Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Елтану.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.17 Mб
Скачать

Сапалық сын есімдер (Качественные прилагательные)

Сапалық сын есімдер заттың түсін, түрін, көлемін, аумағын, салмағын, сипаты мен сапасын, дәмін, көлемін т.б. білдіреді.

Сапалық (качественные) сын есімдер обозначают качество, свойство, цвет, объем, величину, характер, вкус, форму предмета и т.д.

Түрлері (Типы)

Мысалдар (Примеры)

а) түрі мен түсі

(качество, признак

цвета)

ә) сын-сипаты

(характер и

свойство)

б) көлемі мен аумағы

(объем, величина,

размер)

в) дәмі мен иісі

(вкус)

г) пішіні, түрі,

формасы (форма)

а) ақ – белый, қызыл – красный, сары – желтый,

жасыл – зеленый, көк – синий, сұр – серый,

көгілдір – голубой, күрең – бордовый.

ә) жақсы – хороший, сұлу – красивый, жалқау –

ленивый, жуас – тихий, смирный, әлсіз – слабый,

қатты – твердый, семіз – жирный, арық – худой.

б) үлкен – большой, кең – широкий, тар – узкий,

биік – высокий, жуан – толстый, жіңішке –

тонкий, кішкене – маленький, аласа – низкий.

в) ащы – горький, тұщы – пресный,

тәтті – сладкий, дәмді – вкусный,

қышқыл – кислый, тұзды – соленый.

г) қырлы – граненый, түзу – прямой,

қисық – кривой, дөңгелек – овальный, круглый,

сопақ – продолговатый, жұмыр – шарообразный,

жалпақ – плоский.

136-тапсырма. Сапалық сын есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ащы, қышқыл, дөңгелек, жұмыр, кішкене, аласа, кең, тар, жалқау, күрең, көгілдір, әлсіз, жуас, жақын, жіңішке.

137-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сапалық сын есімдерді қойып жазыңыздар.

......... шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Құлақтан кіріп бойды алар,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Тәтті ән мен ............... күй.

* * * * *

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, ............. көңілім сырласар,

Теп-тегіс ........... келсін айналасы. .............. тартқан бейуаққа.

* * * * *

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ, Кеселді ..........., қылжақбас,

.................. көңілін қойып, көзін ашпақ. Әзір тамақ, әзір ас.

* * * * *

Қар – ........., бүркіт – ........., түлкі – ........

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

Өлең жолдарын толықтыруға керек сапалық сын есімдер: тәтті, жасыл, күңгірт,сұрғылт, жұмыр, наданның, жалқау, аппақ, қызыл, қара.

138-тапсырма. Төмендегі сапалық сын есімдерге қарсы мағыналы сын есімдерді тауып жазыңыздар.

Түзу, әлсіз, кең, жуан, қышқыл, тұзды, қырлы, сопақ, ақ, тентек, үлкен, жақсы, ауыр, ащы.

139-тапсырма. Сөйлемдердегі сапалық сын есімдерді тауып, астын сызыңыздар.

Адам тастан қатты, гүлден нәзік. Кітап – алтын сандық. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы. Жемісті ағаштың басы төмен. Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер. Жоғалған пышақтың сабы алтын. Жақсы сөз – жарым ырыс. Аспанның батыс беті қызғылт қоладай жарқырайды. Төбесі – аппақ қар, өңірі – жасыл орман. Қол-аяғы балғадай жұмыр.

140-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып түсіндіріңіздер. Олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Аталы сөз – слова назидания, умные слова, крылатые слова; Ақ жаулық – женщина, жена, супруга, спутница, подруга жизни; Ақ көңіл – простушный, добрый, чистая душа; Ақ бата – благословение; Ақ жарқын – жизнерадостный; Ақ жүрек – прямодушный, откровенный, душа нараспашку; Ат көпір – очень много, хоть отбавляй; Ашық ауыз – разиня, ротозей, раззява; Аядай жер – клочок земли.

141-тапсырма. Мәтінді оқып, мағынасын меңгеріңіздер. Сапалық сын есімдерді табыңыздар.

Ақ аю мен қара аюдың түр-түсі бір-біріне ұқсамайды, бірақ туыстығы бірден аңғарылады. Полярдың ақ қара, көк мұзында тіршілік ететін ақ аюдың түсі әрқашан ақ болады. Қоңыр аюлар ақсары да, қоңыр да, қара да бола береді. Ақ аю – жыртқыш аң, оның табиғи тіршілік ортасы су. Қоңыр аю орманды аймақтарда кездеседі, олар балқұмар болып келеді. (Ол кім? Бұл не? кітабынан)

142-тапсырма. Төмендегі сын есімдерді пайдаланып, адамның мінез-құлқын, бейнесін сипаттай отырып, сапалық сын есімдерге негізделген әңгіме құрастырыңыздар.

Адал, ақылды, ашық, әдепті, батыл, әңгімешіл, жалқау, жігерлі, жомарт, кең пейілді, кішіпейіл, қабілетті, қайратты, қарапайым, қатал, қонақжай, қырағы, мейірімді, момын, өжет, сараң, өткір, өнегелі, парасатты, сезімтал, ұстамды, шешен, ширақ, шыдамды, шыншыл, сұлу, аласа, сұңғақ, тіп-тік, йықты, сақалды, толық, өзімшіл.

143-тапсырма. Сөйлемдердегі сын есімдердің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай бөліну түрлерін (сапалық, қатыстық) ажыратыңыздар.

Ауа әрі жұмсақ, әрі тәтті, көкірегіңді керіп, ішкі сарайыңды толтыра береді. Қызыл тал мен ақ қайыңның қырау басқан ұзын бұтақтары жылтырап, күнмен шағылысады. Таза ауа салқын Алатаудың қойнауынан, биік басынан ақырын есіп, баяу шалқиды. Қалың орман, сазды батпақтарды күртік қар басқан. Бұл кезде Абайдың денесі іріленген, жауырынды, сүйекті болып қалған екен. (М.Әуезов).

Қалың ағаш арасында әсем үйлер сығалап тұрған тәрізді. Ағашты көшеде жапырақты бұталар арасынан электр шамдары жарқырайды. Бір шетте кішкене ұста дүкенінің, бір шетте мал қораларының ішкі бейнесі көрінеді.

4-апта. 12-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Үндестік заңы. Ілгерінді, кейінді ықпалдар.

144-тапсырма. Мәтінмен танысып, Кеңес Одағының батыры – Бауыржан Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігін өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.