Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қазақ хандықтарының тарихнамасы ­– Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар – әйгілі тарихшы, әдебиетші. Монғолстан мен оған іргелес жатқан елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы. Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әміршілерінің ұрпағы, яғни атақты Дулат руынан шыққан. Оның ата-бабалары құдіретті әмірлер болған.

Мырза Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласы билеушісінің отбасында дүниеге келеді. Бұл кезде Ташкент Монғолстан мемлекетіне қарайтын. Ал 1514 жылы қазақ хандығының тықсыруымен Монғол мемлекеті құлайды. Хайдар Мырза сол Монғол ханының қызы Жүністен туады. Ол өзінің дарындылығымен, тапқырлығымен, жан-жақты қабілеттілігімен қоса ержүрек, әскери талантымен көзге түсіп отырады.

Мұхаммед Хайдар Дулати мұсылманша жақсы білім алады. Өз уақытының әдеби, мәдени ғұрыптарын, ғылым мен көркемөнерді, халықтық қолөнердің әр саласын терең меңгереді. Ол поэзияны да теріс көрмеген. Түрік, парсы тілдерінде еркін жаза біледі. Шыққан жерінің тектілігі, жеке басының аса қабілеттілігі – оның болашақ тағдырына жол ашып отырады. Мырза Хайдар Монғолстан әміршісінің сарайында көрнекті қызмет атқарады. Бірақ құбылмалы тағдыр Мырза Хайдардың біраз уақытын «Кіші Тибетте» қаңғырумен өткізуге душар етеді.

1541 жылы Мырза Хайдар өзінің айлалы іс-әрекетімен Кашмирді өзіне қаратып алады. Ол сол жерде тұрақты тұрады. Осы жерде 1543-46 жылдары өзінің атақты «Тарихи Рашиди» кітабын парсы тілінде жазып бітіреді. Бұл еңбегінде алғаш құрыла бастаған қазақ хандықтары, әсірес қазақ жерінің басын құраған Қасым, Бұрындық, Таһире сияқты хандар туралы, сонымен қатар XVI ғасырдағы қазақ-монғол және қазақ-өзбек ара-қатынастары жөнінде толығырақ мәліметтер берілген. Демек, оны ғасыр дәуіріндегі Қазақ хандықтарының тарихнамасы деуге де болады.

Хандықтың басы Жәнібек пен Керейден басталатындығы да, қазақ деген этникалық атаудың себептері де және т.б. көптеген мәселелер ең алғаш осы кітапта айтылған. Түрік тілінде жазылған «Жаһаннама» поэмасы да Хайдардың қаламынан туындаған.

Мұхаммед Хайдар сол кездегі оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Монғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсірес дулат тайпасының тарихына қатысты жоғарыда аталған еңбектерін берген. Хайдар Мырза 1551 жылы шайқаста қаза табады.

Сөздік:

әмір – веление; правитель государства; предписание; приказ; распоряжение

әмірлі – царственный

әмірлік – владычество

дастан – поэма; эпос

билеуші – владелец; владыка; правящий

тапқырлық – догадливость; находчивость; остроумие; предприимчивость

дарынды – гений; талант; способный; одаренный; талантливый

қабілеттілік – восприимчивость; делоспособность; способность

ғұрып – нрав; обряд; обычай; традиция

183-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Мұхаммет Хайдардың толық аты-жөні қалай аталған?

– Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар деп

аталған.

– Оның мағынасын қалай түсіндіруге болады?

– Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты. «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты. «Мырза» –

текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны

секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты.

184-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі пысықтауыштарға сұрақтар қойып, олардың астын сызыңыздар.

Ү л г і:

Мұхаммед Хайдар халықтық қолөнердің әр саласын терең (қалай меңгерді?) меңгерді. Ол кезде (қашан? қай кезде?) Шығыс облыстарындағы (қайдағы? қай жердегі?) патшалық еткен ханзадалар әулетін тақтан құлатып отырған. Жылы-жылы (қалай сөйлесең?) сөйлесең, жылан інінен шығады (мақал).