Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде атылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.

Жалғаулық шылаулар (Соединительные союзы)

Мысалдар

(Примеры)

Ыңғайлас жалғаулықты салалас (Соединительные союзы):

және, да, де, та, те (и, к тому же).

1. Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. (Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный).

2. Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады. (Собрание закончилось, и народ стал расходиться).

501-тапсырма. Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларымен сөйлемдер құрастырыңыздар. Және, да, де, та, те, әрі (и, к тому же).

Ү л г і : Көмірден май да шығады, әрі темір қорытатын кокс те шығады.

502-тапсырма. Көп нүктелердің орнына ыңғайлас салаластың екінші жай сөйлемін өз ойларыңыздан құрастырып, қосып жазыңыздар.

Үлкендердің үлгі-өнегесі арқылы әдет дағдыға айналады да, ................... . Республика азаматтарының құқықтары мен міндеттерін конституция анықтайды да, .................. . 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті де, ............................. . Қазақ халқы бостандық, азаттық үшін күресті де, ......................... . Жаңа ғана аспан шайдай ашық еді, .......................... . Жұмыс басталып кетті де, ............................... .

503-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, әлемдік және аймақтық экологиялық проблемалардың жігін ажыратып, өз ойларыңызбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Әлемдік экологиялық проблемалар

Жер шарындағы халық санының өсуіне байланысты өнеркәсіп дамыды, ірі қалалар, жол, үй, алып ғимараттар салынды. Нәтижесінде, бізді қоршаған ортаға зиянды қалдық заттар, улы газдар, лас сулар, шаң-тозаңдар шығарылды.

Зиянды заттардың мөлшері шектен тыс көбейіп, бүкіл адамзат қауымына, қоршаған орта табиғатына зиянын тигізді. Бірте-бірте бұл жағдайлар қауіпті экологиялық проблемаларға айналды.

Қазіргі кезде Жер шарындағы экологиялық проблемаларды – жергілікті, аймақтық және әлемдік деп жіктейді. Жергілікті экологиялық проблемалар-белгілі бір аудан, облыс көлемін қамтиды. Мысалы, қаланың ауасы, кішігірім өзен мен көлдердің ластануы, ірі өнеркәсіп айналасының ластануы, т.б.

Аймақтық экологиялық проблемалар көлемі бірнеше аудан мен облысты қамтиды. Мысалы, Балқаш, Арал, т.б. проблемалары. Ал, әлемдік экологиялық проблемалар бүкіл биосфераны қамтиды. Оларға озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, улы тұмшалар, жылыжай эффектісі, мұхиттар мен теңіздердің ластануы, жатады. Әрине аталған экологиялық проблемалардың арасында шекара болмайды. Олар бір-біріне ұласып, сабақтасып жатады. Әрбір экологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігі, қауіптілік деңгейі, әсер ету аймағы мөлшері болады.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша, атмосферадағы озон қабатының жұқаруынан қатерлі ісік ауруларының 1%-ға көбейгендігі анықталған.

Азот қосылыстары атмосфераға көбінесе, орман өртінен, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін түтінен жинақталады. Адам азот оксидімен дем алғанда – тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе аулуларынан зардап шегеді.

Улы түтін өнеркәсіп орындарында, жылу электр станцияларында көмір мен мазутты жаққанда пайда болады.

Атмосфераның химиялық ластануы – бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отырған ғаламдық проблемалардың бірі.

504-тапсырма. Экологиялық проблемаларды қалай шешуге болады? Осы мәселелер төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар.

505-тапсырма. Мәтіннен экология саласына қатысты терминдерді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Ядролық полигон. Семей аймағы тұрғындары Семей маңындағы ядролық полигонның қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ.

506-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен ыңғайлас салаласқа негіздеп, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Зиянды заттар, қауіпті жағдай, экология ғылымы, ірі өнеркәсіп, өндіріс, Қазақстан жері, улы түтін, ғаламдық проблема, әсер ету, мәселені шешу, өзекті мәселе, пайдалы кеңес.

507-тапсырма. Табиғатты қорғау мәселесі бойынша сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.

508-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді жалғаулық шылаулар арқылы өзара байланыстырып, ыңғайлас салаласқа айналдырыңыздар.

1. Бурабай көлінің айналасында бірнеше демалыс, емдеу орындары орналасқан. Олардың алғашқылары ХХ ғасырдың 20-шы жылдары салынған көрінеді. 2. Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұны адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыруы қажет. 3. Артынша терістік желі түстікке шығып алды. Ол кідірмей кәдімгі қызыл желге айналды. 4. Еңбек адамды көрікті етпек. Ол тынысты тазартады. 5. Мұрат ойға қарай шұбатылған жолмен төмен кетті. Мен жарға ашылған жолмен жоғары кеттім.

