Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Елтану.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.17 Mб
Скачать

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз.

Придаточные цели указывают на цель действия главного предложения, и отвечают на вопросы не мақсатпен? (с какой целью?), не үшін? (для чего?), неге? (зачем?).

Способ образования:

Путем прибавления к причастию суффиксов: -ша, -ше. М.: Мен кел-ген-ше, сен үйде отыр. (Пока я не приду, сиди дома).

От исходной формы глагола с послелогом (тұйық етістіктен кейін үшін шылауының келуі арқылы) үшін. М.: Институтқа ерте жету үшін, біз тез жүрдік. (Для того, чтобы пораньше прийти в институт, мы шли быстро).

От повелительной, условной, желательной форм глагола со вспомогательным словом деп. М.: Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді. (Чтобы сын хорошо учился, отец принес ему много книг).

460-тапсырма. Көп нүктелердің орнына мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарларын тиісті орындарына қойып жазыңыздар.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1926 жылы Қарсақбайға ...................., оның алдында Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кен байлықтарын іздеу мен геологиялық барлау жұмыстарын жаңа техникамен кеңінен жүргізу тәрізді аса маңызды міндет тұрды. Шоқан Уәлиханов сияқты ауыз әдебиетін зерттеуді Қ. И. Сәтбаев Баянауылда ....................., студент кезінен-ақ бастап жалғастырды. Қ. И. Сәтбаев «Мыс, көмір, темір, марганец рудалары және Жезқазған-Ұлытау ауданының басқа да қазба байлықтары» атты тақырыпта баяндама ..............., 1934 жылының қараша айында Одақтық Ғылым Академиясының сессиясына қатысты. Орта Азия халықтары, көне Персия ғалымдары күн мен түннің теңелетін уақытын, күнін, сағатына, .................. .................., тура астрономиялық дәлдікпен есептеп шығарған.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарлары: келгенде, жүргенде, жасағалы, минутына дейін.

461-тапсырма. «Алтын адам» туралы мәтінді мұқият оқып, тарихи деректермен танысып, мазмұндаңыздар.

« А л т ы н а д а м »

Әлем жұртшылығы тарихи деректер мен мұраларға қашанда үлкен қызығушылықпен қарайды. Жаһан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға қалса, міндетті түрде тарихи бай өлкелерге барады. Басқа елдердегі сияқты, Қазақстан жерінде де көптеген археологиялық қазбалар табылған. Көне қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан мәлімет бергендей.

Ал, күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын мекеніне айналған.

Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала орындары, зираттар, мешіт-медреселер кең байтақ отанымыздың түкпір-түкпірінен табылған.

Ал, Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде, алыс-жақын елдердің барлығы елең еткен-ді. Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық құндылықты тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев, басқа да ғалымдармен кеңесе отырып, бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді.

«Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі адамның, сонан соң оның елінің дәулетін көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның қыр-сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін айқындай тын сияқты. «Алтын адам» Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды. Кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдердегі көрмелерге де шығарылды. Оңтүстік астананың орталық алаңындағы (Республика алаңы) «Тәуелсіздік» монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам».

Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы екі «Алтын адам» табылды. 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Оны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген адамды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген.

Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы оны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл «Алтын адам» б.д.д. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң-құс белгілеріне қарағанда, сақ патшасына келетін бұл адам әлі де зерттелу үстінде.

Міне, күні бүгінге дейін бір емес, үш «Алтын адам» табылды. Ұлан байтақ Қазақстанның жерінде әлі қанша «Алтын адамның» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде.

Сөздік:

зират – кладбище; могила қазба – ископаемое; раскопка

ханзада – принц; сын хана; тайпа – племя; племена; род

потомок хана болат – сталь

семсер – меч; сабля; рапира аң – дикое животное; зверь

құйма – литье; сплав; отливка

462-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап құрастырып, оларды рөлге бөліп оқыңыздар.

