Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Инф_лаб_каз.53-83 .doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.41 Mб
Скачать

Интервалдар

Интервалдар жоларалық және абзацтардың арасында болады. Интервалдарды абзацқа дейін және абзацтан кейін орнату үшін:

- Абзац терезесіндегі Шегіністер бүктемесіне және интервалдарға кіру қажет;

- Интервалдар пунктінде алаңдардың қажетті мәнін орнату қажет;

Сервис менюінен Параметрлер терезесіндегі Жалпы бүктемесінде өлшем бірлігін орнату.

Тізілгендер тізімі

Мәтіннің жолының маркерлерді қосу немесе мәтінді еңгізуде маркерленген тізімді құру мүмкіндігі бар. Егер жаңа абзацтың бас жағына (-) дефис немесе (*) жұлдызшаны еңгізіп, Бос орын немесе Tab пернелерін бассақ, содан кейін мәтінді терсек, мұндай абзац Enter пернесін басу арқылы аяқтаған кезде автоматты түрде маркерленген тізімнің элементіне түрленеді.

Маркер түрінде кез келген графикалық объект немесе суретті қолдануға болады. Суреттелген маркерлер Web- құжаттарында жиі кездеседі.

Суреттелген маркерлер ретінде картинкалар немесе клиптер жинағындағы суреттерді қолдануға болады, сол сияқты суреттер немесе сканерден өткен фотосуреттерді де пайдалануға болады. Суреттерді белгілеу кезінде суреттерді бөлу үшін, шекараны қосу және жарықты баптау үшін саймандардан құралған Баптау көрінісі саймандар тақтасы пайда болады.

Нөмерленген немесе маркерленген тізімнің пішімін өзгерту

Нөмерлер немесе маркерлермен берілген абзацты өзгерту үшін белгілеңдер.

Формат менюінде тізім командасын таңдаңыз, ал содан кейін тізімнің түріне сәйкес келетін бүктемені таңдаңыз.

Элементтерді белгілеу үшін қолданатын тізім пішінін таңдаңыз.

Өзгерту батырмасын басыңыз.

Пішімдеудің қажетті параметрлерін таңдаңыз.

Кез-келген параметрлер туралы мәлімет алу үшін сұрақ белгісі бар батырманы басыңыз. Содан кейін осы параметрге шертіңіз. Жасалынатын өзгерістер пішімдеу саймандар тақтасындағы маркерленген тізім немесе нөмерленген тізім батырмаларын басу арқылы күшіне енеді.

Тапсырма

1. Бір тәсілмен Word мәтіндік редакторын іске қосу және Мәтін деген атпен Менің құжаттарым бумасында құжатты құру. Құрылған құжатта өз автобиографияңызды теріңіз.

Мәтіннің тақырыбын беттің ортасына қою және 16 пт өлшемдегі әріптермен теріңіз.

Мәтінде Enter пернесінің көмегімен бірнеше абзацтар жасаңыз. Көлденең сызғыштың маркерлерінің көмегімен сол және оң жақ шегіністерін орнатыңыз.

Мәтіннің стилін әдеттегі Times New Roman түрінде алыңыз. Индикаторда RU орыс регистрін орнатыңыз.

Мәтінде тышқанның курсорымен Ф.И.О белгілеу және әріпті жартылай қалың курсивке ауыстыр. Пернелердің көмегімен мәтіннің бір абзацын белгілей отырып, тышқанның курсорымен ұстап мәтіннің соңына қой.

Мәтінде жоларалық интервалды Бір жарым және осы интервалды Дәл ретінде орнатыңыз. Қаріптің өзгеру бірлігін және интервалдарды ПИК (ПК)-қа ауыстыр. Барлық абзацтардың алдындағы интервалдарды 3 пк-ға орнат.

Барлық мәтінді үш рет шерту арқылы белгілеп, сұхбат терезесінде беттің параметрлерін орнат; солдан шегініс 1 см; оңнан шегініс 1,5 см.

