Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер

Құрамындағы жай сөйлемдердегі істің, оқиғаның өзара қарама-қарсы мәнде жұмсалатынын білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.

Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара іргелес тұрып та, жалғаулық шылаулар арқылы да байланыса береді.

Жалғаулық шылаулар (Соединительные союзы)

Мысалдар

(Примеры)

Қарсылықты жалғаулықты салалас (Противительные союзы): бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да (но, однако, иначе, все-таки).

1. Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады. (Я давал ему свою книгу, но он не взял).

2. Ол менен бұрын кетті, сонда да мен оны қуып жеттім. (Он ушел раньше меня, но я его догнал).

534-тапсырма. Арал теңізінің экологиясы туралы мәтінді мұқият оқып, мәлімет алып, өз ойларыңызбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Арал теңізінің экологиялық мәселелері

Арал өңіріндегі экологиялық апат аумақтарына Қызылорда облысының, Ақтөбе облысы Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Темір, Шалқар аудандарының, Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Отырар, Созақ, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумақтары кіреді.

Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумақтарын бөлу кезінде, экологиялық апат аймақтарына Қызылорда обылысының Арал және Қазалы аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы енгізілген.

Сонымен, Аралдың мұңы – қазақтың мұңына айналғаны қашан?! 1995 жылдарға таман Арал теңізі су көлемінің төрттен үш бөлігінен айырылды. Теңіз беті екі еседен астам кішірейіп кетті, теңіз деңгейі 19 метрге төмендеді. 30 жыл ішінде Аралдың радиусы 150 шақырымға дейін кейін шегінді, нәтижесінде теңіз айналасындағы 30 000 шаршы шақырым жер қылтанақсыз шөл далаға айналды. Осының салдарынан халықтың денсаулығы күрт төмендеді, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің түрлі кеселдері пайда болып, жұқпалы аурулар күш алды. Бауыр аурулары мен тырысқақ бұрын-соңды болмаған дәрежеде таралды. Аналардың 80%-ы қаныаздық ауруына шалдыққан.

«Қазіргі кезде Арал теңізі мен оған жапсарлас аудандарды қалпына келтіру мүмкін емес», - дейді мамандар, бірақ «Кіші Арал» деп аталатын су бассейнін толтыруға болады екен. Бүгінгі күні Кіші Аралда 12 текше шақырым су бар, енді екі жыл ішінде бұл көлемді 27 текше шақырымға дейін ұлғайтудың жоспары жасалған. Ауылшаруашылық министрлігі су ресурстары комитетінің мәлімдеуінше, Арал теңізіне құятын Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су желілерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асуда. Биыл жазда Әйтек су желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, одан әрі Қазалы және Қызылорда су желілерін жетілдіру жұмыстары басталды. Сырдария бойымен теңіздің солтүстік бөлігіне жыл сайын ең аз дегенде 5 текше шақырым су келіп құйылатын болады. Енді екі-үш жылда Кіші Аралдағы судың деңгейі Аралда кеме шаруашылығын қалпына келтіруге болатындай су жиналмақшы екен. Кіші Аралға су толтыру бағдарламасын, ТАСИС ұйымы, ЮНЕСКО және әртүрлі елдердің үкіметтері қаржыландырып отыр. Ал кезінде Арал теңізі ішкі су қорының көлемі жөнінен әлем бойынша төртінші орында болатын.

Сөздік:

саға – устье реки; место впадения реки в море, озеро

желі – линия; сеть; стержень; жила; веревка; киновязь

тырысқақ – холера; холерик; капризный

535-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Қоршаған орта, табиғатты қорғау, жұқпалы аурулар, табиғатты қорғау, қалпына келтіру, су толтыру, қаржыландырып отыру, кішірейіп кетті, шөл далаға айналды.

536-тапсырма. Дұрыс нұсқасын табыңыздар.