Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Инф_лаб_каз.53-83 .doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.41 Mб
Скачать

2.3 Лабораториялық жұмыстардың жоспары

1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс (1 сағат).

Windows - тiң негiзгi объектерi

Жұмыстың мақсаты: Windows–тiң негiзгi тәсiлдерiн мазмұндау, Windows ортасында бағдарлауды үйрену, ұғымдар кiргiзу:

Жұмыс столы

Тапсырмалар панелi

Бас меню

«Тышқан » түрi бар манипулятор

Менiң компьютерiм

WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс

Windows кез-келген ситуацияны (мәтiн, графика, программа және т.б.) өңдейтiн операциялық жүйе. Ол қолданушыларға ыңғайлы графикалық құалдармен қатар осы ортада бiр мезгілде бiрнеше операцияларды орындау, прграмманы тез iске қосу мүмкiндiктерiн бередi.

WINDOWS – тiң негізгі объектері

1 Жұмыс столы

Компьютер iске қ

  • Мой компьютер (Менің компьютерім) компьютердің құрамы мен құрылысын қарауғ,а болатын; жұмыс столындағы бума.

  • «Сетевое окружение» («Жүйелiк қоршау») таңбасы – компьтерлiк жүйемен жұмыс iстеуге мүмкiндiк бередi.

  • Входящие («Енушi») – максималдық хабарды және электрондық поштаны қабылдауға, жiберуге, терезе ашады.–.

  • Корзина («Қоржын») жойылған файлдардың көшiрмесiн, қалпына келтiру үшiн немесе кейiн жою үшiн сақтайды.

осылғаннан кейiн бiрден Windows операциялық жүйесi жүктеледi. Операциялық жүйе жүктелгенде, экранда жүйелiк буманың, құжаттардың ярлыктары және таңбалары болады. Таңбалары, шартбелгiлерi бар экран, Жұмыс столы деп аталады (1.1. сурет).Компьютер экранында Windows жүйелiк бумаларының таңбалары орналасқан – Мой компьютер (Менiң компьютерiм), Корзина (Қоржын) және т.б.

2 Тапсырмалар панелі (Панель задач)

Тапсырмалар панелі (Панель задач) – жұмыс столының төменгi жағында орналасқан ашық-сұр жол.

Онда программаларды тез қосуға, файлдарды iздеуге, сол сияқты ақпараттық ақпараттармен қатынасты қамтамасыз ететiн «Іске қосу» («Пуск» ) батырмасы бар.

Құжат немесе Тапсырмалар панелі терезiнде Программа ашылғанда (активтi), ашылған элементке сәйкес келетiн жазуы бар батырма пайда болады.Тыщқанның көмегiмен ол батырманы басу, керек терезеге тез өтуге мүмкiндiк бередi.

Тышқанмен «Іске қосу» («Пуск» ) батырмасын басу Windows 98 – дiң бас менюiн ашады.

3 Бас меню

Бас менюдiң командалары, қосымшаларды iске қосуға, файлдарды iздеуге, жүйенiң әртүрлi параметрлерiн баптауға, анықтамалық ақпараттар алуға және т.б. арналған. Бас менюдiң командаларының келесi деңгейдегi менюлары болуы мүмкiн. Ондай командалар 4 символымен белгiленген. Бас менюдiң негiзгi элементi, жиi қолданылатын программаларды жүктейтiн Программа жолы. Оның өзiнде «Стандартты», «Бағыттауыш» («Проводник ») және басқа жолдар бар.

Экранда Ctrl+Esc батырмасын басқаннан кейiн де, Бас меню пайда болады. «Іске қосу» («Пуск») батырмасы экранда көрiнбеген кезде, бұл өте тиiмдi тәсiл. Кейбiр экрандарды баптау режимiнде, ол басқа терезелермен жабық болады.

4 «Тышқан» манипуляторы

Бiз тышқанның көмегiмен Windows және оның қосымшаларының жұмысын басқарамыз: кез келген операцияны орындауға немесе орындамауға команда беремiз, фигуралар саламыз немесе оның фрагментiн ерекшелеймiз, ерекшеленген мәтiн фрагментiн немесе оның бейнесiн басқа позицияға тасымалдаймыз. Тышқанды столда(немесе кiлемшеде) әртүрлi бағытта жылжыта отырып, тiлсызықты экранның кейбiр позициясына орнатуға болады (басқа сөзбен айтқанда, тiлсызықпен нақты элементтi көрсету), содан кейiн тышқанның сол немесе оң батырмасын басып, машинаға сигнал жiберу.