509-тапсырма. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің астын сызып, құрамындағы жай сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.

Ұлы Отан соғысы аяқталысымен, еліміздің басшылығы өте қысқа мерзім ішінде атом проблемасын шешпек болды да, сол арқылы АҚШ-ты атом қаруына жеке даралықтан айырды. Ол адамзатты дамудың жаңа сатысына көтерді, әрі жалпы адамзат байлықтары алдындағы жауапкершілігін де көтерді. 21 тамызда ССРО үкіметі өзінің арнайы қаулысымен атом ғылыми-зерттеу полигонын құру туралы шешім қабылдады да, оған «№2 жаттығу полигоны» деген шартты ат берді. Полигон құруға басшылықты ССРО Қарулы Күштері бас штабының арнайы бөлімі жүзеге асырды және полигонның барлық қызметін бақылап отыруды И.В.Курчатовқа тапсырды.

510-тапсырма. Әр бағанадағы сөз және сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, ыңғайлас салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. әрі киіндіріп

те келеді

адамзатты

ғасырлар

бойы

мал

шаруашылығы

асырап та

келеді

2. сынаққа

дайын

қабылдап

алды

тұрғанын

анықтады

полигон

объектілерінен

және

жұмыстардың

3. мен тетіктері

жеткізілді

жабдықтар

жөнелтілді де,

зарядтың өз

бөлшектері

барлық

қажетті

кейін

ядролық

4. жерден көші-

рілген жоқ

халыққа

жарылыстар

және олар

қауіпті

1953 жылға

дейін

туралы ескертілмеді

5. қару-жарақтың

жаңа

сынақтар

өткізіп

типтерін жасап жатты

тұрды, әрі

ядролық

1956-1958 жылдары

полигонда

14-апта. 41-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Себеп- салдар, кезектес салалас құрмалас сөйлемдер.

511-тапсырма. Қазақстандағы радиациялық ластану мәселесінен мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Қазақстандағы радиациялық ластану. Семей полигоны

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.

Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.

Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен ионданушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек, лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.

Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың әсері, радиоактивті материалдарды пайдаланған өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылығы мәселелерін шешу мақсатында жасалған жерасты ядролық жарылыстары, табиғи радиоактивті қалдықтар.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы дүниежүзілік экологиялық мәселелерге жатады.

Жер шары бойынша адам баласы бірнеше тарихи радиациялық апаттардың куәсі болып, зардап шекті. Мысалы, 1945 жылы АҚШ-тың Жапониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастауының салдарынан күні бүгінге дейін мыңдаған адамдар сәулелік аурулардың зардабын шегуде. Одан кейінгі жылдары атом қаруларын суда, жер астында және атмосферада сынады.

Біздің республикамызда 40 жылдан астам уақыт бойы Семей өңірінде, сол сияқты Тайсоған, Азғыр, Нарын жерлерінде бес жүзге тарта ядролық сынақтың жасалғанын айтып кеттік. Оның әрбіреуінің қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан кем болмады.

Табиғи ортаның биологиялық ластануы да ерекше орын алады. Биологиялық ластануларға ауыру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар жатады.

512-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазіргі кезеңдегі өзекті мәселеге не жатады? 2. Радиоактивті заттар адам ағзасына қандай жолмен түседі? 3. Қазақстанда қашан, қанша және қайда ядролық сынақтар жасалды? 4. Ол сынақтардың нәтижесі неге әкеліп соқты? 5. Радиацияға байланысты адамдар негізінен қандай ауыруларға ұшырады? 6. Радиациялық ластану себептеріне нелер жатады? 7. Химиялық ластану қандай көлемдегі экологиялық мәселелерге жатады? 8. Жер шарындағы адамзат қай радиациялық апаттардың куәсі болды? 9. ҚР-да қаншама уақыт бойы ядролық сынақтар жасалды?

513-тапсырма. Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

514-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерімен себеп-салдар және кезектес жалғаулықты салаластарға негіздеп, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Қоршаған орта, ластану, аса қауіпті ісік ауырулары, зардап шегу, сәулелік ауыру, өндіріс қалдықтары, улы заттар, радиоактивті заттар, ядролық сынақ, лейкемия, Семей полигоны, өнеркәсіп орындары, жарылыстар, атом бомбасы.

515-тапсырма. Түсіндірме сөздіктің негізінде экология саласындағы терминдерге түсініктеме беріңіздер.

Экология, экожүйелер, табиғат ресурстары, ластану көздері, озон қабаты, ғаламдық генетика, көміртек айналымы, тіршілік қабаты, ядрошық.