Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Елтану.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.17 Mб
Скачать

Қазақ хандықтарының тарихнамасы ­– Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар – әйгілі тарихшы, әдебиетші. Монғолстан мен оған іргелес жатқан елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы. Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әміршілерінің ұрпағы, яғни атақты Дулат руынан шыққан. Оның ата-бабалары құдіретті әмірлер болған.

Мырза Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласы билеушісінің отбасында дүниеге келеді. Бұл кезде Ташкент Монғолстан мемлекетіне қарайтын. Ал 1514 жылы қазақ хандығының тықсыруымен Монғол мемлекеті құлайды. Хайдар Мырза сол Монғол ханының қызы Жүністен туады. Ол өзінің дарындылығымен, тапқырлығымен, жан-жақты қабілеттілігімен қоса ержүрек, әскери талантымен көзге түсіп отырады.

Мұхаммед Хайдар Дулати мұсылманша жақсы білім алады. Өз уақытының әдеби, мәдени ғұрыптарын, ғылым мен көркемөнерді, халықтық қолөнердің әр саласын терең меңгереді. Ол поэзияны да теріс көрмеген. Түрік, парсы тілдерінде еркін жаза біледі. Шыққан жерінің тектілігі, жеке басының аса қабілеттілігі – оның болашақ тағдырына жол ашып отырады. Мырза Хайдар Монғолстан әміршісінің сарайында көрнекті қызмет атқарады. Бірақ құбылмалы тағдыр Мырза Хайдардың біраз уақытын «Кіші Тибетте» қаңғырумен өткізуге душар етеді.

1541 жылы Мырза Хайдар өзінің айлалы іс-әрекетімен Кашмирді өзіне қаратып алады. Ол сол жерде тұрақты тұрады. Осы жерде 1543-46 жылдары өзінің атақты «Тарихи Рашиди» кітабын парсы тілінде жазып бітіреді. Бұл еңбегінде алғаш құрыла бастаған қазақ хандықтары, әсірес қазақ жерінің басын құраған Қасым, Бұрындық, Таһире сияқты хандар туралы, сонымен қатар XVI ғасырдағы қазақ-монғол және қазақ-өзбек ара-қатынастары жөнінде толығырақ мәліметтер берілген. Демек, оны ғасыр дәуіріндегі Қазақ хандықтарының тарихнамасы деуге де болады.

Хандықтың басы Жәнібек пен Керейден басталатындығы да, қазақ деген этникалық атаудың себептері де және т.б. көптеген мәселелер ең алғаш осы кітапта айтылған. Түрік тілінде жазылған «Жаһаннама» поэмасы да Хайдардың қаламынан туындаған.

Мұхаммед Хайдар сол кездегі оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Монғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсірес дулат тайпасының тарихына қатысты жоғарыда аталған еңбектерін берген. Хайдар Мырза 1551 жылы шайқаста қаза табады.

Сөздік:

әмір – веление; правитель государства; предписание; приказ;

распоряжение

әмірлі – царственный

әмірлік – владычество

дастан – поэма; эпос

билеуші – владелец; владыка; правящий

тапқырлық – догадливость; находчивость; остроумие; предприимчивость

дарынды – гений; талант; способный; одаренный; талантливый

қабілеттілік – восприимчивость; делоспособность; способность

ғұрып – нрав; обряд; обычай; традиция

183-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Мұхаммет Хайдардың толық аты-жөні қалай аталған?

– Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед

Хайдар деп аталған.

– Оның мағынасын қалай түсіндіруге болады?

– Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты. «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты.

«Мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының

ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты.

184-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі пысықтауыштарға сұрақтар қойып, олардың астын сызыңыздар.

Ү л г і:

Мұхаммед Хайдар халықтық қолөнердің әр саласын терең (қалай меңгерді?) меңгерді. Ол кезде (қашан? қай кезде?) Шығыс облыстарындағы (қайдағы? қай жердегі?) патшалық еткен ханзадалар әулетін тақтан құлатып отырған. Жылы-жылы (қалай сөйлесең?) сөйлесең, жылан інінен шығады (мақал).

Пысықтауыш (Обстоятельство)

Ереже

Сұрақтары

Мысалдары

Сөйлемде

іс-қимылдың түрлі белгісін, мекенін, мезгілін, амалын, себебін, мақсатын білдіретін мүше.

қайдан? қайда? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты? қанша?

Ол қалада тұрады.

Ертең апам келеді.

Олар бірталай жүрді.

Пысықтауыштың түрлері. Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай бес түрге бөлінеді: 1. Мезгіл пысықтауыш. 2. Мекен пысықтауыш. 3. Сын-қимыл пысықтауыш. 4. Себеп пысықтауыш. 5. Мақсат пысықтауыш.

Мезгіл пысықтауыштың сұраулары: Қашан? қай кезде? қай уақытта? қашаннан бері? қашанға дейін? т.б.

