Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Инф_лаб_каз.53-83 .doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.41 Mб
Скачать

Тапсырма

Сервердің домендік атауы – URL ең тұрақты элементінің негізінде ресурстарды кең түрде іздеуді ұйымдастыру. Бағалы қағаздаро туралы ақпаратпен жұмыс істеу.

Кілттік сөздер бойынша ішкі мәтіндік іздеуді қолдана отырып ресурстарды кең түрде іздеуді ұйымдастыру. Экономикалық шолу мен финанстық жаңалықтармен жұмыс.

Электронды төлемдік жүйелердің ақпараттарымен жұмыс.

http://www/rbcnet.ru адресін енгіз. Web - парағының электронды коммерция орталығы жүктеледі.

Төлемдік жүйелерді қосу бойынша өтуді жүзеге асырыңыз.

Үш фирманың ақпараттарымен танысыңыз. Өзіңіздің бумаңыз жайында ақпаратты сақтаңыз.

Жасалынған жұмысқа есеп беруді безендіру. Оны мәтіндік редакторда есеп беру түрінде беезендіріңіз.

Негізгі әдебиеттер: : [1] – 1-638 б, [2] 1- 432 б.

Қосымша әдебиеттер: [14] .

Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютер аралық байланыстың белгісі қандай?

  2. “Клиент-сервер” технологиясын сипаттаңыз.

  3. Компьютерлік желілерде интерфейстердің үйлесімсіздік мәселесін қалай жеңіп шығуға болады?

  4. Коммуникация хаттамасы дегеніміз не?

  5. Мәліметтер неге пакеттердің көмегімен беріледі?

  6. Желілік топологияның негізгі түрлерін сипаттаңыз.

  7. Архитектураның кең таралған желілерінің сипаттамасын атаңыз.

  8. Арнайы желілік құралдарға қысқаша сипаттама беріңіз.

  9. Локальды желілер қандай аймақтарда және қандай мақсатпен қолданылады?

  10. Интернет желісінің негізгі сервистерін тізіп шығыңыз.

8 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: HTML. Internet Explorer.

Мәтіндік ақпаратты тег арқылы өңдеу және көркемдеу (2 сағат)

HTML–дің негізгі ұғымдары.

HyperText Мarkup Language (HTML) - беттердің гипертексті белгілеу тілі. Бұл тілдің негізгі элементі тег. Қандай да бір текстік немесе графикалық бөлімдердің белгілерін кәрсету үшін ол тег деп аталатын арнайы таңбалармен қоршалады.

Тегтер үшін мүмкін болатын тапсырманың қосымша күйі – атрибуттар. Тегтерді жазғанда үлкен немесе кіші әріптерді қолданғанның айырмашылығы жоқ.

НТМL - құжаттың құрылымының гипертексті белгі тілі. Бұл тілдің негізгі элементі болып – тег табылады. Қандайда бір текстік немесе графикалық бөлімдерден тұратын тегтер берілген мәтін (немесе графика) қандай күйлерді қолданатынын анықтайды, яғни ол дегеніміз қаріптердің үлкен немесе кіші размері, толық шрифтер, курсивті немесе асты сызылғандығы, оңға немесе солға тегістеулігі, жыпылықтайтын немесе жыпылықтамайтындығы, броузермен қарағанда ол қандай түрмен ерекшеленіп тұрғандығы.

Тегтер және Web-беттер құрылымы

НТМL-дің негізгі тегтері шрифттің размерін, яғни өлшемін береді. Шрифттердің 6 өлшемі бар. <H1></H1>-ден <H6></H6>-ға дейін өлшемнің өсу ретінде болады. Негізгі мәтінде абзацтарға дұрыс бөлуді қамтамасыз ететін <Р>-абзац тегі және қатардың соңын көрсететін <BR> тегтері қолданылады.

Текст түрін форматтауда төмендегідей тегтер қолданылады:

- <B></B> - толық шрифт Bold;

- <I></I> - курсивті Italic;

- <CENTER></CENTER> - мәтінді ортаға келтіру;

- <BLINK></BLINK> - жыпылықтату.

Нөмірленген және маркирленген тізімдерді құру үшін тізімдер тегі қолданылады. Бетте мәтіндерді орналастырудың қарапайым операцияларын <BLOCKQUOTE> </BLOCKQUOTE> тегтері орындайды. Бірақта Web-бетке нақты шекаралар мен рамкалармен әдемі безендірілген мәтінді және графиканы жинақтау үшін таблицаның <TABLE> </TABLE> тегтеріне осы компоненттерді қосу керек. Көмкерілген линиялармен бөлінбеген кестелер дизайн элементтерін толық бетке орналастыру үшін қолданылады.

Егер бет <HTML> </HTML> тегтарының арасына орналасқан болса, ол мәтін HTML мәтіні екенін көрсетеді, ал оның бөлігі , (яғни мәтіннің бөлігі) <BODY> </BODY> тегінің ішіне орналасады. HTML программаларын код ретінде ғана емес, арнайы символдармен <>/ қоса қарапайым листинг түрінде қарау мүмкіндігі бар. Броузер <XML> </XML> тегтері арасында бардың бәрін көрсетеді.

Атрибуттар.

Тегтермен көмкерілген бет бөлігінің сыртқы түрін жазуға мүмкіндік беретін тегтерді атрибуттар толықтырады. Мысалға, <H1 ALIGN=CENTER> </H1> тегтерінің ортасында орналасқан мәтін, беттің ортасына дәл орналасқан үлкен мақаланың басы болып көрінеді. ALIGN=CENTER атрибуты текстің орналасуын көрсетеді. Ал <TABLE BORDER=4 > тег атрибуттары, кестенің шекарасы және бөлінетін сызықтары қарапайым қалыңдықты болатынын көрсетеді. <TABLE BORDER=0> тег атрибуты кестені шекара сызығынсыз береді. Әртүрлі атрибуттардың көмегімен тіпті өте қызықсыз беттерді де безендіруге мүмкін бар.

ALIGN= атрибуты

ALIGN= атрибуты мәтінді оң және сол жаққа қарай, ортаға немесе көлденеңінен теңестіруге мүмкіншілік береді. Үнсіз келісім бойынша мәтін сол жаққа қарай тураланады.

Берілген атрибутты сонымен бірге графикаға және кестеге қолдануға болады.

Үнсіз келісім бойынша HTML мәтіні сол жақ шетке қарай тураланады және ол оң жақ шетке қарай тураланбайды, яғни мәтін жолдарының басы бір деңгейде орналасады, ал соңы әр түрлі деңгейде орналасады. Көбінесе осы жағдайда сөздер арасындағы қашықтығы тең аралықтағы алынған мәтін жақсырақ көрінеді. Сол жақ шетке қарай туралау автоматты түрде берілетін болғандықтан, ALIGN= LEFT тег атрибутын қолданбаса да болады.

Оң жақ шетке қарай тураланған және сол жақ шетке қарай тураланбаған мәтін жолдарының соңы бір деңгейде, ал басы әр түрлі деңгейде орналасуы көбінесе практикада, тіпті болмаса оригиналды дизайн құру мақсатында жиі қолданылады Бұл жағдай қарапайым тегтарда ALIGN= RIGHT атрибутын қолдану арқылы жүзеге асады, мысалы <P> тегінде.