тұтас бір халықтың даналық мектебіне айналған.