Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Ашық буын (Открытый слог)

Слог, состоящий только из одной гласной фонемы или начинающийся с согласного и оканчивающийся на гласный, называется открытым. Например: а-та, ба-ла, і-ні, те-рек, ал-ма.

Тұйық буын (Полузакрытый слог)

Слог, который начинается с гласного и оканчивается на согласный, называется полузакрытым. Например: ат, от, ет, өрт, ар-ман, ал-мұрт.

Бітеу буын (Закрытый слог)

Слог, начинающийся с согласного и оканчивающийся на согласный, называется закрытым. Например: ба-ла-лар, дәп-тер, жаз, гүл, мақ-сат, төрт, қант, құрт.

Түрлері (Виды)

Мысалдар (Примеры)

1.Ашық буын

(Открытый слог)

Бір дыбысты (Однофонемный)

Екі дыбысты (Двухфонемный)

а-та, ә-ке, і-ні. М.: Е, солай ма?

ба-ла, қа-ла-ға, те-ре-зе, да-ла

2.Тұйық буын

(Полузакрытый слог)

Екі дыбысты (Двухфонемный)

Үш дыбысты (Трехфонемный)

от, ат, ет, ер, ел, ұн, ін, ол, іс, үш

ант, өрт, ұлт

3.Бітеу буын

(Закрытый слог)

Үш дыбысты (Трехфонемный)

Төрт дыбысты (Четырехфонемный)

тас, тіс, қыс, гүл, күш, тіл, мыс, жаз

қант, жент, тарс, тырс, жұрт, төрт, құрт, бұлт

204-тапсырма. Сөйлемдерден бірнеше сөзді теріп жазып, буынға бөліп олардан

ашық буынды ажыратыңыздар.

Ү л г і : 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес үкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады.

Сөздерден ашық буынды көрсету керек. Жұмыстарына: жұ+мыс+та+ры+на; ашық буын: жұ; -та; -ры; -на. Меңгерушісі: мең+ге+ру+ші+сі; ашық буын: ге; - ру; -ші; -сі.

205-тапсырма. Сөйлемдерден бірнеше сөзді теріп жазып, буынға бөліп, олардан бітеу буынды ажыратыңыздар.

Ү л г і : 1922-1924 жылдары Жүсіпбек Қарқаралыда мектеп мұғалімі болды. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әртүрлі саяси жұмыстарға араласады.

Мектеп: мек+теп; бітеу буын – мек; -теп. Жүсіпбек: Жү+сіп+бек; бітеу буын сіп; -бек. Шымкенттегі: Шым+кент+те+гі; бітеу буын: – шым; -кент.

206-тапсырма. Сөйлемдерден бірнеше сөздерді теріп жазып, буынға бөліп, олардан тұйық буынды ажыратыңыздар.

1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары ол Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады.

Оқуын: о+қу+ын; тұйық буынын; ол – тұйық буын.

207-тапсырма. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесімен танысып, мазмұндаңыздар. Сөйлемдерден бірнеше сөзді теріп жазып, буынға бөліп, түрлерін ажыратыңыздар.

«Әнші» әңгімесінен үзінді. Әңгіме өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған.

... Жетішатыр – жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы – қымыз, ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарысы, күрес, төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса – параход, паром, қалың орман... . Әңгіме Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған осы суреттермен басталады.

Әңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы – Семей, әнші Әмірқан – қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев. Жазушының көркем бейнелеу шеберлігі Әмірқан -Әміренің әншілік құдіретін, ән айтқан кездегі сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып көрінеді. ... Ұшатын құстай қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырайды. Әнді желдете құтырта соқты, қылмита соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді, бойды шымырлатты.

Ж.Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған ерекше адам емес. Көппен бірге тыныстап, айналасына өнерін сыйлап, ойын-сауық құрып жүрген қарапайым жандардың бірі. Оның қуанышы да елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар.

6-апта. 18-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Сан есімдер (Реттік, топтау, жинақтық).

208-тапсырма. Шығармалары арқылы туған елін оятуға ұмтылған алаш қозғалысының белсенді қайраткері – Міржақып Дулатұлының өмір жолымен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Қазақ халқының жалынды патриоты – Міржақып

Дулатов (1885-1935)

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты!

(М. Дулатов)

Міржақып Дулатов – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды сөз шебері. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші ауылы.

М. Дулатов – ақын, халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі. Ақынның бірінші кітабы – «Оян, қазақ!» деп аталады. Бұл – халқын патшалық отарлық езгінің бұғауын үзіп, өз жолын табуға шақырған ақынның жан айқайы еді. Оның кітабына енген шығармаларының тағы бір міндеті – алдымен қазақ жастарын ояту, адамдарды надандық пен қараңғылықтан алып шығып, оларды білімге, оқу мен еңбекке шақыру болды.