Мәтінде тізілген тізім бойынша барлық қалаларды, қайда тұрасыз немесе қайда болғаныңызды маркерленген тізіммен тізіп шығыңыз. Барлық мектептерді, оқу орындарын, қайда оқығаныңызды маркерленген тізіммен тізіп шығыңыз. Маркерлеуді Өзгерту терезесінен немесе символдар кестесінен таңдаңыз.

Сервис менюіндегі Параметрлер командасының көмегімен көлденең және тік сызғыштардың өлшем бірлігін ауыстырыңыз. Курсордың көмегімен көлденең сызғыштың бір жолын белгілеп, 5 өлшем бірлігі болатындай жолдың сол жағынан және оң жағынан бірдей шегіністер орнатыңыз.

Автобиографияңызды бітіріп, соңына қол қойыңыз, жолдың соңына датаны қойыңыз, осы жолдың алдындағы интервал 24 ПТ болсын. Саймандар тақтасы батырмасының көмегімен шегіністі үлкейтіңіз. Құжатты Қалай сақтау керек командасы арқылы сақтаңыз, Мәтін деген атқа кластың нөмерін немесе тобыңызды қосыңыз, Мәтін 9 б.

Негізгі әдебиеттер: : [1] – 1-638 б, [2] 1- 432 б.

Қосымша әдебиеттер: [6] .

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаріптерді пішімдеу не үшін қолданылады?

  2. Мәтіннің стилін қалай өзгертуге болады?

  3. Қаріптер мен әріптердің өлшемін қалай өзгертеміз? Курсордың көмегімен мәтінді қалай белгілейміз?

  4. Мәтінді туралауды қалай орындаймыз? Туралаудың қандай түрлерін білесіз?

  5. Нөмерленген тізімді қалай орындауға болады? Қандай тәсілмен мұны жасауға болады?

  6. Маркерленген тізімді қалай орындаймыз? Жаңа маркерді қалай орнатуға болады?

  7. Абзацты пішімдеу қалай орындалады? Абзацты, жолды, сөзді қалай белгілейміз?

  8. Абзацтар арасындағы интервалдарды қалай орнатамыз? Жоларалық интервалдарды қалай орнатамыз?

  9. Қаріптерді өзгерту бірліктерін және интервалдарды қандай тәсілмен ауыстыруға болады?

  10. Сызғыштың және саймандардың көмегімен шегіністерді қалай үлкейтуге және кішірейтуге болады?

3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: EXCEL Электрондық кестесі. Электрондық кестемен деректер қоры ретінде жұмыс жасау.

(2 сағат).

Жұмыстың мақсаты:

Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде қолдану тәсілдерімен танысу;

Деректер қорында әр түрлі белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу әрекеттерін меңгеру;

Деректерді сұрыптауды үйрену.

Деректер қорының негізгі түсініктері

Кестенің А2:F12 аймағын деректер қоры ретінде қарастыруға болады (1 суретті қара). Деректер қорында осы кестенің A,B,C,D,E,F бағаналары өріс (поля), ал 3-12 жолдары жазбалар (запись) деп аталады. A2:F2 аймағында өрістің аттары жазылған.

Деректер қорының құрылымына шектеулер қойылады:

Деректер қорының бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасса;

Деректер қорының біріншіден басқа қатарлары ешқандай бос орын қалмайтындай болып, жазбалармен толтырылса;

Өріс бойымен (бағана бойынша) орналасқан мәліметтер біртектес, яғни тек сандар немесе мәтіндер болса, кестені деректер қоры ретінде қарастыруға болады.

Деректер қорымен атқарылатын негізгі жұмыс оның құрамынан айрықша белгілеріне қарай деректерді іздеу болып табылады. Жазбалар саны неғұрлым көп болған сайын деректерді іздеу қиындай береді.

EXCEL – бұл қиындықтарды шешуді деректерді сұрыптау арқылы орындау мүмкіндігін береді.

Жазбаларды екшеп, теріп алу

Деректер, Фильтр (Данные, Фильтр) командасын орындау арқылы қажетті жазбаларды басқалардан бөліп алуға, екшеп теріп алуға болады. Екшеп теріп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, ал жәй әрекеттер арқылы (қолмен) Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр) командасының көмегімен орындауға болады.