Мекен пысықтауыштың сұраулары: Қайда? қай жерде? қайдан? қалай қарай? қай жерге дейін? т.б.

Қимыл-сын пысқтауыштың сұраулары: Қалай? қайтып? қалайша? кім арқылы? не арқылы? қанша? қанша рет? неше? неше рет? т.б.

Себеп пысықтауыштың сұраулары: Неліктен? неге? не себепті?

Мақсат пысықтауыштың сұраулары: Кім үшін? не үшін? неге? қандай (нендей?) мақсатпен?

185-тапсырма. Әр бағанадағы сөздерді орын тәртібі бойынша тиісті орындарына қойып, мағыналарының дұрыс сақталуына назар аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

1.

тұрды

қолында

біраз уақыт

Бабырдың

Мұхаммед Хайдар

2.

сарайдағы

басқарады

қызметін

содан кейін

рұқсатымен Бабырдың

3.

баласы

тәрбиешісі болады

ханның мұрагер

Әбу ар-Рашид

сұлтанның

4.

қашады

сезген

Мұхаммед Хайдар

қауіпті

Үндістанға

5.

тұрады

уақыт

билеп

біраз

Кашмирді

186-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдерден пысықтауыштарды табыңыздар.

Мырза Хайдар, хан сайлау, ханзадалар әулеті, Монғолстан мемлекеті, ғылым мен көркемөнер, аса қабілетті, жетік білетін, сарай қызметін, жан-жақты білімді, орта ғасыр, дулат тайпасы.

187-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті пысықтауыштарды қосып жазыңыздар. Оларға сұрақтар қойыңыздар.

Ү л г і: Биыл ( қашан?) Абайдың жасы он үшке толған еді (мезгіл пысықтауыш).

........... ......... осылай жүруге бел байлаған. Оқтын-оқтын ............ соққан жел лебімен әлсіз шам ............. ұйытқиды. Сонымен ............. томсарып отырып барып, ............. қыбырласқанда, Құнанбай ойдағы сөзін бастады. Абай, бері кел, ............ кел. ............. ............. екі күндік жолда үлкендер ............. жүрмей, баланың шыдамын .............. тауысқандай. Осы ............ бурыл ат есік пен төрдей ................. түсе берген. Дәл Есембай биігінің ............... . Аяғында, ауылдан ................. ұзап шықты. Көксерек өзгелерді жіберіп, өзі бір күшік қасқырмен бөліне, .............. қарай тартты. Түйе енді ............... жүре бастады.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті пысықтауыштар: күні бойы, іргеден, кейде, біраз, қайта, мұнда, бұдан бұрынғы, жылдам, әбден, өрде, алға, тұсында, әбден, оң жақ бүйірге, ақырын.

188-тапсырма. Сөйлемдердегі пысықтауыштардың астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да күземді ерте алды. Ертең қыстауға көшеміз де, қыс бойы інге кіргендей жатып аламыз. Кезеңге шығып алып, Бақтығұл сайды жоғары өрлей шапты. Болыстың құлағанын көріп қалып, енді шапшаң түсе бастады (М.Әуезов). Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Жігіттерді ерте жатқызып, ерте оятатын отағасы –Есламқұл – Томаршаның немере ағасы (Ғ.Мүсірепов). Қаншама қысып сұраса да, ұйымдастырушыларды таба алмады (Х.Есенжанов). Шырақтарым, тұс-тұстан келсеңдер де, туғанымдай болып қалып едіңдер.

189-тапсырма. Төмендегі үстеулерге қарсы мәнді үстеулерді тауып, көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

Ү л г і: Жоғары-төмен.

Ілгері

Бұрын

Әрі

Мұнда

Ерте

Ішке

1.....................................

2.....................................

3.....................................

4.....................................

5.....................................

6.....................................

Алға

Ертеңгісін

Астыртын

Сыртқары

Жаздыгүні

Биыл

1.....................................

2.....................................

3.....................................

4.....................................

5.....................................

6.....................................

190-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына назар аударыңыздар. Халқы, оның тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен батырлардың ерлік өнегесін үлгі тұтыңыздар. Сөйлем мүшелерінің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

«Ер Тарғын» жыры – өзінің идеялық-көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда ерлік, елдік, жақсылық пен жамандық, кіршіксіз адал махаббат секілді өзекті мәселелер көтерілген. Басқа батырлар жыры сияқты, «Ер Тарғын» жырының негізінде де тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Халқымыздың басынан кешкен тарихи-әлеуметтік оқиғалар, халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, рухани тіршілігі, арман-мұраты көрініс береді. Жырда халқы, оның тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен, еліне қамқор, пана бола алған батырдың ерлік, адамгершілік бейнесі өрнектелген. Халық сонау баяғы заманда өткен адал перзентінің ерлік өнегесін келесі ұрпағына үлгі етіп қалдырған.

6-апта. 16 тәжірибелік сабақ

Грамматика: Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыштар.

191-тапсырма. Қазақтың ұлы ағартушасы – Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.