Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Етіс категориясы

Етіс деп қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктің категориясы аталады. Етіс бес түрге бөлінеді: 1) негізгі етіс (основной залог), 2) ортақ етіс (совместный залог), 3) өзгелік етіс (понудительный залог), 4) ырықсыз етіс (страдательный залог), 5) өздік етіс (возвратный залог).

Негізгі етіс – етістің түрлеріне құбылмай тұрғандағы түбір қалпы жатады. Мысалы: жат, оқы, ойла, әзірле, жақ т.б.

Өздік етіс – негізгі етістен -ын, -ін, -н жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың субъектінің өзіне жасалатынын білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады: жу+ын, ки+ін, тара+н.

Өзгелік етіс – негізгі етістен -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ыр, -ір, -т, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, қимылдың бөгде адам арқылы жасалуын білдіреді: айт+тыр, сөйле+т, жаз+ғыз.

287-тапсырма. Етіс категориясының үш түріне сөйлемде құрастырып, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

1.Негізгі 1.......................................................

2. Өздік 2........................................................

Етіс категориясы:

3. Өзгелік 3.......................................................

288-тапсырма. Етіс категориясының (өздік, өзгелік) түрлерін ажыратып, оларды екі бағанаға бөліп жазыңыздар.

Димекең осы сапарында халықтық ерекше сый-құрметіне бөленіп, елден ерекше көңілді арқаланып аттанды. Тосын табысты Мәскеудің баспасөзі жарыса жазып, радиосы бірнеше рет қайталап, жетістікті жаһанға жеткізді. 1978 жылы ол кезде Күрті ауданына қарайтын Желтораңғы ауылында облысты шулатқан оқиға болды. Оны іздеушілердің жорығы ауылды әбден дүрліктірді. Оған Балқаштағы сауда орталығының салынуы, Алматыда «Балқаш» демалыс үйінің ұйымдастырылуы дәлел бола алады. Д. Қонаев осы сапарында өзінің «Өтті дәурен осылай» атты кітабымен таныстырды. 1986 жылы орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты.

289-тапсырма. Төмендегі етістерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Ү л г і: Аударғызды: аудар – етістіктің түбірі; -ғыз – өзгелік етістің жұрнағы; -ды –етістіктің жедел өткен шағының жұрнағы.

Сезінеді, істетеді, бергізеді, айтқызады, қырын, таран, боян, сақтандыр, шошын, теңестір.

290-тапсырма. Көп нүктелердің орнына өздік, өзгелік етістердің жұрнақтарын қосып жазыңыздар.

Жауынгерлер жетіл...ілген жаңа қару-жарақтармен қаруланған. Д. Қонаев 1960 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды, 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен ал...ды. XXIV пен XXVII съезд аралығында Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайла...ды. Батыс және Солтүстік Батыс бөлігіндегі қираған қалалар мен өнеркәсіп күштерін қалпына кел...ді. Көмір қазу 220 млн. тоннаға жет...ілді. Сәнді де салтанатты мәдениет сарайлары, оқу орындары сал...ып, мекемелер жаңа техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.

291-тапсырма. Өлең жолдарынан етіс категориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Қыздырып күннің қарауы, Халыққа сөйте-сөйте нандырды өзін,

Надандық теңізі тартылар. Алғыза бастады ептеп айтқан сөзін.

* * * * *

Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді, Абылай салды жарлықты

«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге... Қалдан ханды қашырып,

...Көк майса көзі ілініп тұрған сондай, Шөп салған жерін бұздырып

Асыл шөп, жасыл шөптің иісі аңқып. Ұрысты қатты қыздырып.

* * * * *

Әділ болып байқадым, не өндірдім? Он жыл қызмет қылып бір кедей таппас,

Бұл басым залым болып бір байқасын! Қондырған бір жүзікке асыл тасын.

292-тапсырма. Берілген өздік, өзгелік етістердің көмегімен сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Ташкентте шыққан «Ақ жол» газетінде А. Байтұрсынұлы туралы «Лайықты қошемет» атты мақала ..................... . Қазақтың әдеби тілінің негізін салушы, «А» әліпбиінен бастап ......................, надандықпен күресуші, сауатсыздықты жоюшы ұстазымыз – А. Байтұрсынов. Оқу ісіне, жазу емлесіне жаңалық ....................... дана. Патша үкіметінің зұлым саясатына қарсылық пікірін ..................... қаһарман. А. Байтұрсыновты қазақ халқының рухани көсемі деген танымдарын газет бетінде паш ете отырып, оны қараңғылық көгіндегі темірқазыққа ........................ . Зерттеу еңбектері том-томдап жарық көріп, Ахметтану саласына өз ойларын ......................, өзіндік үлестерін қосып жатыр.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті етістер:Жарияланды, оқытып, кіргізген, таратқан, теңестірді, жеткізіп.

293-тапсырма. Тіліміздегі кейбір сөздердің нақты мағынасын меңгерейік! Берілген сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Етістердің астын сызыңыздар.

Әдебиет – жалпы жазба және көркем шығармалар жиыны. «Әдебиет» сөзі бізге араб, парсы тілдерінен енген. Оның араб тіліндегі тұлғасы «адабуын» болса, алғашқы мағыналарының бірі – «тәрбие беру». Ал парсы тілінде «әдиб» сөзі қазақ тіліндегі «жазушы» кейде «ұстаз», «тәрбиелеуші» деген ұғымдарда қолданылады. Осы сөздер негізінде тіліміздегі «әдебиет» сөзі қалыптасқан.

Тарих – мұның алғашқы мағынасы басқашалау болған. Араб тіліндегі «арқ» немесе «алрраһ» сөзі «ай, күннің есебін (датасын) қою, жазу» мағынасында қолданылады. Осы түбір сөздің алдына араб тіліне тән сөз тудырушы қосымшаның бір түрі «та» қосылып, «таарқ» немесе «таағрақ» делініп, бастапқы мағынасына біршама өзгеріс енген. Сөйтіп, ол қазақ тіліне осы күйінде ауысқан.

Баяндама – жиналыста жасалатын хабарлама. Баяндама сөзінің арғы тегі – араб тілінен шыққан. Түркі тілдеріне ерте кезде ауысып, қалыптасқан. Оның араб тіліндегі «байан» тұлғасы –«мазмұнын түсініп беру» мағынасында қолданылады.

9-апта. 26-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Ортақ, ырықсыз етіс категориялары.

294-тапсырма. Жер ғылымының жаңа саласының негізін қалаушы ғұлама ғалым – А.Ж. Машановтың ғылым жолынан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Жер ғылымының жаңа саласы – геомеханика