Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Есептік, болжалдық, бөлшектік сан есімдері

Есептік сан есімдер заттың сандық мөлшерін білдіреді де қанша? неше? (сколько?) деген сұрақтарға жауап береді. М.: бір, бес, отыз, қырық, жүз, үш мың, он мың т.б.

Болжалдық сан есімдер– белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін дәл атамай, болжап, шамамен көрсетеді. Олар 3 жолмен жасалады:

1. -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарының жалғануы арқылы. М.: Мына мекемеде он бес-тей адам жұмыс істейді.

2. -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. М.: Сабақ үш-тер-де басталады. Әлия он тоғыз-дар-да. Дәрісханада он шақты студент отыр.

3. Екі есептік сан есімнің қосарлануы арқылы жасалады. М.: алты-жеті (шесть-семь), отыз-қырық (тридцать-сорок).

Бөлшектік сан есімдер – негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. М.: Сол өнімнің 2/3-сі (үштен екісі) Қазақстанда. Бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге шығыс септігінің жалғауы жалғануы арқылы жасалады. М.: 2/4 (төрттен екі), 3/10 (оннан үш) т.б.

231-тапсырма. Төмендегі сан есімдерді сөзбен жазыңыздар. Сан есімнің болжалдық, топтау, бөлшектік түрлерінің әрқайсысына бес сөйлемнен құрастырып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

5,063; 0,6; 3,55; 11,56; 1763; 1011; 5083; 972; 2005; 30692; 42, 12356; 4701; 29; ХХ ғасыр; 3 000 000; 67060; 87.

232-тапсырма. Сөйлемдердегі бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазып, оқып шығыңыздар.

Жер шарының 3,2 бөлігін су алып жатыр. Жапон аралдарының бүкіл ауданының 6,5 бөлігіне жуығын қалың ормандар, таулар алып жатыр. «Мың жылқы» бөгеннің (бөген – водохранилище; дамба; плотина) ең енді жері – 1,56 км., ұзындығы – 5,8 км-ге жетеді. Орташа тереңдігі – 5,2 метр, ең терең жері – 9 метр. Қазақстанның мемлекеттік орман қорының көлемі –26,4 га.

233-тапсырма. Сан есімдерді сөзбен жазып, олардың түрін атаңыздар.

0,7; 0,025;

234-тапсырма. Болжалдық сан есімдер жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіздер.

  1. -ыншы, - інші, -ншы, -нші

  2. -ау, -еу, -нан, -нен, -дан, -ден

  3. -тан, -тен, -дан, -ден

  4. -дай, -дей, -тай, -тей, -даған, -деген

235-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі көп нүктелердің орнына тиісті сан есімдерді қосып жазыңыздар.

................ бірі – Қыдыр. ....................жарты – бір бүтін. ................. рет өлшеп, бір рет кес.

.................. жақсы қас болмас, .............жаман дос болмас. Ер кезегі ............. дейін. .............сомың болғанша, ................ досың болсын. ............... тентек елге симас.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті сан есімдер: қырықтың, екі, жеті, екі, екі, бір, үшке, жүз.

236-тапсырма. Сөйлемдердегі сан есімдердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (мақал). Жаңа салынып жатқан биік үйлердің айналасында мыңдаған адам, жүздеген машиналар құмырсқадай қайнайды (Ғ. Мүсірепов). Сексеннен асқан аңшы мен елуден асқан күзетшінің бас қосатын жері осы ұста дүкені болды. Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл (мақал). Кейінгі жылдары Қазақстан жеңіл өнеркәсібі 2,8 млрд. сомның халық тұтынатын тауарын өндіреді. Жетінші бес жылдықта құрылыс-монтаж жұмысына 35,9 млн. сом бөлінген. Биыл күзде үшеуімізді жасы асқандар қатарына жатқызып, балалар үйінен Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің интернатына ауыстырды (Ө. Қанахин). Бұлақтың екі жағы да ағашсыз ашық. Біз шыққан дөңестен екі-үш жүз метрдей ғана қашықтықта еді. (Қ. Қайсенов).

237-тапсырма. Мұнай өнімін өндіруден мәлімет алыңыздар. Екі бөліктегі сан есімді тіркескен сөз тіркестерін бір-бірімен сәйкестендіріңіздер. Сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

1. Өзен кенінен 334 мың

а) монографиясы жарық көрді.

2. Академик Н.И. Андрусов

1877жылы

ә) 5 шілде күні мұнай фонтаны

атқылады.

3. Оның 1915 жылы «Маңғышлақ»

атты

б) 28,5 миллион тоннаға жеткізілді.

4. № 6 скважинаның 2389 м

тереңдігінен

в) 1,48-2,48% парафин бар.

5. 1999 жыл. Мұнай өндіру көлемі

г) АҚШ долларына пайдалы

қазындылар өндірілген.

6. Мұнайдың құрамында

ғ) 15 мамандық бойынша инженер

кадрларын дайындады.

7. 1979 жылы бүкіл жер жүзінде

450-470 млд.

д) Каспий сырт жағында геология

маршрут зерттеуін жүргізді.

8. ҚазТКМИ 1934-1960 жылдар

аралығында 6 факультетте

е) тонна мұнай өндірілді.

238-тапсырма. Төмендегі сан есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Он-оннан, жиырмаларда, екі-үш, тоқсандай, миллионнан астам, сексен шақты, жиырма-отыз, он жарым, бестен бірі, жиырма үш бүтін оннан үш, отыз-қырықтай, қырықтарда.

239-тапсырма. Өлең жолдарындағы сан есімдердің астын сызып, олардың қай септікте тұрғанын айтыңыздар.

Екеумізді достасқан тілек қосты, Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Айнымайтын сенімді жүрек қосты. Әрқайсысы алтын кесе аясында...

(С. Мұқанов) (С. Сейфуллин)

Батырдың қырыққа таяу келген жасы,

Денесі биік жота, таудай басы...

* * * * *

Бес жаста безіп үйден тал ат мініп, Отызда ор қояндай аспанға атып,

Он жаста жарға ойнаған лақтайсың. Қырықта мүшеленген құр аттайсың.

Келгенде жиырмаға сазда өсетін, Елуде ақыл-ойың тегіс толып,

Балауса бейне балғын құрақтайсың. Төскейден сарқыраған бұлақтайсың.

(Балуан Шолақ)

240-тапсырма. Бөлшектік, болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтарды торларда көрсетіңіздер.

Сан есімнің түрлері:

Бөлшектік есептік болжалдық

жұрнақтары: жұрнақтары:

7-апта. 20-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына қарай (қатаң, ұяң, үнді) жіктелуі.

241-тапсырма. Арғы тарихы екі мың жылдан асатын қазақ халқының ең көне қалаларының бірі – Отырар жайлы мәліметтер алып, түсініп, мазмұндаңыздар.