Ү л г і:

– Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбаларды зерттеу қай

уақытта жүргізілген?

– Қазақстан жерін, ондағы археологиялық қазбаларды зерттеудің негізгі

жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген.

463-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, олардың негізгі мағынасын сақтай отырып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

Ү л г і:

Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылған+нан бері, оған алыс-жақын елдің бәрі қызығушылықпен қарады.

464-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, олардың негізгі мағынасын сақтай отырып, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

Ү л г і:

«Алтын адамды» қазақ елінің басты символы ретінде таныт+у үшін, басқа елдердегі көрмелерге де шығарды.

Бағыныңқылы сөйлем Басыңқылы сөйлем

Мен

Сен

Сіз

Ол кел+ген+де, Айгүл теледидар көріп отыр екен.

Біздер

Сендер

Сіздер

Олар

465-тапсырма. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, оларға сұрақтар қойыңыздар.

Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді. Қарағанды көмірін тапқалы, жүзге жуық жылдар өтіп барады. Ауыл осы қонысқа келіп орналасқаннан бері, ол бір күн дамыл тауып тыныққан емес. Бу мен пульпа бөлінгеннен кейін, пульпа аппараттың төменгі жағынан сүзгіден өтіп, сұйық ерітінді мен қалдыққа бөлінеді. Шеелиттің концентратын автоклавта өңдегенде, сода көп мөлшерде кетеді. Абай әкесі келгелі, үйден шыққан жоқ. Жұрт жиналып болған соң, Әркен көрген-білгенін асықпай айтып берді. Әбу Насыр әл-Фараби үйіне оралғанда, көшпелі елдің әр алуан өмірін көргендігін айтып берді. Атақты жиһанкез Қорқыт данамен танысқалы, оның жанына шәкірт болып еріп жүретін болды. Еліміз егемендік алғалы бері, бұл мәселе тыс қалған емес.

466-тапсырма. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, оларға сұрақтар қойыңыздар.

Әңгіменің негізгі арқауын қамту үшін, оған Б. Момышұлының саяси, философиялық, әскери көзқарастарын білдіретін бірнеше жанама сұрақтарға жауабын жалғастыруым қажет. Ел сүйген ойлы ұлдың этика, мораль, тәрбие мәселелеріне байланысты пікірлерін жалғастыру үшін, жаңағы айтылғандарды өрбітіп, қиюластыру қажет. Біз жазатын нәрсенің жанры – сұхбат, естелік, әңгіменің сипатын танысын деп, астасқан ойды диалог түрінде құрды. Өзіне ерекше мектеп болсын деп, әр ұлт адамдарымен қызметтес болды. Жаным – арымның садағасы, халқым үшін жаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Өз елінің бағасын біліп, оны қадірлеу үшін, өз халқыңа үлкен сүйіспеншілікпен қарауың керек.

467-тапсырма. Сөйлемдерден мақсат және мезгіл бағыныңқыларды тауып, оларды екі бағанаға бөліп жазыңыздар.

Қазақ халқының не әдет-ғұрпын, не мәдениетін, не тілін білмейтін адамды республиканың бірінші басшылығына тағайындағаннан кейін, жастардың наразылығы туып, алаңға шықты. Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларды «Ұлтаралық жанжалды ушықтырды» деп, оларға «ұлтшылдар» деген айып тақты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, қазақ тілінің өрісін кеңейту мәселесіне назар аударыла бастады. Қазақ тілінің даму жолын, қолданылу аясын биік деңгейге көтеру үшін, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, оны күнделікті өмірге белсенді түрде енгізді. Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді. Абай бүгін әдейі оңаша сөйлесу үшін, Мағаш пен Әбіштерді осында шақыртқан еді. Ерітіндіден натрий нитратын бөліп алғаннан соң, оны тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығында қолданады.

13-апта. 38-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Себеп, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

468-тапсырма. Еліміздің болашағы – жастарға артар үміт зор. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, өз ойларыңызбен толықтырып, мазмұндаңыздар.