Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Елтану.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.17 Mб
Скачать

Өркениетке өрлеу жолында

* * * * *

Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштері. «Алтын адам»

Мәдени ескерткіш дегеніміз адам баласының шексіз қиялы мен шебер қолынан шыққан әр алуан дүниелер. Оған – ғимарат-кесенелер, мешіттер, мүсіндер, сурет-портреттер, зергерлік бұйымдар, металдар мен қыштан, ағаштан жасалған түрлі тұрмыстық заттар жатады.

Біздің ұлтымыздың көнеден келе жатқан мәдени ескерткішіне – киелі баспанамыз киіз үйді жатқызуға болады. Сонымен қатар жетпіске тарта сазды аспаптар, ат әбзелдері мен төрт түлікке қажетті құрал-сайман түрлері де, тұрмыстық бұйымдар да көнеден сақталған.

Ал ғимарат-кесенелерге келсек Ұлытаудағы Алаш хан, Жошы хан мазарлары, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидың, Тараздағы Қарахан, Айша бибі кесенелерін айтуға болады. Бұлар алғашқы орта ғасыр туындыларына жатады.

Тым көнеден жеткен (б.э.д.) жәдігерлеріміз – Есік қаласынан табылған «Алтын адам» (Алматы облысы), Шығыс Қазақстан облысы Қотан-Қарағай ауданы Берел қорығынан шыққан алтын адамдар (әйел және еркек), он екі арғымақ әбзелдері. Атырау өңірінен табылған осыған ұқсас жәдігерлер құнды мұралар болып саналады. Ешқандай басқа ұлттарда қайталанбайтын, кездесе бермейтін ұлттық киім үлгілерінің өзі ұлтымыздың мақтанышы. Таңбалы тастар мен балбал тастар тарихымыздың түп негізі.

Табиғи ескерткіштер сан мың жылдарға созылған табиғи құбылыстардың әсерінен (жел, су, ыстық пен суық, жер сілкінісі, т.б.) пайда болған ғажайып кескіндемелер. Қазақстан жерінде мұндай табиғат таңғажайыптарын жүздеп санауға болады. Жазық жерде жеке тұрған Толағай тауы, Көкшетаудағы Оқжетпес, Жұмбақтас, Шайтан тас, Жеке батыр, Қаратаудағы Келіншек тау, Қыз төккен, Алатаудағы Шарын шатқалдары, Көлсай, Алтай тауларындағы түрлі жартастар.

Іле бойындағы Әнші құмдар, Маңғыстаудағы Шерқала сияқты мүсінді төбелер, Қазығұрт тауындағы Кеме қалған орын – мұның бәрі табиғат туындылары.

Қазіргі кезде мәдени ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынып, оларды жөндеу, көшіру, тиімді жерлерде сақтау шаралары қарастырылған. Табиғаты таңғажайып өңірлерге апаратын туристік орталықтар құрылған. Мұндай құнды мұраларды қорғау және сақтау әрбір азаматтың адамдық парызы.

Сөздік:

кесене – мавзолей мүсін – скульптура; бюст

қыш – кирпич саз – мелодия; мотив; болото

кескіндеме – живопись жәдігер – наследие; память

әбзел – снаряжение; амуниция; утварь жартас – скала; утес

таңбалы – приметный; отмеченный; клейменный; имеющий тамгу; знак

456-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мәдени ескерткіш дегеніміз не? 2. Оған нелер жатады? 3. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдени ескерткішіне нені жатқызуға болады? 4. Көнеден сақталған қандай бұйымдарды білесіздер? 5. Ал ғимарат-кесенелерге не жатады? 6. Б.э.д. өте ертеден келе жатқан жәдігерлер туралы не білесіздер? 7. Нені ұлттық мақтанышымыз деп санаймыз? 8. Табиғи ескерткіштер неден пайда болады?

457-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен бес сөйлемді алып, олардан мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

Ү л г і: Мәдени ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алын+ғалы, оларды жөндеу, тиімді жерлерде сақтау шаралары қарастырылған.

458-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігінен бес сөйлемді алып, олардан мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

Ү л г і : Мәдени ескерткіштер туралы толығырақ мағлұмат алсын деп, бірнеше әдебиеттерді оқуды ұсынды.

459-тапсырма. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың басыңқы және бағыныңқы сыңарларының қандай тұлғалар арқылы байланысып тұрғанын анықтаңыздар.

Ұлы Отан соғысы жылдары 1940-шы жылмен салыстырғанда, мұнай өндіру 26 пайызға артты. Маңғыстау түбегіндегі Өзен және Жетібай мұнай кен орындары ашылғаннан кейін, Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің дамуында жаңа кезең басталды. Маңғыстау түбегіндегі жаңа кен орындарынан мұнай өндіріле бастағаннан кейін, Қазақстанда мұнай өндіру 33 млн. тоннаға жетті. Сейсмикалық барлау жұмысына қажетті белгілі-бір қашықтықта шұңқырлар қазылған соң, олардың ішіне тоқтың әсерімен жарылатын дәрі салынды. Оқ-дәрі жарылған соң, жер қыртыстарына тараған толқындар тау жыныстарының әр қабаттарынан түрліше жылдамдықпен өтеді. Абылай хан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер

(Сложноподчиненные предложения)

Сложноподчиненными предложениями называются такие предложения, которые состоят из главного (басыңқы) и придаточного (бағыныңқы) предложений.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды.

Придаточное времени указывают на время действия главного предложения, и отвечают на вопросы қашан? (когда?), қашаннан бері? (с каких пор?), қашанға шейін (до каких пор?).

Способ образования:

Путем прибавления к причастию суффиксов: -да, -де. М.: Мен кел-ген-де, сен үйде жоқсың. (Когда я пришел, тебя не было дома).

Путем применения после причастия с окончаниями барыс септік частиц шейін, дейін. М.: Шешесі жұмыстан кел-ген-ге дейін, қызы тамақ пісіріп қойды. (Пока мама была на работе, дочь приготовила ужин).

Путем применения к причастию с окончаниями шығыс септік частиц кейін, соң, бері. М.: Емтихан тапсыр-ған-нан кейін, үйге барамыз. (После сдачи экзаменов, поедем домой).

Путем прибавления к корню глагола деепричастий -қалы, -келі, -ғалы, -гелі. М.: Мен кел-гелі көп болды. (Прошло много времени с тех пор, как я пришел.