Автофильтрді пайдалану ерекшеліктері

Автофильтрді пайдаланып, жазбаларды екшеп теру әрекеттерін орындау үшін, алдымен курсорды деректер базасы ретінде қарастырылатын кестенің ішіне орналастырамыз немесе жазбаларды белгілейміз. Одан кейін Деректер, Фильтр, Автофильтр (Данные, Фильтр, Автофильтр) командасын орындаймыз. Нәтижесінде өріс аттары маңында төмен қарай бағытталған тілсызық батырмалар пайда болады. Осы батырмаларды шерту арқылы әрбір өрістегі деректерді екшеп теріп алу критерийлерін таңдай аламыз. Пайда болған ішкі менюдегі Барлығы (Все) бөлімі ( - сурет) фильтрден өткізуді тоқтатады, ал Шарт (Условие) бөлімін таңдау нәтижесінде екшеп алу параметрлерін тағайындау мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады. Бір өрісте орналасқан деректерді ЖӘНЕ не НЕМЕСЕ логикалық функцияларымен байланысқан екі шартты бір уақытта тексере отырып, екшеп теруге болады.

1-ші тапсырма.

Кестені 1- сретке сәйкес келетіндей Күн жүйесіндегі планеталар туралы дерекпен толтырып, work6.xls деген атпн сақтаңыз

Күн планетасының жүйесі.

Планета

Период

Ара қашықтық

Диаметр

Масса

Спутник

Солнце

0

0

13929

2000000

0

Меркурий

0,341

58

4,9

0,32

0

Венера

0,815

108

12,1

4,86

0

Земля

1

150

12,8

6

1

Марс

1,881

288

6,8

0,61

2

Юпитер

11,86

778

142,6

1906,98

16

Сатурн

29,48

1426

120,2

570,9

17

Уран

84,01

2869

49

87,24

14

Нептун

164,8

4496

50,2

103,38

2

Плутон

247,7

5900

2,8

0,1

1

1-сурет. Күн жүйесіндегі планеталар жөніндегі дерек жазылған кесте

Кестеде қолданылатын өлшем бірліктері:

- Орбита бойынша айналу периоды, жыл;

- Планетаның Күннен қашықтығы, млн.км;

- Экваторлық диаметрі, мың км.;

- Массасы - көбейтілген 1024кг.

2-ші тапсырма.

Автофильтрді пайдалана отырып, “С” немесе “Ю”іпінен басталатын, массасы 6001024 кг-нан кем планеталарды іздеңіз. Ол үшін:

2.1 Деректер, Фильтр, Автофильтр (Данные ,Фильтр , Автофильтр) командасын орындаңыз.

Осы мезетте деректер қорының әрбір өрісінде батырмалар пайда болуы керек.

2.2 Планета өрісіндегі батырманы шертіңіз де, Шарт ... (Условие ...) бөлімін таңдаңыз.

2.3 Пайдаланушы автофильтрі (пользовательский автофильтр) сұхбат терезесінде НЕМЕСЕ ауыстырғышын қосып, сол жақ өрістерде тең (равно) шартын таңдап, оң жақ өрістерде С*, Ю* әріптерін теріп жазыңыз да, ОК юатырмасын шертіңіз.

Осы әрекеттер орындалғаннан кейін деректер қорында Күн, Юпитер және Сатурн планеталары ғана қалуы керек.

2.4 Масса өрісіндегі батырманы шертіңіз де, Шарт ... (Условие ...) бөлімін таңдаңыз.

2.5 Пайдаланушы автофильтрі (пользовательский автофильтр) сұхбат терезесінде Масса өрісінде батырмасын шертіп, аз (меньше) шартын таңдап, сол жағында пернелер тақтасынан 600 санын теріп жазыңыз.

Нәтижесінде Күн мен Юпитердің салмағы600 кг-нан артық болғандықтан, деректер қорында тек Сатурн ғана қалады.

2.6 Деректер, Фильтр, Барлығын көрсету (Данные ,Фильтр ,Отобразить все) командасын орындаңыз.

