Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

2.3 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары

1. «Қазақ елі» монументінің биіктігі нені білдіреді?

А. Қазақ халқының кешегісі мен бүгінгісін.

Ә. Ұлтаралық татулықты.

Б. Әрі қарай дамуға ұмтылысты.

В. Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылды.

Г. Халықтың ерлігі мен күш жігерін.

2. «Тәуелсіздік» монументіндегі жас сарбаздардың сұсты, айбарлы тұлғасы нені

аңғартады?

А. Ұлт-азаттық қозғалыстың көрінісін.

Ә. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңдерді.

Б. «Тәуелсіздік» монументінің беріктігін, мықтылығын.

В. Қазақ халқының тарихи өмірін.

Г. Сәулетшілік өнерді.

3. «Тіл туралы» Заңда не және қашан қабылданды, бекітілді?

А. 1989 жылы ҚР-да мемлекеттік тілдің бекітілуі.

Ә. 1992 жылғы мемлекеттік комитеттің құрылуы.

Б. 1987 жылғы еліміздің тарихи құжаты.

В. Мемлекетті қарусыз мемлекетке айналдыру.

Г. ҚР-сы деп атау туралы шешім.

4. Астана қаласы қай жылы ҚР-ның астанасы болып жарияланды?

А. 1990

Ә. 1993

Б. 1995

В. 1980

Г. 1997

5. Бүкілхалықтық сайлауда ҚР-ның Президентін екінші рет қай жылы сайлады?

А. 1995

Ә. 1992

Б. 1994

В. 1999

Г. 1996

6. Семей ядролық полигоны қай жылы жабылды?

А. 1993

Ә. 1996

Б. 1991

В. 1995

Г. 1998

7. Күй атасы Құрманғазының күйлері кімге арналған?

А. Қазақ халқын қанаушылыққа қарсы күреске, халықтың жоғын жоқтауға.

Ә. Саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуге.

Б. Елдегі салт-дәстүрді реттеуге.

В. Халықты сыртқы жаудан қорғауға.

Г. Халықтың ішкі дауын болдырмауға.

8. Көшпелі қазақ халқының тұрмысындағы ең басты рөл атқарған зат не?

А. Қыш, фарфор, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ.

Ә. Әр түрлі бұйымдар.

Б. Киізден жасалған бұйымдар.

В. Ескерткіштер.

Г. Мүсін туындылары.

9. Мұражайлардың негізгі мақсат-мүддесі не?

А. Экспонаттармен таныстыру.

Ә. Қазақ халқының тарихынан мәлімет беру.

Б. Әлемдік өнер туындыларын сақтау, насихаттау, көрсету.

В. Ескерткіштермен қамтамасыз ету.

Г. Өзіндік мәдениетімен ерекшелену.

10. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ашылуына қашан 70 жыл толды?

А. 2000

Ә. 2002

Б. 1995

В. 2004

Г. 1997

11. Әлихан Ермеков кім?

А. Революционер.

Ә. Соғыс ардагері.

Б. Қоғам қайраткері, ұстаз-ғалым.

В. Әскери комитеттің мүшесі.

Г. Белсенді азамат.

12. Табиғи ескерткіштерге не жатады?

А. Көнеден келе жатқан тұрмыстық бұйымдар.

Ә. Орта ғасыр туындылары.

Б. Ұлттық киім үлгілері.

В. Табиғат құбылыстарынан болған кескіндемелер (су, ыстық пен суық, жер сілкінісі

және т.б.).

Г. Әр түрлі туристік орталықтар.

13. Орынбор қаласы қай жылдар аралығында Қазақстанның бірінші астанасы

болды?

А. 1918-1923

Ә. 1925-1930

Б. 1920-1925

В. 1920-1922

Г. 1924-1928

14. Қазақстанның екінші астанасы болған Қызылорданың бұрынғы аты қалай

аталған?

А. Ақтоғай

Ә. Ақкелін

Б. Ақмешіт

В. Аққала

Г. Аққайың

15. 1963 жылы М. Әуезов бас болып құрған «Жас тұлпар» атты ұйымның

мақсаты не болды?

А. Қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру.

Ә. Сол кездегі жер өңдеу мәдениетін көтеру.

Б. Ұлттық егемендікті шектемеу.

В. Экологиялық сипаттарды болдырмау.

Г. Қазақ жастарының ұлттық санасын ояту.

16. ҚР-ның Президенті бірінші рет қай жылы сайланды?

А. 1998

Ә. 1993

Б. 1991

В. 1995

Г. 1997

17. ҚазҰТУ-ға Қ.И. Сәтбаевтың аты қай жылы берілді?

А. 1996

Ә. 1998

Б. 1999

В. 2000

Г. 2003

18. Бүкіл қазақ даласындағы шайқастарда Абылай хан қандай ерекшеліктерімен

көрінді?

А. Қазақ хандығының күшін біріктіріп, оны әскери қуатты мемлекетке айналдырып,

көп жерлерді қайтарып алғандығымен.

Ә. Қарапайым қатынастарды қалыптастыруға атсалысқандығымен.

Б. Шексіз билікке қол жеткізгісі келгендігімен.

В. Саяси ұтыстардан бас тартқандығымен.

Г. Әр түрлі келіссөздер жүргізгендігімен.

19. «Ақтабан шұбырынды» атанған тарихи кезеңде Төле би халыққа қандай

қолдау көрсетті?

А. Төле би Абылай ханмен бірігіп, сыртқы саясатпен айналысты.

Ә. Нақыл сөз, мақал-мәтелдерді насихаттады.

Б. Ірі оқиғалардың ортасында жүрді.

В. Заң кодексін шығаруға қатысты.

Г. Халқын азат етуге атсалысты, оларды кішіпейілділікке шақырды, байлардың

малымен бала-шағаны асырады, елім-жерім деп таусылмайтын жыр жырлады.

20. Жауын жер жастандырып, өз халқының жауынгерлерін жеңіске бөлеп

отырған халық батыры Қабанбай сан алуан шайқастарға қанша рет

қатысты?

А. 200 – 260

Ә. 300

Б. 180

В. 250 – 270

Г. 80 – 90

21. Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы – Б. Момышұлы

шығармаларының негізгі тақырыбы нені дәріптеген?

А. Халықтың өмірін.

Ә. Өзінің әскери өмірбаянын.

Б. Соғыс кезінде батальон, полк, дивизияны қалай басқарғанын.

В. Жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуын, елдік пен ерлікті, жастарды Отан

қорғау рухында тәрбиелеуді.

Г. 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанғанын.

22. әл-Фараби адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешетін қабілетті

ең басты күш деп нені атаған?

А. Ақыл-парасатты.

Ә. Шығармашылық қабілетті.

Б. Қоғамдық мәселелерді шешуді.

В. Талаптылықты.

Г. Әр түрлі тұжырымдар жасауды.