Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Жіктік жалғаулары (Личные окончания)

Жіктік жалғауы – қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша. Ол басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым-қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысады. Сөздерге жіктік жалғауы жалғануын сөздің жіктелуі дейміз.

Егер сөздің соңғы дыбысы дауыстыға және үнді л, р, й, у дыбыстарына аяқталса, онда -мын, -мін (жекеше), -мыз, -міз (көпше) жалғаулары жалғанады.

Мысалы: Мен бала-мын, жақсы-мын, кіші-мін, тұр-мын, ұл-мын, жау-мын.

Егер сөздің соңғы дыбысы б, в, г, д дыбыстарынан басқа ұяң дыбыстарға аяқталса, онда -бын, -бін (жекеше), -быз, -біз (көпше) жалғанады.

Мысалы: Мен қыз-бын, жалғыз-бын, біз қыз-быз, жалғыз-быз.

Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздарға және б, в, г, д ұяң дыбыстарына бітсе, онда -пын, -пін (жекеше), -пыз, -піз (көпше) жалғанады.

Мысалы: Мен студент-пін, биолог-пын, біз студент-піз, биолог-пыз.

Көптік мағынаны білдіру үшін -сың, -сің және -сыз, -сіз жіктік жалғауларынан кейін көптік жалғаулары жалғанады.

Мысалы.: Сендер мұғалім-сің-дер.

Сөздің соңғы дыбысы жекеше ІІ жақта қандай дыбысқа аяқталса да, -сың, -сің, -сыз, -сіз, -сыңдар, -сіңдер жалғаулары жалғанады. М.: мұғалім-сіз, оқытушы-сыз, биші-сіз, құрылысшы-сың, суретші-сің, оқушы-сыңдар, биші-сіңдер. ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды. М.: Ол отыр, ол студент, олар оқушы.

68 -тапсырма. Мәтіннен алынған сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеңіздер.

Ү л г і: Батыл қолбасшы. Жекеше: Мен батыл қолбасшы+мын, сен батыл қолбасшы+сың, сіз батыл қолбасшы+сыз, ол батыл қолбасшы. Көпше: Біз батыл қолбасшы+мыз, сендер батыл қолбасшы+сыңдар, сіздер батыл қолбасшы+сыздар, олар батыл қолбасшы.

Хан, әскербасы, саясаткер, білгір, ақылды, батыр, дарынды, басқыншы, сұлтан.

69-тапсырма. Мәтінге байланысты алынған сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдер жіктік жалғауларына негізделсін.

Қазақ ханы, ханның баласы, үш жүз басы, батыл, халық билеушісі, шайқас басшысы, сұлтанның қызы, көшпелі халық, біртуар тұлға, ел ағасы, тәуелсіз, әйгілі.

70-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен септік жалғаулы сөздерді тауып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтерілді.

«Хан» - сөздің түбірі, зат есім; «ның» – ілік септігінің жалғауы; «тұс» – сөздің түбірі; «ы» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «нда» – жатыс септігінің жалғауы; «өз» – өздік есімдігі, сөздің түбірі; «і» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «нің» – ілік септігінің жалғауы; «биік» – сөздің түбірі, сын есім; «і» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «не» – барыс септігінің жалғауы.

71-тапсырма. Жалғаулар сөйлемде қандай қызмет атқарады? – деген сұраққа мысалдардың негізінде жауап беріңіздер.

Септік жалғаулары (Падежные окончания)

Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып, әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып, септестіріп тұратын қосымшаларды септік жалғаулары дейміз.

Қазақ тілінде 7 септік бар. Септік жалғаулары – зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар.

Септік жалғаулары

Атаулары

Сұраулары

Жалғаулары

Атау (имен. падеж)

кім? (кто?), не? (что?)

Ілік

(родит. падеж)

кімнің? ненің? (чей? чья? чье? кого? чего?)

-ның, -нің, -дың,

-дің, -тың, -тің

Барыс (дательно-

направительный падеж)

кімге? неге? қайда?

(кому? чему, зачем? куда?)

-ға, -ге, -қа, -ке, -а,

-е, -на, -не

Табыс

(винит. падеж)

кімді? нені? (кого? что?)

-ны, -ні, -ды, -ді,

-ты, -ті, -н

Жатыс

(местный падеж)

кімде? неде? қайда? қашан? (у кого? на чем? где? когда?)

-да, -де, -та, -те,

-нда, -нде

Шағыс

(исходный падеж)

кімнен? неден? қайдан? (от кого? от чего? откуда?)

-нан, -нен, -дан,

-ден, -тан, -тен

Көмектес

(твор.-соед. падеж)

кіммен? немен? қалай?

(с кем? с чем? как?)

