Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Жоңғар басқыншылығында даңқы шыққан батыр – Райымбек (1705-?)

Хангелдіұлы Райымбек – жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының бостандығы үшін күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Кейінгі деректерде «Хангелді Райымбек» аталғанымен, Хангелді Райымбектің әкесі емес, атасы.

Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік көрсетіп, батыр атанды. Ол өз заманында ұйымдастыру қабілеті жоғары, сарбаздарын жігерлендіре білген қазақтың білікті қолбасшысының бірі. Тарихтағы қазақ батырларының негізгі іс-әрекеттерінде халықпен санасу жағы басым болған. Райымбек те кез-келген мәселені жанындағы батырлармен ақылдасып шешіп отырған.

Жан беріп, жан алысқан жаугершілік заманда аяқ астынан күтпеген қиындықтар болған кезде, Райымбектің қиналмай жол тауып, әскерді аман алып шыққан талай ерліктері ел есінде сақталып қалған. Солардың бірі – қалмақтар қаптап келіп қалғанда Райымбектің көзсіз ерлікке барып, әскерін Іле өзенінен аман өткізуі. Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен біріге отырып, ата мекенін жаудан тазартудағы ерліктері – ұрпаққа үлгі боларлықтай. Оның ерекше көзге түсіп, ерен батырлығын танытқан «Ойран төбе шайқасы» сондай шабуылдардың бірі ғана.

Халық «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» десе, Райымбек осы ұстанымды бойына сіңірген адам. Әсіресе, ылғи да халқын ойлап жүрсе, бұл – нағыз ел үшін туған азаматтық қасиет.

Қазақта «Жер болса – ел болады, ел болса – ер болады» деген де сөз бар. «Айласыз батыр болар ма?» деп те бекер айтылмаған. Нағыз қолбасшы Райымбек қиын сәттерде жол тауып, сарбаздарын рухтандырып, жігерлендіріп отырған.

«Ақтабан шұбырынды» кезінде жау қолын бөгеп, босқан елдің қырғынға ұшырамай, аман құтылып кетуіне мүмкіндік жасаудан басталған батырдың ерлік жолы – Жетісу өңірін жаудан тазартуды өз міндетіне алып, тарихи танымдағы жауынгерлік дәстүрді дамытуға өзіндік үлес қосуы – оның тарихи тұлға екенін айғақтайды.

Халық «Ер есімі – ел есінде» деп тегін айтпаған болса керек. Райымбектің жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ерлік іс-әрекеттерінің шексіздігіне қарай, халық оның есімін аңызға айналдырған. Ол шапқыншылық кезеңдердің бәрінде аттан түспей, қарулас серіктестерімен бірге талай шайқастарды бастан өткізді.

Райымбекті «Әулие» деп атайды. Тасып жатқан дариядан әскерін аман өткізуі, сусыз жерден су шығаруы, болашақты болжаған көріпкелдік іс-әрекеттері оның ел есінде осы атағымен сақталуына мүмкіндік берген болса керек.

Мүйізді Өтеген батыр бірде Райымбекке: «сен өлгенде шудың астында қаласың», - деген екен. Сол сөз шындыққа шығып, батырдың мазары бұл күнде бұрынғы Ұлы Жібек жолының бойындағы, қазіргі Алматы қаласының ең шулы көшесінің жиегінде тұр.

Райымбек батырдың тұлғасын ақын М.Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасында сомдаған. Елін, жерін азат етуде Райымбек батырдың тарихи рөлі зор. Оның ерлігі жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге әбден лайықты.

Сөздік:

сарбаз – воин; боец; солдат

қырғын – бойня; погром; резня; битва; уничтожающий; урон; побоище

ұстану – придерживаться

жігерлендіру – приободрить; вдохновлять; воодушевлять; приободрять

қарулану – быть вооруженным; взяться за оружие; вооружение; вооружаться

көріпкел – ясновидец

133-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Райымбек не үшін күрескен батыр? 2. Ол кімге қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды? 3. Неліктен оны білікті қолбасшы дейді? 4. Райымбектің қай ерлігі ел есінде сақталған? 5. Оның қай ерлігі жастарға үлгі боларлық? 6. Райымбектің ерекше батырлығымен танылғаны қай шайқас? 7. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты Райымбектің ерлігі жөнінен не білесіздер? 8. Райымбекті неге «Әулие» деп атаған? 9. Батырдың тұлғасын қай ақын, қай еңбегінде сомдаған? 10. Мүйізді Өтегеннің Райымбекке айтқанын қалай түсіндіресіздер?

134-тапсырма. Мәтіннен сапалық сын есімдерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Жалпақ; жалпақ дала; Қазақстанның жалпақ даласына кімдер келіп, кімдер кетпеді? «Жалпақ» сөзі сапалық сын есім, пішінді, форманы білдіреді.

135-тапсырма. Абайдың өлең жолдарындағы сапалық сын есімдердің астын сызып, олардың заттың несін білдіріп тұрғанын түсіндіріңіздер.

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Маңдайдан тура түскен қыр мұрынды,

Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды, Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды,

Жіңішке қара қасы сызып қойған, Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.

* * * * *

Адасып алаңдама жол таба алмай, Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп,

Берірек түзу жолға шық қиналмай... Сыртқа пысық келеді, көзге сынық...

* * * * *

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Кәрі-жас дәурені өткен тату емес,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Епке көнер ет жүрек сату емес...

Жақсы менен жаманды айырмадың... (Абай)