Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы

Мемлекттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы Қазақстан Республикасындағы үлкен мәдени орталықтарының бірі. Мұражай жинағында Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, Шығыс және басқа да елдердің кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолөнер туындыларынан құралған 22000-ға жуық экспонаттар бар. Мұражайдың негізгі мақсат-мүддесі – әрқашанда жоғары сапалы әлемдік өнер туындыларын жинап, қорғап-сатап, насихаттап, өнер сүйер көпшілікке көрсетіп отыру.

Мұражай 1935 жылы Қазақ ССР-нің 15 жылдығына арналған мерекелік көрменің негізінде Ұлттық көркемсурет галереясы болып құрылды.

Көркермендер үшін 1976 жылы галерея 1970 жылдан жұмыс істеп келе жатқан қолөнер мұражайымен біріктіріліп, Қаз ССР Мемлекеттік өнер мұражайы болып ашылды. Ал 1984 жылдан бастап мұражайға Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің есімі берілді. Мұражайда әр ұлттың сан ғасырлық тарихы бар мәдениетінен және оның түрлері мен жанрларын сипаттайтын экспонаттардан жинақталған әлемдік өнер туындыларымен кеңінен танысуға болады.

Қазақ халқы өзінің көне заманнан бері келе жатқан тамаша тарихы және өзіне ғана тән көркем мәдениетімен ерекшеленеді. Мұражай қорындағы көне және орта ғасырдағы өнер бұйымдары, өткен дәуірден қалған шығармашылық өнердің теңдесі жоқ ескерткіштері өнердің өсуі мен эволюциялық өзгерістерінен мағлұмат береді.

Көшпелі қазақтың тұрмысында ең басты рөл атқаратын зат – киізден жасалған бұйымдар. Үй-ішінің сәнін кіргізетін текеметтер мен алашалар, төсеніштер мен ыдыс-аяқ салатын қоржындар жасалған. Көркемдік әсері бар дүние ол – текемет. Ол өзінің түр-түсінің сәнімен өлшенеді. Киізден жасалатын төсеніштің тағы бір түрі – сырмақ. Оның оюлары симметриялы және графикалық анықтылықпен ерекшеленеді.

Сонау көне заманнан бері келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі – кілем қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ. Ою-өрнектері мен түр-түсінің байлығымен аса тартымды. Кестелі кілемнің бір түрі – түскиіз. Ол қалыңдық жасауының ең негізгісі болған, отбасының бақытын, тазалығын (пәктігін) суреттейді.

1935 жылы Қазақ ұлттық көркемсурет галереясы құрылғаннан бері «Қазақстан бейнелеу өнері» коллекциясын жинақтауға жіті көңіл бөлінді.

Қазіргі таңда Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының залдарында ұлттық өнер мектебінің қалыптасқан анталогиясын құрайтын 10000-нан астам көркем шығарма қойылған. Қордағы аса құнды кескіндеме, графика, мүсін туындылары ұлттық мектебіміздің көркем шежіресі іспеттес.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдар коллекциясы негізінен шынайы көңілмен орындалған аз ғана акварель мен суреттер Ә.Қастеевтің, А.Исмайлов, К.Ходжиков пен К.Ходжиковтердің жұмыстары сол уақытты суреттейтін терең ішкі сезімге толы шынайы туындылар.

Әр кезеңдегі жұмыстардан Қазақстандағы дара шығармашылық иелерінің даму эволюциясын көруге болады. Қ.Телжанов, Н.Нұрмұхаммедов, К.Шаяхметов, М.Кенбаевтың туындыларының ойы, тақырыбы, орындалуы кең көлемді қамтиды.

Қазіргі заманғы Қазақстан қолданбалы өнері коллекциялары ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап жинақтала бастады. Онда тоқылған маталар, металдан, қыштан, фарфордан, киізден, шыныдан жасалған бұйымдар жиналған.

