Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы – Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Бауыржан Момышұлы қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.

Жеті жылдық мектепті бітірген соң, біраз уақыт мұғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Ауылға оралған соң, біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. 1936 жылы қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, ол даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарады.

Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Б.Момышұлының әскери өмірбаянында Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады, сол шайқастағы ерлігі Одақ көлеміне аңыз болып тарайды. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» («Волоколам тас жолы») повесін жазады. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

Бауыржанның басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-шы гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюкова қонысы үшін шайқаста 19 полкті басқарады.

Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді (1950), сонда әскери-педагогикалық қызметпен айналысады, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 ж. Гвардия полковнигі – Б.Момышұлы отставкаға жіберіледі. Бұдан кейін ол біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы – жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отанды қорғауға дайын тұру рухында тәрбиелеу болып табылады. Бауыржан қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген-білгендерін шығармаларында арқау етеді.

Б.Момышұлының басты шығармалары: «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы» (1956), «Москва үшін шайқас» (1958), «Майдандағы кездесулер» (1962) және т.б.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен марапатталады. Кеңес Одағының Батыры атағы Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткен соң, ол дүние салғаннан кейін 1990 ж. берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Оның есімі мектеп, көше, елді мекендерге берілді.

Ол 25 жыл өмірін әскер қатарында өткізді, фашистермен 207 рет қанды шайқасқа кіріп, 5 рет өлім құрсауында қалды, 2 рет жараланды.

Б.Момышұлының қаһармандық даңқы күллі әлемге жетті. Азия, Африка, Латын Америкасы құрлықтарында 50-ші жылдары «Волоколам тас жолын» әркім өз тіліне аударып, қолдан-қолға таратып әкетті.

В.Швацковтың қойған «Волоколам тас жолы» пьесасы Б.Момышұлының әскери өмірбаянын суреттейді.

Сөздік:

жасақтау основать; организовать дружину; переформировать дивизию

қаһармандық – героизм; героический; подвиг; отвага

атқыштар дивизиясы – стрелковая дивизия

шығармашылық – творчество

дәріптеу – возвеличить; воспеть; популяризация; превозносить; хвалить; восхвалять

елдік – миролюбие; мирное взаимоотношение

ерлік – героизм; доблесть; мужество; храбрость

145-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі, полковник И.И.Серебряков өзінің

Үндеу хатында не туралы жазды?

– 1944 жылы 8-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі, полковник

И.И.Серебряков КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумына жазған Үндеу хатында:

«Жолдас Б.Момышұлына құрмет көрсетуді..... өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің

парызым деп білемін....... әділдік менен осыны талап етеді», - деп жазады. Бірақ бұл

аяқсыз қалады. ....... одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады.

– Б.Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы қашан берілді?

– 1942 ж. Б.Момышұлын Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл

марапатталу қағазы жоғалып кетеді. Б.Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы

Отан соғысы біткеннен кейін 1990 жылы берілді.

146-тапсырма. Үндестік заңын оқып, қайталап, ілгерінді, кейінді ықпалдарды

мысалдармен түсіндіріңіздер.

Үндестік заңы (Сингармонизм)

Сингармонизм – гректін Syn – «бірге» және harmoni – «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.

Басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінің дыбыстары да сөз ішінде, сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үндесіп, біріне-бірі жасалуы, айтылуы жағынан үйлесіп отырады. Мысалы: бала-лар, мектеп-те, қала-ға т.б.

Сөз ішіндегі сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бірімен-бірі ұқсауын үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі болады: а) буын үндестігі; б) дыбыс үндестігі.