Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Етістіктің осы шақ категориясы (Категория настоящего времени глагола)

Осы шақ

Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіретін категория.

Шақтың үш түрі болады: осы, келер, өткен шақ.

Осы шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлау кезінде болып жатқанын білдіреді. М.: Мен тыңдап отырмын. Далада қар жауып тұр.

Осы шақтың 2 түрі бар:

  1. Нақ осы шақ(собственно-настоящее время).

  2. Ауыспалы осы шақ(переходное настоящее время).

Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрғанда болып жатқанын білдіреді.

Нақ осы шақтың 2 түрі бар:

Дара(простая форма).

Күрделі(сложная форма).

Нақ осы шақтың дара түрі отыр, жүр, жатыр, тұр етістіктеріне жіктік жалғауының тікелей жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: мен отыр+мын, сен жатыр+сың, сіз тұр+сыз, сендер жүр+сіңдер, біз тұр+мыз, олар отыр.

Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық мағыналы етістікке: -ып, -іп, -п жұрнақтары жалғанып, тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктеріне жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Мен оқы+п отыр+мын. Сен көр+іп жатыр+сың. Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер.

Ауыспалы осы шақ қимылдың үнемі болып тұратынын білдіреді. Ауыспалы осы шақ етістіктің түбіріне -а, -е, -й жұрнақтарының жалғанып, одан соң жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.

Қазақ тіліндегі модаль сөздер (Модальные слова в казахском языке)

Қимыл-әрекеттің шындық өмірге қатысы туралы сөйлеушінің көзқарасы модальдық категория деп аталады. Олар мыналар: шамасы, әрине, әлбетте, рас, шын, мүмкін, сияқты, тәрізді, керек, екен, шығар, болар т.б. Осы сөздердің ішінде: шығар, болар, екен, керек, қажет, сияқты, тәрізді модальді сөздері үнемі сөйлемнің соңында келеді. Ал, қалған сөздер көбінесе сөйлемнің басында, не соңында келеді. Модальные слова служат для выражения точки зрения говорящего на отношение высказываемой мысли к действительности. В казахском языке имеются следующие модальные слова:

керек, қажетнеобходимо; надобно; нужно.Оған не керек? (Что ему нужно?). Маған қазақ тілі оқулығы керек (Мне необходимо учебник по казахскому языку).

сияқтыкак будто; как; кажется.Ол айтқан сияқты (Он как будто

говорил).

шамасыскорее всего; вероятно.Шамасы ол келмейді (Скорее всего, он

не придет).

әрине, әлбеттеконечно.Әрине, ертең келемін (Конечно, я приду завтра)

екеноказывается.Театрда адам көп екен (Оказывается, в театре много

народа).

рас, шын правда; верно.Рас, маған биік өкшелі аяқ киім керек Правда,

мне нужна обувь с высоким каблуком).

мүмкін, шығарвозможно; может быть; вероятно.Мүмкін, емтиханды

ерте тапсырасың (Возможно, ты сдашь экзамен

досрочно). Ол әлі келмеген шығар (Может быть, он еще

не пришел).

әйтеуір боларкогда-нибудь; всегда.Әйтеуір, ол бір келер (Когда-

нибудь,он появится). Әйтеуір, Мараттың сөзі тура келді

(Всегда выходит так, как говорил Марат).

тәрізді, секілді похоже.Ол өтірік айтқан тәрізді (Похоже, он неправду

сказал).

Среди этих слов, такие слова как шығар, болар, екен, керек, қажет, сияқты, тәріздіприсоединяются только к концу предложения. Остальные слова могут находиться как в начале так и в конце предложения. Бұлардан басқа да модель сөздер баршылық:бәсе– вот оно что; наконец-то; так оно и вышло;тиіс– необходимо; должно; обязано; следует;әлбетте– конечно; обязательно; разумеется; так точно;әрине– безусловно; конечно; бесспорно; несомненно.

40-тапсырма. Берілген модаль сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тәрізді, секілді (похоже), екен (оказывается), шамасы (скорее всего, вероятно), рас, шын (правда, верно), әйтеуір (когда-нибудь, всегда).

Ү л г і: Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

41-тапсырма. Өлеңді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер. Өлең жолдарындағы етістіктің шақ категориясын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ана тілі – ұрпақ тілі

Батар, кетер келмеске күнім менің, Сол тіліммен дүниені атадым,

Қалар, бірақ, киелі тілім менің. Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Қасіретті шақтарда түңілгенде Жатты онда аманаты ананың,

Қасиетті тілімнен түңілмедім. Жатты онда аманаты атаның.

(М. Мақатаев) (С. Мәуленов)

* * * * *

Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта, Дей алмас қайдан әкелді,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа! Бар тілден үйрен білімді.

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел Ұмытсаңдағы бөтенді,

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса. Ұмытпа ана тіліңді.

(Ә. Сәрсенбаев) (А. Тоқмағамбетов)

42-тапсырма. Нақ осы шақтың астын сызып, олардың түрлерін (дара, күрделі) ажыратыңыздар.