3-ші тапсырма.

Автофильтрді пайдаланып, өз бетіңізше орындаңыз:

1) экваторлық диаметрі 50 мың. км.- ден және массасы 4*1024кг. Кем емес планеталарды іздеңіз (Меркурий, Марс, Плутон);

2) Күннен ара қашықтығы 100 млн. Км.-ден аспайтын, массасы 3*1024кг. - 500*1024кг , аралығында болатын және 2-ден артық серігі бар планеталарды іздеңіз (Венера, Земля, Нептун).

Кеңейтілген фильтр

Кеңейтілген фильтрді (Расширенный фильтр) пайдаланбас бұрын мынадай үш аймақты анықтап (құрып) алу қажет.

- тізім аралығы (интервал списка), яғни деректер қоры аймағы, біздің мысалымызда (A2:F12).

- критерийлер аралығы (интервал критериев) – екшеп теру әрекеті өткізілетін аймақ, (A14:F15);

Шығарып алу аралығы (интервал извлечения) – екшеп теру нәтижесі орналасқан аймақ (A17:F21).

Кеңейтілген фильтр көмегімен мәліметтерді екшеп теріп алу үшін, Деректер, Фильтр, Кеңейтілген фильтр (Данные, Фильтр, Расширенный фильтр) командасын орындаймыз. Экранда пайда болған Кеңейтілген фильтр сұхбат терезесінде аралықтардың координаталарын көрсету керек. Егер екшеп теру нәтижесін басқа орынға көшіру қажет болса, онда Нәтижені басқа орынға көшіру (Скопировать результат в другое место) ауыстырғышын іске қосамыз.

4-ші тапсырма.

Кеңейтілген фильтрді қолдана отырып, 2-ден кем емес серігі бар және айналу периоды 10 жылдан артық болатын планеталарды іздеңіз.

Ол үшін:

4.1 Критерийлер және шығарып алу аралығын құрыңыз.

4.2 Іздеу критерийі мен критерий аралығын жазыңыз.

4.3 Курсорды деректер қоры, яғни A2:F12 аралығына орналастырыңыз.

4.4 Деректер, Фильтр, Кеңейтілген фильтр (Данные, Фильтр, Расширенный фильтр) командасын орындаңыз.

4.5 Кеңейтілген фильтр сұхбат терезесінде Нәтижені басқа орынға көшіру (Скопировать результат в другое место) ауыстырғышын іске қосыңыз.

4.6 Аралықтардың дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз де, ОК батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде планеталар ішінен көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун планеталары табылуы керек.

Планета

Период

Ара қашықтық

Диаметр

Масса

Спутник

Солнце

0

0

13929

2000000

0

Меркурий

0,341

58

4,9

0,32

0

Венера

0,815

108

12,1

4,86

0

Земля

1

150

12,8

6

1

Марс

1,881

288

6,8

0,61

2

Юпитер

11,86

778

142,6

1906,98

16

Сатурн

29,48

1426

120,2

570,9

17

Уран

84,01

2869

49

87,24

14

Нептун

164,8

4496

50,2

103,38

2

Плутон

247,7

5900

2,8

0,1

1

Планета

Период

Расстояние

Диаметр

Масса

Спутник

>10 >=2

Юпитер

11,86

778

142,6

1906,98

16

Сатурн

29,48

1426

120,2

570,9

17

Уран

84,01

2869

49

87,24

14

Нептун

164,8

4496

50,2

103,38

2

2- сурет. Кеңейтілген фильтр

5-ші тапсырма.

Алынған нәтижені planets.xls дегкен атпен файлға сақтап қойыңыз.

6-шы тапсырма.

А13 ұяшығына “Іздеу критерийі”, ал А16 үяшығына “Іздеу нәтижесі” деген тақырыптар жазған соң, жұмыстың нәтижесін қағазға басып шығарыңыз.

7-ші тапсырма.

Кеңейтілген фильтрді қолдана отырып, айналу периоды 2 жылдан артық, экваторлық диаметрі 50 мың км. Ден кем емес планетаны іздеңіз (Уран, Плутон).