М. Дулатов өз өлеңдерінде патшаның отарлық саясатына ашық қарсы шығып, қара халыққа қысым көрсеткен заң бұзушыларымен күресті. Ол үкіметтен қазақ жастары үшін мектептер ашып, қазақ тілінде газеттер мен журналдар шығаруды талап етті. Оның идеялары XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының шығармаларында одан ары дами түсті. Мәселен, «Оян, қазақ!» өлеңі қазақ жастарының ұранына айналды.

1913 жылы «Қазақ» газетінде М. Дулатов: «1905 жылдан бастап біздің халық басқа халықтар сияқты дербестігін, ұлттық тұтастығын ойлай бастады. Бостандыққа ұмтылған сол жылдары Семей облысының басшылығы халыққа жол көрсетушілерді қудалап, олардың біразы қамауға алынып, түрмеге жабылды, басқалары Сібірге айдалды. Қалғанының беделі түсіп, халықтың сенімінен айырылды», - деп жазды.

«Оян, қазақ!» жинағы 1909 жылы жарық көріп, 1911 жылы қайта басылды. Қазақтың кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан жайбарақат халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы. А. Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Оларды туыстырған – халқының мүддесі, қамы, мұң-зары болатын.

Шын мәнінде тарихи оқиғалар орын алып жатқан сол кезде алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары қазақ халқын ақтап қалуға, оған еркіндік пен бостандық әперуді ойлады. Дәл осы тұстағы басты идея – қазақ ұлттық мемлекетін құру және сол кездегі жағдайда қазақ автономиясын құру еді. 1916 ж. шаруалар көтерілісі, 1917ж. ақпан және қазан революциясы болды. Ақпан революциясынан кейін автономияның болмайтынына көзі жеткен Ә. Бөкейханов ұлттық партия құра бастады. Ол: «Біз ұлттық автономия құру үшін халықты «Алаш» туының астына жинаймыз»,- деп жазды. Алайда, бұл ниетінің орындалмасын сезген Ә. Бөкейханов «Алаш» партиясын құруға кірісті.

Сөйтіп, 1917 ж. «Алаш» партиясы құрылды да, іле-шала Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов бастаған қысқа мерзімдік «Алашорда» мемлекеті пайда болды.

1920 ж. «Алашорда» бұған дейінгі қабылдаған барлық заңдарынан айырылып қырғыз (қазақ) революциялық үкіметінің құрамына кірді. «Алаш» партиясы осымен өмір сүруді тоқтатты. Оның серкелері кеңес органдарына жұмысқа тартылғандарымен, кейінірек барлығы дерлік Сталиндік қапастарда қаза болды.

Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып қашанда күрес шебінің алдында болды. Оның жалынды сөзі, тындырымды ісі, «Бақытсыз Жамал» романынан бастап газет-журналдардағы мақалаларына дейін халық мүддесіне арналған. Сонымен бірге, ол халықтың әдет-ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш салды. Ел бейнетіне өгіз болып жегіліп, ертеңі үшін жанын қиған ол: «Ем таба алмай дертіңе мен ертеден, сол бір қайғың өзегімді өртеген. Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден, еңсең неге түсті мұнша, елім-ай» деп дүниеден арманда кетті.

Сөздік:

бұғау – кандалы; оковы; цепь қапас – застенки; застенок; клетка

дербестік – самостоятельность қапаста – за решеткой

отаршылдық – колонизация мұң-зар – печаль; горе

түнек – тьма мұң-мүдде – желание; просьба

тұтастық – единство; общность; целостность; оплаченность

209-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. М. Дулатов не үшін күрескен? 2. «Оян, қазақ!» кітабының негізгі идеясы және оның кітабына енген шығармаларының міндеті не? 3. Ол қазақ жастарын неге шақырды? 4. Ол үкіметтен нені талап етті? 5. М. Дулатов «Қазақ» газетінде не туралы жазды? 6. Қазақтың кең даласында мал бағып жатқан халқын қандай пайдалы іс-әрекетке шақырды, оларды оятудағы мақсаты не еді? 7. Тарихи оқиғалар орын алып жатқан сол кезеңдегі оның басты идеясы не болды? 8. Ә. Бөкейханов не құрды? 9. «Алаш» партиясы қашан құрылды, ол қанша өмір сүрді? 10. Міржақыптың барлық іс-әрекеті, шығармалары кімге арналды және ол барлық күш-жігерін неге жұмсады?

210-тапсырма. Мәтіннен сан есімі бар сөйлемдерді теріп жазып, олардағы сан

есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

Ү л г і :

Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Дулатов Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы А. Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта бірі – ұстаз, бірі – ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бірге Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады.

Сан есімдер: Бір мың тоғыз жүз төрт+інші; Бір мың тоғыз жүз бес+інші жылы. «інші» жұрнақтары реттік сан есімдер жасап тұр.