Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

1. Топтау үстеуі: 2. Мөлшер үстеуі:

а) мейлінше, әдейі а) әдейілеп, әрі, бері

ә) сәл, нық, дәл ә) барынша, онша

б) азғантай, көп б) үшеулеп, ішке

в) тең-теңімен в) бірталай

г) анда-санда г) бірен-саран, ішкері

452-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауаптарыңызды көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

1. Үстеу мағынасына қарай неше түріне бөлінеді? ----------------------------------------------

2. Себеп-салдар үстеулер қандай сұрақтарға жауап береді?-----------------------------------

3. Әдейі, жорта, қасақана үстеулері үстеудің қай түріне жатады? ------------------------

4. Сын-бейне үстеулеріне қай үстеулер жатады? ------------------------------------------------

5. Сондайлық, неғұрлым, біраз, бірен-саран

үстеулері үстеудің қай түріне жатады?----------------------------------------------------------

6. Мекен үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді? -------------------------------------------

7. Топтау үстеулерін атаңыздар. ---------------------------------------------------------------------

8. Мүлдем, керемет, барынша, кілең тым,

нағыз үстеулері үстеудің қай түріне жатады?--------------------------------------------------

9. Мезгіл үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді? -------------------------------------------

453-тапсырма. Үстеулерді тауып, оларды түрлеріне қарай ажыратып, сұрақтар қойыңыздар.

1. Көп адамға көктем де, қыс та арайлы, 2. Бүгін, міне, қарасам,

Ал мен үшін алтының да мыс талайғы ..... Бір кеш кетіп барады.

3. Бүгін сағы сынды деп, 4. Бекер ғой бәрі,

жақаныңды басынба! Бекер ғой бәрі – бөтен ғой.

454-тапсырма. Жыр жаттайық! Байтақ елімізідің кіндігі – Астана туралы өлеңді жаттаңызда. Бас қала – жас қаламызды мақтан тұтыңыздар.

А с т а н а

Өлеңін жазған Абдрахман Асылбек. Әнін жазған Қабділрашид Қайым

Тарихы таңғажайып дастан – аңыз, Астана – байтақ жердің кіндігі бұл,

Арқада – алтын орда Астанамыз. Астана – дарқан төрдің түндігі нұр.

Керемет сәнді үйімен, ән күйімен, Береке, мерекелі ортақ орда. Құлпырып көз тартады бас қаламыз. Астана – жалпақ елдің бірлігі бұл.

Астана, Астана – Қазақтай халқы бар,

Көркем бұл жас қала Кеңпейіл салты бар,

Өркенде бас қала, Әлемге даңқы бар –

Астана, Астана! Астана, Астана, Астана!

Қазақтың қасиетті әр төбесі,

Астана – алып тұлғаң нар төбесі.

Ғасырдан ғасырларға қанат жайып,

Асқақтап арта берсін мәртебесі!

13-апта. 37-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Сабақтас құрмалас (мезгіл, мақсат бағыныңқылы) сөйлемдер.

455-тапсырма. Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштері туралы мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.