Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Қазақ халқының атақты шешені – Қаз дауысты Қазыбек би (1667 – 1764)

Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Оның оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты деректер жоқ. Дегенмен, ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен биден жеткен шешендік сөздер өз заманында білімді, халықтың ауыз әдебиеті мен сат-дәстүрін, рәсімдерін , ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.

Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп тағайындайды. Кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би «Тәуке хан заңдарының жинағын» өңдеуге қатысқан. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатына ықпал жасап отырады. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатып алуға атсалысады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге араласып, бейбітшілік деп достықты дәріптеп, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған би.

Қазыбек би елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұнғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке барып, басшы болып қайтқаны әлі күнге дейін ел аузында. Өткір тілділігі мен шешендігі үшін және өнерінің арқасында ол бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атқа ие болады.

Қаз дауысты Қазыбек – қазақтың тұтас бір елдігін көксеп, өле-өлгенше ұзақ та нәтижелі өмір кешкен аты шулы шешен биі. Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның Орта жүзінің тізгінін берік ұстаған беделді биі, асқан талант иесі. Қаптаған қалың жоңғарға қарсы ерлікпен күрес ашып, ержүрек қазақ ұлдарының, елінің мүддесін, ұлтының ар-намысын қорғап өткен басшы, ұшқыр ойлы, жаны таза кемеңгер.

Қызыл тілдің шебері, айтыс-тартыста озып шыққан жүйелі сөздің жүйрігі. Шындықты, әділдікті жақтаған абзал азамат. Халықтың басына қайғылы күн туып, берекесі кеткен ауыр заманда ел-жұртын сақтап қалу үшін, өмірін сарып еткен ардагер, асқан ақыл иесі. Қара түнек қаптаған қазақ аспанына өмір сәулесін шашқан жарық жұлдызы.

Қазыбектің:

Алтын ұяң – отаның қымбат, Туып өскен елің қымбат,

Құт-береке – атаң қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат,

Мейірімді анаң қымбат, Ұят пен ар қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат, Өзің сүйген жар қымбат,-

деген сөздері қазақ жастарының есінде ғасырлар бойы өнегелі өсиет ретінде сақталып келеді, сақтала бермек. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.

Сөздік:

би – властный; пляска; судья, танец

шешендік сөз – ораторское слово

шешендік – красноречие; ораторство

рәсім – церемония; обычай; обряд

ойлы – вдумчивый; рассудительный

көреген –зоркий; прозорливый; знахарь

батыл – бесстрашный; решительный; смелый

алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый; способный; хваткий

күрес – борьба

азаттық – независимость; освобождение; свобода

дәріптеу –возвеличить; воспеть; популяризация; превозносить; хвалить; восхвалять

дана – мудрый; мудрец; штука; штучный; экземпляр

мүдде – желание; цель; интерес; запрос; намерение

99-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар. Сөздікті жаттаңыздар.

Ү л г і :

– Қазыбекті кім би етіп тағайындады?

– Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп тағайындады.

100-тапсырма. Мәтіннен он етістікті теріп жазып, оларды қалау рай формасына қойып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.

Ү л г і : