Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні

Айт исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Олар: ораза айт, құрбан айт деп аталады. Айт – Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айын «рамазан айы» деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Айт күндері: – Айт құтты болсын!

– Айтсын, жақсылығы бірге болсын (Б. Майлин),-деп құттықтап жатады.

Оразаның мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғатта ораза ұстаған адам таң азаннан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтану керектігі айтылған.

Рамазан айында ең басты діни амал (ауыз бекіту) – ораза болып табылады. Ораза ұстаған адам ораза кезінде жеуден, ішуден, темекі шегуден бас тартуы керек. Сонымен қатар, рамазан мезгілінде мұсылмандар ислам қағидаларын тиянақты орындауға, құмарлық сезімдерден бас тартуға, зорлық-зомбылықтан сақтануға, ашу, қызғаныш, дүниеқорлық, қанағатсыздық сияқты нәрселерге жол бермеуге тиіс. Ұрсысу, өсек тасудан сақтану қажет.

Рамазан кезінде адамдар тату-тәтті, ынтымақты, бейбітшілікте өмір сүреді деп күтіледі. Барлық ерсі, өрескел әдеттен аулақ болып, жан, ар тазалығын сақтау маңызды болып саналады. Оразаның негізгі мақсаты – тіршіліктегі барлық жамандықтан арылып, адамның ішкі жан-дүниесінің тазаруы болып табылады.

Ораза – тазалыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, өтірік-өсек айтпауға, татулыққа, ауызбірліке, достыққа, кешірімшіл болуға тәрбиелейді.

Отыз күн ораза біткеннен кейін рамазан айының жалғасы ретінде үш күн ораза айт мейрамы өтеді. Орза айттың бірінші күні мұсылмандар мешітке барып, айт намазын оқиды.

Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң Құрбан айт мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» деп аталуының себебі – осы айтта құрбандық шалынады, сондықтан құрбандық шалу мерекесі деп аталады.

Құрбан айттың негізгі мақсаты – өмірден кеткен жақындары мен туыстарын еске түсіру, соларға құран оқытып, құрбандық шалу. Сонымен қатар, құрбан айт мерекесі мұсылмандардың бес парызының бірі – қасиетті Меккеге барып, қажылық жасаумен байланысты. Қажылықтың соңғы күнінде құрбандық шалу салты жасалады.

Мұсылмандар құрбан айт күні шалған құрбандығының қабыл болып, арман-тілектерінің орындалуын Алла тағаладан сұрайды. Елінің тыныштықта, бейбітшілікте әр отбасының шаттыққа бөленіп, тату-тәтті өмір сүруін тілейді.

Сөздік:

пітір – налог в честь месячного поста рамазана

садақа – подачка; подаяние; жертва; милостыня

ораза – пост у мусыльман; рамазан на мусыльманском востоке

шариғат – мусыльманское вероучение

ораза айы – месяц рамазана

зорлық-зомбылық – насилие

дүниеқорлық – жадность; мещанство; стяжательство

құрбандық – жертвенное животное

құрбандық шалу – жертвоприношение

құрбандыққа шалу – зарезать в качестве жертвы

566-тапсырма. Мәтіннің бірінші бөлігі ораза айтқа жоспар құрып, жоспар бойынша мазмұндаңыздар.

567-тапсырма. Мәтіннен тәрбиелік мағынаны білдіретін сөз және сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

568-тапсырма. Құрбан айтқа қатысты мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар

Ү л г і:

– Құрбан айт мерекесі қашан басталады?

– Құрбан айт мерекесі ораза айттан кейін 70 күн өткен соң басталады.

569-тапсырма. Одағайларды тауып, олардың астын сызыңыздар.

Әттең-ай, әттең-ай, дүние неткен тәтті ең-ай! Бәрекелді, Жібекжан, айың тусын оңыңнан... Ай-хай, өте шығар дүние қас қағымда! Оу, ағайын, ағайын бір кәдеге жарайын. Тәйт, тоқтат мына әңгімені! Тырау-тырау, тырналар, елге сәлем ала бар. Құру-құру, жануарым. Жә, тый көзіңнің жасын!

570-тапсырма. Одағайдың әр түріне жататын одағайларды көрсетілген торларға толтырыңыздар.

Берілген одағайларды тиісті түрлеріне бөліп жазыңыздар: Бәрекелді, әттеген-ай, әттең, алақай, беу, қап, әй, ей, өу, уһ, пай-пай, ойпыр-ай, бәсе, түу, аһ, өй, тәйт, тек, жә, құрау-құрау, шөре-шөре, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, қош-қош.

15-апта. 45-тәжірибелік сабақ.