Суретшілер өз мемлекетінің ХХІ ғасырдағы тарихи дамуына, өмірдің барлық саласындағы қарқынды өзгерістерге куә болып келеді. Олардың көпшілігі жеке дәрежелі шығармашылық иелігіне жетті. Шығармаларының негізгі тақырыбы – ата-бабамыздың көнеден келе жатқан ғасырлық мұралары болды.

Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайындағы бүгінгі күнгі 1200-ден аса кескіндеме, түпнұсқалы және басылымнан өткен графика, мүсіндер мұражайдың ең құнды жинақтарының бірі. Ең таңдаулы деген шығармалар мұражайдың тұрақты экспозициясына кірген. Қазіргі уақытта Мемлекеттік мұражайы – сурет өнері саласындағы ең ірі ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемелерінің бірі болып отыр. 2000 жылдың 1 қаңтарына негізгі қордың саны – 21 мың бірлікті құрайды. Мұражайдың бай, жан-жақты, баға жетпес коллекциясы Қазақстанның, Еуропа және Азия елдерінің өткен кезеңдегі және қазіргі уақыттағы шеберлерінің көркем мәдениеті туралы түсінік береді. Мұражайда барлығы – 14 экспозициялық зал жұмыс істейді.

Сөздік:

кескіндеме – живопись текемет – кошма

алаша – коврик; палас қоржын – сумка

қыш – кирпич мұра – наследие

жіті – бдительный; чуткий; зоркий; мүсін – скульптура; статуя; осанка;

кристальный бюст

сәндік – декоративный; роскошный туынды – произведение; производный

төсеніш – палас; постилка; кошма; генетический; вторичный

застилка; настил; тюфяк сырмақ – стеганная кошма с

узорчатой апликацией

348-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мемлекеттік мұражайы ненің орталығы болып саналады? 2. Оның негізгі мақсат-мүддесі не? 3. Мұражай қашан құрылды? 4. Мұражайға Ә.Қастеевтің есімі қашан берілді? 5. Ол несімен ерекшеленеді, неден мағлұмат береді? 6. Көшпелі қазақтың тұрмысында ең басты рөл атқаратын қай бұйымдар, олар несімен ерекшеленеді? 7. Көне заманнан келе жатқан қазақтың дәстүрлі мүлкі деп нені атайсыздар? 8. Ә.Қастеев атындағы мұражайда қанша көркем шығарма қойылған? 9. Мұражайда неден жасалған бұйымдар жиналған? 10. Шығармалардың негізгі тақырыбын атаңыздар.

349-тапсырма. Мәтіннен сілтеу, сұрау есімдіктері бар сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

350-тапсырма. Мәтіндегі жіктеу есімдіктерінің астын сызып, олардың қай жақта, қай септікте тұрғанын айтыңыздар.

351-тапсырма. Мәтіннен он шақты хабарлы сөйлемдерді теріп жазып, олардан сұраулы сөйлемдер жасаңыздар.

Ү л г і: ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы Қазақстандағы көркемсурет процестеріне жаңа ағым әкелді. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы Қазақстандағы көркемсурет процестеріне қандай ағым әкелді?

352-тапсырма. Сілтеу есімдіктеріне септік жалғауларын жалғап, септеңіздер.

Ү л г і: Ана(у), ана+ның, ана+ған, ана+ны, ана+да, ана+дан, ана+мен.

Бұл, сол, ол, осы, мына(у).

353-тапсырма. Есімдіктердің түрлерін (жіктеу, сілтеу, белгісіздік) ажыратып, оларды көрсетілген торларға бөліп жазыңыздар.

Мен (я); бұл (это, эта, этот); бірнеше (несколько); біреу (один); сол (тот); сендер, олар (вы, они); анау (тот, вон); мынау (это, эта, этот); осы (это, эта, этот); сен (ты); сіз (вы); біз (мы); сіздер (вы); ол (он, она, оно); кейбіреу (некоторый); әркім (каждый).

