Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Елтану.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.17 Mб
Скачать
  1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – п.ғ.к., доцент,

тегі, аты, әкесінің аты

Шүленбаева Ұ.Р. – ф.ғ.к., доцент, Садақбаев Т.Т. – ф.ғ.к., доцент,

Өмірбеков А.Ә. – аға оқытушы

Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 .

телефон, E-mail

Кафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 .

аудитория, уақыты

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Қазақ тілі .

Кредит саны 3 .

Өткізу орны Бас оқу ғимараты

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс

Семестр

Кредиттер

1 аптадағы академиялық сағаттар

Тәжірибелік/

семин. сабақт.

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы,

1 аптадағы академ. сағаттар

Бақылау

түрі

1

1-2

3

3

3

3

9

Емтихан

1.3. Пререквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешен олардың орта мектептегі тіл туралы алған білімдерін одан әрі толықтырады. Студенттерге Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т.б. тереңірек білуге бағыттап оқытады. Бұл пәнді оқу арқылы, Қазақстанның қалыптасу тарихын, елін, жерін қорғаған хандар мен батырларының, көсемдер мен сөз шеберлері билердің, алты алаш арыстарының ғылым, білімді дамытуға қосқан үлестерін меңгереді және мамандықтарына сай кәсіби тілді болашақта қатынас құралы ретінде игеріп шығады.

1.4.Постреквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған қажетті пәндерді, мемлекеттік тілді орыс тілді бөлім студенттеріне оқыту негізінде, оның қатысымдық жағын күшейтіп, ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабына баса назар аударылу керек. Кешенді қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгерген студент осы пәннен алған білімін болашақ еңбек жолында кәсіби-іскери бағытта толық пайдалана алады.

1.5. Пәннің мазмұны: Соңғы жылдарда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны дамытудың әр қырынан қамтылған көптеген шаралары көрсетіліп, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту жолдары қарастырылған бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Бұл оқу үрдісіндегі кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.

Жаңа ғасырдағы жаңа ағымдарға сай талаптар бойынша, білікті мамандар даярлау, оқытудың сапасын халықаралық дәрежеге көтеру, кәсіби мамандықтарға бағытталған білім беру үшін, жаңа технологияны пайдаланып, кредиттік жүйемен оқытуға ерекше назар аударылуда. Бұл арада студенттерге мәтінмен жұмыс істетуді дағдыландырудың қажеттілігі туады. Тіршіліктегі барлық пайдалы, қажетті мағлұматтарды тек мәтін арқылы алады.

Пәнді оқып, меңгерулері және аталған талаптардан шығулары үшін студенттер мыналарды білулері қажет:

  • Қазақстанның, қазақ елінің даму жолдарын, тарихын;

  • Қазақ халқының XX ғасырдың I, II жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайын;

  • Қазақстанның мемлекеттік тілін;

  • Қазақ хандығының негізін қалаған, қолбасшылық жасаған хандарының тарихтағы орнын;

  • Қазақ халқының сөз шеберлері, көсемдері, билері жайлы;

  • Ел қорғаған халық батырлары, Кеңес Одағы батырларының ерлік істерін;

  • Ұлы ғалым, ойшылдары жайлы;

  • Қазақ тілі мен әдебиетін қалыптастырушы алты алаш арыстарының ғылымды дамыту жолдарын;

  • Қазақстанның тарихи қалаларының тарихын;

  • Қазақстанның астаналарының тарихын;

  • Кеңес заманындағы ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдардың шығармашылығын;

  • Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тарих беттерінен тарихи деректерді;

  • Қазақстанның тәуелсіздік шежіресін ;

  • Қазақстанның тұңғыш Президентінің өмір жолын;

  • Қазақстанның табиғи және мәдени ескерткіштерін;

  • Қазақстанның экологиялық мәселелерін;

  • Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын және т.б. көптеген мәліметтерді.