Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Инф_лаб_каз.53-83 .doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.41 Mб
Скачать

Мәтінді және графиканы ортаға орналастыру

Мәтінді және графиканы ортаға оргналастырудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. HTML 3.0 спецификациясында <ALIGN=CENTER> - атрибутын қолданылу ұсынылады. Алайда бұл тегті барлық HTML объектілеріне қолданыла алмайды, сондықтан кез келген объектілерді топтастыратын және Netscape Navigator, Internet Explorer броузерлерімен және тағы басқалармен сүйемелденетін Netscape <CENTER> тегімен толықтырылды. <CENTER> тегіне өте ұқыптылықпен қарау керек. Оны кейбір броузер бұзуы мүмкін және бетте сол жақ шетке қарай тураланған мәтін пайда болады. Егер де сіз сенімді болғыңыз келсе, онда болашақта сізге өзіңіздің кодыңызға қайтып келмес үшін және барлық жерде <CENTER>-ді <P ALIGN=CENTER>-ға ауыстыруға, тіпті екі тегті де қолдануға болады. Бірақ-та екі тегті қатар қолданудың өзі шектен тыс.

Графиканы айналдыру

ALIGN= атрибутының көмегімен сіз мәтінді графикалық объекттің айналасында “айналдыра” аласыз. Ол үшін <IMG SRC=’’/ жол /файл .gif’’ ALIGN=LEFT, ALIGN=RIGHT, ALIGN=CENTER тегін орналастырыңыз. Сонымен бірге HSPACE= және VSPACE= (олар төменде жазылады) атрибуттар көмегімен, мәтінді бейнеден бөліп тұрған өрістің горизонталды және вертикалды ені беріледі. Сурет айналасына рамка құруға немесе кестені мәтінмен көмкеруде болады.

<CLEAR=> атрибуты

<CLEAR=> атрибуты <BR> тегында көрсетілген нүктеде объекті, мәтіннің орап алуын тоқтатуға және содан кейін объектің артындағы бос аймақта мәтінді жалғастыруға қолданылады.

Объектіден кейін жазылатын мәтін CLEAR атрибутының LEFT, RIGHT немесе ALL мәндеріне сәйкес.

BR CLEAR=LEFT > - ең жақын, бос, сол жақ алаңнан бастап мәтін жалғасады;

<BR CLEAR=RIGHT> - ең жақын бос оң жақ алаңнан бастап мәтін жалғасады;

<BR CLEAR=ALL> - сол жақ және оң жақ алаңдар бос болған сәттен бастап мәтін жалғасады.

Тапсырма

Үй дайындығы:

1 HTML-дың негізгі тегтары мен атрибуттарын оқу;

2 Web-беттерін толтыруға, соның ішінде gif – файлын толтыруға, керекті мәліметтерді дайындау. Пәндік аймақты оқытушы анықтайды.

Лабораторияда тапсырмаларды орындау тәртібі:

1 Оқытушыға үй дайындығының мәліметтерін көрсету;

2 Қарапайым Web - парағын құру;

3 Оған gif – файлынан сурет енгізу;

4 Web-беттерін толтыруда жүргізу тізбегін, мәтінді жыпылықтатуды, дыбыстық безендіруді қолданумен қатар, суретті қолдануды жалғастыру;

5 Егер принтер іске қосылып тұрса, Web-беттің баспасын алу. Оқытушыға Microsoft Internet Explorer-де Web - парағын көрсету;

Есеп беруге қойылатын талаптар:

1 HTML – атрибуттары мен тегтарын қолданудың қысқаша суреттемесі;

2 Тапсырмаға сәйкес берілген мәліметтер;

3 Түсініктеме жазбасымен бірге жұмыс нәтижесінің баспасы.

Негізгі әдебиеттер: : [1] – 1-638 б, [2] 1- 432 б.

Қосымша әдебиеттер: [16], [26] .

Бақылау сұрақтары:

  1. HTML және Web-беті дегеніміз не?

  2. Web-беттерін құру үшін қандай негізгі тегтар мен атрибуттар қолданылады?

  3. Беттер қандай тегтармен толтырылуы және редакторлануы мүмкін?

  4. Өмір сүретін Web-беттер құрылымы қалай модифицирленеді?

  5. Microsoft Internet Explorer қандай жұмыс режимдерінен тұрады?

88