-мен (менен),

-бен (бенен),

-пен (пенен)

72-тапсырма. Мәтіннен жіктік және септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Соғыс; Отан соғысы+ның. Отан соғысы+ның сүргіні басталғанда, қазақ халқы 2 миллионға жетер-жетпес болып қалды. Тарих; өзінің тарихы-нда. Қазақ халқы өзінің тарихы+нда мұндай қасіретті кезеңге тап болып көрген емес.

Басшы; Ұйтқы болған басшы. Осыған ұйтқы болған басшы – халықпен ақылдасып, бәрі бірігіп, ортақ мүдденің абыройын жоғары көтерді.

ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды: Мен басшы+мын; сен басшы+сың; сіз басшы+сыз; ол басшы.

73 -тапсырма. Терминдердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Мұғалім кейде бұл сөздің орнына өз тіліміздегі «оқытушыны» қолданып жүрміз. Мұғалім бізге араб тілінен кірген. Араб тіліндегі алғашқы түбір галим білгір, білетін мағынасында айтылады. Ал оның алдына «му» қосымшасы жалғанып барып мұғалім сөзі шыққан. «Мұғалім» біздегі «үйретуші» сөзінің мағынасымен бірдей.

Емтихан – бұл сөздің араб тіліндегі ең алғашқы түбірі «махан»сынау, байқау дегенді білдіреді. Осы түбірге сол тілдегі түрлі қосымшалар жалғану арқылы «имтихан» болып өзгеріп, «сынау, байқау» мағынасын берген сөз, біздің тілімізге ауысқанда өз мағынасын сақтап, тұлғасы жағынан «емтихан» болып қалыптасқан.

Сабақ «сабақтың» басты мағынасы мүлдем басқаша. Араб тіліндегі «сабақ» сөзі «таңертең» мағынасын білдіреді. Оның ауыспалы екінші мағынасы – «таңертең келу». Оқудың көбінесе ертеңгілікте басталатынын ескерсек, сабақ сөзінің «таңертең оқуға келу» мағынасын беретіндігін байқаймыз.

Кітап – түптеліп, тасқа басылған көркем, ғылыми шығармалар мен оқу құралдарын қазіргі тілімізде «кітап» дейміз. Ал бұл сөз бізге арабтардан ауысқан. Арабша «китабе» сөзінің ежелгі мағынасы «жазу» дегенді білдіреді.

Мақала – газет, журнал беттерінде жарияланған хабарлар. Араб тілінде «қале сөйлеу, сөз» деген мағыналарда қолданылады. Осы түбірдің алдына араб тіліне тән «ма» жұрнағы қосылса, «жарияланған сөз» мағынасында түсінуге болады.

74-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестеріне 1-3 жақтарда жіктік жалғауларын жалғаңыздар.

Құрылтайшы, Жошы ханның баласы, Шыңғысханның ұрпағы, негізін қалаушы, қайсар, ержүрек, жаушы, Отырар, Сығанақты бағындырушы, маңғыстаулық, қыпшақ .

75-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қосып жазыңыздар.

Махмұд Қашқари – түркі... тұңғыш тіл маманы, түркі тілі... оқулығы... жасаған, грамматикасы... түзеп, жалпы түркі әлемі... тіл өнері... өрісі... кеңейтіп, өркені... өсірген ғұлама. Түркология тарихы... ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдіс... қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясы... негізі... салды. Оның осы тілдер... салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілері... ортақ зерттеу тәсілі реті... өзінше бір мектеп болып қалыптасты.

76-тапсырма. Сөздерге септік жалғауларын (7 септік те қамтылуы керек) жалғап, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Әскер, шайқас, бөгет, қала, мешіт, тіл, мекен, сақталу, ел, халық, қыпшақтар.

Ү л г і: Шығарма; тарихи шығармалар+да. Мысалы: Оны тарихи шығарма+лар+ да Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды.

Египет; Египет+ті билеген. Мысалы: Жамақұлы Бейбарыс түркі әулеті Баһриден шыққан мамлюктердің Египет+ті билеген төртінші сұлтаны.

77-тапсырма. Сөйлемдерден септік жалғауларында тұрған сөздердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген Әбілқайыр билік тізгінінің басқаның қолында кеткенін көргенде ашуланып, бәрін тастап еліне кетеді. Сөйтіп олар Еділ қалмақтарын да, башқұрттарды да, сондай-ақ Жайық қазақтарын да айдап салып, Кіші жүз қазақтарының тынышын кетіре бастайды. Соның аяғы Әбілқайырдың 1730 жылы өзін Ресей империясының қол астына алуын сұрап, Петербургке елшісін жіберуіне әкеліп соғады.