Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Инф_лаб_каз.53-83 .doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.41 Mб
Скачать

Қаріпті (шрифт) пішімдеу

Пішімдеу - таңбаға қажетті параметрлерді орнату. Қаріпті пішімдеу - арнайы эффектінің бояуын, түрін, өлшемін өзгерту. Қаріпті орнату үшін 2-суретте көрсетілгендей арнайы қаріп сұхбатты терезесі шақырылады.

Қаріп сұхбатты терезесі

Абзацты пішімдеу

Беттегі абзацтың жағдайын келесі параметрлер анықтайды:

Алаң (поля) негізгі мәтіндік облыстың жалпы енін, яғни мәтіннің арасындағы қашықтықты және беттің шеттерін анықтайды. Беттің Тапсырма алаңы бөлімін қарастыр.

Шегініс (отступ) абзацтар арасындағы және сол немесе оң жақ алаңдар қашықтығын анықтайды. Облыстың шектелген алаңында абзацтар тобының немесе бір абзацтың шегінісін үлкейту немесе кішірейту үшін Пішімдеу саймандар тақтасындағы Шегіністі үлкейту және Шегіністі кішірейту батырмаларын пайдаланыңыз. Сол сияқты шегініс теріс болуы мүмкін (мұндай шегініс выступом деп аталады).

Горизонталь бойынша белгілеу сыртқы түрді және абзацтың шеттерін анықтайды және сол жаққа қарай, оң жаққа қарай, ортаға немесе ені бойынша тегістеу арқылы орындалуы мүмкін. Мысалы, көп жағдайда абзац сол жаққа қарай тураланады, бұдан абзацтың сол жақ бөлігі сол жақ алаңға қарай жиналады. Мәтінді көлденеңінен туралаудағы өзгерістері жөнінде мәліметтерді қара.

Тігінен туралау жоғарғы және төменгі алаңға байланысты абзацтың жағдайын анықтайды. Мұндай туралау мәтінді жоғары қарай немесе беттің ортасына қарай немесе абзацты беттің ұзындығы бойынша тепе-тең орналастыру қажет болғанда, титулдық парақтарды құру үшін қолданылады. Мәтінді тігі бойынша туралаудағы өзгерістер жөніндегі мәліметтерді қара.

Абзацта шегіністің көмегімен бір жолды басқаларға қатысты жылжытуға болады. Жеке жолдарды шегіндіру тапсырмасы үшін көлденең сызғышты, Шегіністер және интервалдар бүктемелеріндегі параметрлерді (Пішімдеу менюі, Абзац командасы), сол сияқты бос енгізуді қолданады. Бос енгізу туралы мәліметтерді қара.

Сол сияқты мәтінде шегіністерді құру үшін мәтінде жеке жолды пішімдеуге ыңғайлы болып табылатын, әсіресе толтырулармен берілген табуляция қажет болғанда табуляция позициясы қолданылады. Табуляция позициясы күрделі элементтерді, мысалы колонкалар немесе кестелерді құру үшін қолдануды ұсынбайды.

Жоларалық интервал абзацтағы мәтіннің тігінен жолдардың арасындағы қашықтықты анықтайды. Абзацтар арасындағы интервалдар параметрлері абзацтың алдындағы және соңындағы интервалдарды анықтайды. Егер беттегі бір абзацты басқа абзацтардан бөліктеу керек болса немесе бірнеше абзацтардың арасындағы интервалдарды өзгерту керек болса, онда абзацтың алдындағы, абзацтың соңындағы немесе бірден екі параметрлерді үлкейту керек.

Абзацтар мен жолдардың арасына қойылған интервалдар абзацты пішімдеуге кіреді. Екі интервалмен абзацта мәтінді теруде Enter пернесін басу көмегімен, жаңа абзацты бастауға болады. Бұл жағдайда екі интервалмен пішімдеу келесі абзацқа ғана емес, сол сияқты абзацтар арасындағы интервалға да қолданылады.

Жолдар немесе абзацтар арасындағы интервалдарды өзгерту жөніндегі мәліметтерді қара.

Көлденең сызғыштың көмегімен пішімдеу

Сызғыштың соңында шегіністерді белгілеу (маркер) деп аталатын үшбұрышты маркерлер орналасқан. Оларды жылжыту тышқанның көмегімен жүзеге асырылады. Сызғыштың өлшем бірлігі Сервис менюіндегі Параметрлер командасы көмегімен орнатылады. Жалпы бүктемесінде Өлшем бірлігі тізімін ашу керек және керекті бірлікті беру қажет.