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту – Қазақстан Республикасы халықтарының көкейкесті проблемаларының бірі болып отыр. Болашақ мамандар үшін қазақ тілін білу міндетті болып отыр. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу қолға алынып, іске асырылып жатыр. Мейман сол баяғы сұлқ қалпы үнсіз жатыр. Шеке тамыры әдеттегідей білемденіп тұр. Құрт қайнап, буы бұрқырап, ірімшік пісіп жатыр (Ә. Кекілбаев).

Адамдар мен түйелер міз бақпай, сап түзеп тізіліп тұр. Ертең күзде Хиуаға жылқы сатуға жүргелі отырмын. Орнынан ыршып атып тұрды. Бүгінгі сөзіңізге таң қалып отырмын. Екі шатқалдың арасында тұрмыз. (Ғ.М.). Біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтып отырмыз. Бірақ сол заманның шырмауынан шыға алмаған ол ілім – бізге жетпіс жылдан соң ғана оралып отыр.

43-тапсырма. Көп нүктенің орнына нақ осы шақ (дара, күрделі) жасап тұрған сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында .......... . Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе ......... .......... . Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда .................... . Тіл құрыса, оның халқы да жер бетінен жоғалып кететіндігі туралы ............. .............. . Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар жүргізіліп, іске .............. ............... .

Сөйлемдерді толықтыруға керекті сөз және сөз тіркестері:тұр, беріліп отыр, жатыр, айтылып жүр, асырылып отыр.

44-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстан Республикасында тіл туралы Заң қашан қабылданды? 2. Қазақстан азаматы неге құқылы? 3. Қазақстанның болашағы – жастар қандай болулары керек? 4. Қазақстан Республикасында қанша ұлттың өкілдері тұрады? 5. Қазақстан қандай елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасайды? 6. А. Байтұрсынов кейінгі ұрпаққа қандай мұра қалдырған? 7. А. Байтұрсыновтың тіл біліміне арналған қандай еңбектерін білесіздер?

45-тапсырма. Сұрақтарға нақ осы шақтың дара (жалаң) формасында жауап беріңіздер.

  1. Сен қайда отырсың?...................................................................................................

  2. Ол кімде отыр?............................................................................................................

  3. Біз қайда тұрмыз?........................................................................................................

4. Олар кімде отыр?.........................................................................................................

5. Біз кімде отырмыз?......................................................................................................

6. Сіз қай жерде тұрсыз? ................................................................................................

46-тапсырма. Сөйлемдерден осы шақта тұрған етістіктердің астын сызып,

олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.

Тіл екі түрлі жолмен қызмет етеді. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу тілі көбіне диалог түрінде өтеді. Жазба тілде сөйлем ойды нақты да толық білдіре алатындай жүйелі, әрі түсінікті етіліп құрылады. Тілдің қызметі мен ойдың айтылу мақсатына қарай сөйлем құруда соған сәйкес сөздер, грамматикалық тұлғалар, тіркестер сұрыпталып, талданып қолданылып жүр. Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері әр түрлі болады. Көсіліп сөйлейтін көсем де, таңдайынан бал тамған, тыңдаушысын тамсандыратын шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады, сол арқылы ойын дәл де әсерлі жеткізіп жүр. Оқушының сезіміне әсер ету үшін сөздер бейнелі мағынада, астарлы түрде, көркем мәнде қолданылып отырады.

47-тапсырма. Төмендегі етістіктерді нақ осы шақтың дара (жалаң) және күрделі формасына салып жіктеңіздер.

Ү л г і :

I. Мен отырмын (Я сижу) Мен жаз+ып отыр+мын (Я пишу)

II. Сен отырсың (Ты сидишь) Сен жаз+ып отыр+сың (Ты пишешь)

Сіз отырсыз (Вы сидите) Сіз жаз+ып отыр+сыз (Вы пишете)

III. Ол отыр (Он сидит) Ол жазып отыр (Он пишет)

Сөйлесу, қарау, айту оқу, бару, зерттеу, тыңдау, дәлелдеу, сипаттау.

48-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына оң жақ бағанадағы сөздерді мағынасына қарай іріктеп, тиісті орындарына қойып жазыңыздар.

Ү л г і : Мен университетте оқып жүрмін (нақ осы шақтың күрделі түрі).

Мен ...................................... оқып жүрмін.

Сен .................................... оқып отырсың.

Біз ................................... оқып жатырмыз.

Мен ................................ жазып отырмын.

Сіздер ........................ жазып отырсыздар.

Сіз .................................... жазып отырсыз.

Мен ...........................ұйықтап жатырмын.

Олар ................................ ұйықтап жатыр.

Сендер ........................ көріп отырсыңдар.

Олар ....................................... айтып отыр.

а) баяндама

ә) әңгіме, мақала

б) кітап

в) төсек, кереует

г) диван

д) кино, спектакль

е) әңгіме

ж) хат, газет

з) оныншы сынып

й) университет

2-апта. 4-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Етістік. Негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістіктер. Көмекші есімдер.

49-тапсырма. Қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшысы – Абылай ханның ерлігі туралы тарихи мәліметтерді оқып, тақырыпқа қатысты өз білетіндеріңізді қосып, толықтырып, мазмұндаңыздар.