Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)

Еліктеу сөздер табиғаттағы әр алуан құбылыстардың дыбыстарына еліктеумен немесе олардың бейнесін елестетумен байланысты туған сөздер. Оларға: тарс(етті), сырт(етті), күмп, салп, тарс-тұрс, пыр-пыр, шырт-шырт, жалт-жұлт, сырт-сырт, сарт-сұрт, жылт-жылт, сылаң-сылаң, алақ-жұлақ, кілт, қалт, жалт сияқты сөздер жатады.

Еліктеу сөздер екі топқа бөлінеді. Оның бірінші тобы – дыбыстық еліктеуіш сөздер, екінші тобы – бейнелеуіш еліктеуіш сөздер деп аталады.

Дыбыстық еліктеуіш сөздер– айналадағы табиғат құбылыстарының алуан түрлі дыбыстарына еліктеуден пайда болған сөздер. Мысалы: қарқ етті, тарс етті т.б.

Бейнелеуіш сөздер– табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: жалп ете түсті, жалт қарады, маң-маң басты т.б.

395-тапсырма. Төмендегі еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Қиқаң-қиқаң етті, маң-маң баст, ербең-ербең етті, шарт-шұрт сынды, саңқ етті, жалт қарады, жарқ-жұрқ, қалт етті, сарт-сұрт болды.

396-тапсырма. Сөйлемнен еліктеу сөздерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ү л г і: Жарқ-жұрқ етті – бейнелеуіш сөздер.

Жарқ-жұрқ еткен өткір жарықтан шахта іші жап-жарық болды. Шахта ішінің тар ауасына шыдай алмай, жұмысшы гүрс етіп етбетінен құлады. Метан газының қысымы Ахметтің жүрегін дүрс-дүрс соқтырды.

Жер қазушы жігіттер жұмыстан кейін өзен суына шолп етіп түсіп жатты. Түскі тамаққа жиналған жұмысшылар ду-ду етіп әңгімелесті. Мыж-мыж болған қалпағын басына баса киіп, Бақыт әрі қарай жүріп кетті. Асқар досына қарап сылқ-сылқ күліп мәз болды. Шаршаған кен қазушылар жұмыстан кейін маң-маң басып, қайтып бара жатты.

Шахта ішіндегі шам лап-лап етіп сөнді. Жұмысшылар күтпеген жағдайға шыдай алмай у-шу болысты. Көп кешікпей алыстан жылт-жылт етіп от көріне бастады.

397-тапсырма. Халықтың қалаулы ұлы Ә.Ермеков туралы мәтінді мұқият оқып, оның өмір жолынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар.

Ермеков Әлімхан Әбеуұлы – халықтың қалаулы ұлы

Ә.Ермеков – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында халықтың қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өміріне белсене араласып, өзінің өнегелі өмір жолымен тарихта терең із қалдырған тұлғалардың бірі, белгілі қоғам қайраткері, әрі ұстаз-ғалым. Оның өмір жолы 2009 жылы 75 жылдық мерейтойын тойлаған Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-мен тығыз байланысты.

Томск техникалық институтының тау-кен факультетінің бесінші курсында оқып жүргенде, 1917 жылы болған қос төңкеріс оқиғалары Ә.Ермековтың оқуын тастап, саяси өмірге араласуына тура келді. Ол 1919-1920 жылдары Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитет мүшесі ретінде, Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына белсенді атсалысады.

Осы қазақ революциялық комитетінің 1920 жылдың 18 мамырындағы қаулысы бойынша, Ә.Ермековке №2043 мандат беріліп, сол жылдың 18 тамызында ол Мәскеуде В.И.Лениннің алдында «Қазақ өлкесінің жағдайы және оның шекарасын белгілеу» жөнінде баяндама жасады. Бұл баяндамаға ерекше назар аударылу себебі, Ресей империясы кезінде халқымыздың шұрайлы өлкелерін тартып алып, отарлаушыларға берілген болатын.

Ә.Ермеков өзінің өмір жолының бір белесінде ұстаз, ғалым ретінде танылды. Қазақстандағы оқу орындарының аяғынан тік тұрып кетуіне өзіндік үлесін қосты және алғашқы оқу орындарының іргетасын қалаушылардың бірі болды.

1927-1935 жылдары Қазақ педагогикалық және Алматы мал дәрігерлік институттарында сабақ берді. 1935 жылы математика саласында тұңғыш профессор атағына ие болды. Ә.Ермеков 1935-1937 жылдары қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да еңбек етті. Алғашында математика кафедрасының профессоры, кейіннен кафедра меңгерушісі болып, жастарға сапалы білім беруде өзінің күш-жігері мен білімін аяған жоқ.

Ә.Ермеков 1930 жылдардағы әкімшілік-әміршіл кезеңінің зардаптарын басынан кешіріп, «Алаш» қайраткерлерімен бірге қуғын-сүргінге ұшырады. 1957 жылы толық ақталып, өмірінің соңына дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ұстаздық қызмет етті. Ол – Кеңес өкіметінің ұзақ жылдарға созылған қудалауына қарамастан, өзінің адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін сақтай білген халықтың қалаулы ұлы.

398-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

399-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

400-тапсырма. Өлең жолдарынан еліктеуіш сөздерді табыңыздар.

Аю қыз ашуланып сарқ-бұрқ етті, Найманда екі жүзді наркескенмін,

Наркескен қыз қолында жарқ-жұрқ етті ... Желкеңді кеспек үшін қойған сақтап.

Сілкініп қаһарлы қыз түрегелді, Тозаңың анда-санда бір бұрқ етті,

Шаңқ етіп жатқан елді ду көтерді. Саулатып ем бейпіл тілді екі жақтан.

* * * * *

Білем анық, жанға жайлы май сұлу, Қыс, қар, мұз, қырау, қылау – жерді көміп,

Жарқ-жарқ еткен майда найжағай сұлу, Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,

Қызықты орман, көңілді еркін кең дала, Жер көкті аяз бүріп, қызыл жайлап,

Күміс табақ көкте жүрген Ай сұлу. Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп ...

401-тапсырма. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіп, мағынасын ажыратыңыздар.

Қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес болды да қалды. Анда-санда гүрс етіп қалған бір дауыс әлдекімді әлденеменеге еріксіз көндіргісі келетін сияқты. Ол тарс-тұрс ете қалған дыбысқа жалт қарады. Айсұлу басын изеді де, тық-тық басып жүріп кетті. Ол ол ма, аздан соң жүрегі дүрс-дүрс соғып, басы айнала бастады.

402-тапсырма. Еліктеу сөздерді тауып, олардың түрлерін (еліктеуіш, бейнелеуіш) ажыратыңыздар.

Төртеуі жалп-жалп құлады. Түйе шөккенде, Қамқа серейіп, сұлқ етті. Шапқан сайын қарқыны үдеп, екі құлағының түбінен жел гу-гу етті. Айыл-тұрман шағылысып, жарқ-жұрқ етті. Беті шып-шып терлеп, азғана бусанып, күнге шағылысып жатқан әппақ қарды бауырымен сызып, төрт-бес аттап тұра қалды. Қараңғылықтан қылаң етіп, аттылы адам шыға келді. Жаңбыр сырт-сырт етіп әлі жауып тұр. Жүрегім зу ете түсті. Қарға қарқ етті. Оның көз жасы мөлт-мөлт етеді. Сырттан шаңқ-шұңқ айғай естілді.

12-апта. 34-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Үстеу. Үстеудің түрлері (мезгіл, сын-бейне, күшейткіш)

403-тапсырма. Қазақстанның тәуелсіздік шежіресінен мағлұмат алып, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.