Сілтеу есімдіктері (Указательные местоимения)

Сілтеу есімдігі сілтеу, нұсқау, көрсету мағынасын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне: бұл, сол, ол, осы, сона, ана, анау, мына, мынау, сонау, осынау, әне, міне деген сөздер жатады. Сұрауы: қай? қайсы?

Сұрау есімдіктері (Вопросительные местоимения)

Сұрау мағынасын тудыратын негізгі есімдіктер: кім? не? неше? нешінші? нешеу? қай? қандай? қалай? қашан? қанша? Сұрау есімдігі септеліп қолданылады.

354-тапсырма. Сілтеу, сұрау есімдіктерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Сонау; Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі – кілем қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ.

Бұлар, солар, аналар, мыналар, қандай?, қанша? кім?, не? қашан? қалай? сол, осы, бұл, анау, мынау, қай?

355-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, есімдіктерді түрлеріне қарай (сілтеу, жіктеу) екі бағанаға бөліп жазыңыздар.

Это мой дом, а тот его дом. Мы сделали это сами. У меня ничего нет. Все люди гуляют на улице. Кто это? Никто их не видел. Как они проводят свое свободное время? Ты знаешь сам. Возьми это платье, оно идет тебе. У меня ничего нет. Это твое место.

356-тапсырма. Сұраулы сөйлемдердің неше жолмен жасалатынын түсіндіріңіздер. Төмендегі сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер жасаңыздар.

Мұражайдағы түкті кілемдер ішіндегі ең тамаша түрлері – «арабы» кілем мен «бес кесте» болып саналады. Төсеніш киіздерде қошқар мүйізді оюлардың түрлі көріністері басымырақ кездеседі. 70-жылдары шеберлер шығармашылыққа өзіндік өзгеріс керектігін дәлелдеуге тырысты. Ақырғы он жыл жаңаша өнер мәнерін анықтауда жемісті болды. Суретшілердің көптеген туындылары сырласуға, жеке сөйлесуге арналған. Суретшілер көрерменге – адамзатқа ортақ мәселені жеке сюжет арқылы түсінуге мүмкіндіктер жасайды.

357-тапсырма. Нешінші? қайсысы? деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеңіздер.

Ү л г і: Жіктеу: Мен қаншасыншымын? Тәуелдеу: Менің қаншасыншым?

358-тапсырма. Көп нүктелердің орнына сілтеу есімдіктерін тиісті орындарына қосып жазыңыздар.

............... қонақжайлылық көбінесе ысырапшылдыққа әкелетін сияқты көрінеді. ........... мыңдаған жылдар бойы адам баласы ............... мұзарт шыңдар құпиясын ашуға құмартып келген. ................ – ержүрек, батыл, мейірімді, әрі төзімді жігіт. ................ тайпаның адамдары шетінен алғыр, өжет көрінеді. ............... – оның елінің ежелгі салты, игі салты. .............. әнді естіп, тату дос, батыл ер болғымыз келеді.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті сілтеу есімдіктері: Осы, сол, осынау, бұл, сол.

359-тапсырма. Берілген жаңылтпаштан сілтеу, жіктеу есімдіктерін тауып, жаңылтпашты жаттаңыздар.

Ол аралда да марал, От екен маралға арал,

Бұл аралда да марал. Оттасын аралда марал.

360-тапсырма. Өлең жолдарынан есімдіктерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Бұл заманда не ғаріп? Өзің шыққан ұлтыңнан,

Ақ қалада бөз ғаріп, Басшы қылған жұртыңнан.

Жақсыларға айтпаған, – Бұл мінез, бұл құлқыңнан,

Асыл шырын сөз ғаріп. Қайтып қарғыс алмайсың.

(Асанқайғы) (С.Дөнентаев)

Бұл дүние пәнилығын етеді екен,

Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен ...

(Ш.Бөкеев)

11-апта. 31-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Өздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері.

361-тапсырма. Еліміздің алғашқы техникалық жоғары оқу орны туралы тарихи деректермен танысып, мағынасын меңгеріп, мәтінді мазмұндаңыздар.