Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Көптік жалғаулары (Множественные окончания)

«Флексия» – сөздің мағынасын өзгерте алмайтын, көмекші мағына беретін көмекші морфема болып саналады. Морфема дегеніміз гректің форма деген сөзінен алынған термин. Флексия – сөйлемдегі сөздердің өзара синтаксистік қатынасын білдіреді, екінші сөзбен айтқанда жалғаулар – сөз бен сөзді байланыстыратын постфикстер. Флексия сөздердің формасын өзгертіп, оған грамматикалық мағына үстейді. Лингвистикада жалғауды флексия» дейді. (Ә.Хасенов)

Сөзге грамматикалық мағына үстейтін сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Қазақ тілінде септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары (флексия) бар.

Көптік жалғау сөзге көптік мағына береді. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: 1. Лексикалық тәсіл көптік ұғымды жеке сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіреді (су, сүт, мақта, шөп, қымыз, шұбат, ұн, жүн, құм, тұз т.б.). 2. Синтаксистік тәсіл көптік мағынаны сөз тіркестері арқылы білдіреді (бес кісі, елу шақты бала, қырық орындық, қыруар ақша). 3. Морфологиялық тәсілде көптік ұғымдар жеке сөзге тиісті қосымшалардың қосылуы арқылы жасалады (- лар, - лер, - дар, -дер, - тар, -тер), көптік жалғаулары сөзге жалғанып көптік мағына тудырады (үй + лер, көше + лер, мектеп + тер, студент + тер, қала + лар, қыз + дар).

6-тапсырма. Мәтіннің бесінші мағыналық бөлігінен көптік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Сала: сала + лар; басты сала + лар. Мысалы: Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты сала + лар + ы + ның бірі – алтын шығару болды.

7-тапсырма. Төмендегі сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

– XX ғасырда Қазақстан қандай облыстарға бөлінді?

– Қазақстанның Сырдария мен Жетісу облыстары – Түркістан генерал-губернаторлығына

(орталығы Ташкент қаласы), Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары – Дала генерал-

губернаторлығының құрамына кіргізіліп, ішкі Бөкет ордасының аумағы Астрахан

губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.

– Темір жолдардың салынуы қандай рөл атқарды?

– XX ғасырдың басында Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік өнеркәсібінің

шикізат көзіне, сондай- ақ өнім өткізу рыногына айналуында, темір жолдардың салынуы

маңызды рөл атқарды.

8-тапсырма. XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайға қатысты берілген мәтінді өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар. Көптік жалғауларының астын сызыңыздар.

Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, отаршылдық езгіге, ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына патшалық Ресейдегі 1905-1907 ж. өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. 1905 жылы 17 қазандағы патша Манифесінің жариялануы Қазақстанның бірталай қалаларында көптеген адам қатысқан жиылыстарға халықтың қалың тобының бой көтерулеріне ұласты.

Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі арта түсті. 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, Ресей конституциялық-демократиялық бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат – 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандық шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.

9-тапсырма. Сөйлемдерден жекеше формада тұрған сөздерді теріп жазып, олардан көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып,

шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.

10-тапсырма. Көптік жалғаулары жалғанбай, көптік мағына беретін сөздерді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

«Су» сөзіне көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағына білдіреді.

Мысалы:Су – тірі организмдердің маңызды материалдық негізі. Каспий теңізі суының сапасына, тазалығына, экологиялық нормаларын сақтауға көңіл бөлініп отыруға тиіс. Су ең көп тараған химиялық қосылыстардың бірі. Сусыз тіршілік жоқ.

11-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестеріне көптік жалғауларын жалғап, көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.

Қиын-қыстау жыл , жергілікті жер, құрылыс жүргізіп, халық-ағарту бөлімі, мәдени-ағарту ұйым, үй, кітапхана, мектеп, жергілікті халық, зерттеуші, мәлімет келтіріп.

12-тапсырма. Дерек пен дәйектегі мәліметтерді мұқия оқып, есте сақтаңыздар.

Дерек пен дәйек. 1929 жылдан бастап 1953 жылға дейін Кеңес елінде 40 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Қазақстанда 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам атылған. Қазақтардың 42 %-ы аштықтан қырылып, миллионнан астам адам ауып кеткен. Ал біздің елге 1 миллион 209 мың адам жер аударылған. (Қазақ күнтізбесі, 2005)

13-тапсырма. Ұлы Отан соғысындағы деректермен танысып, біліп алыңыздар.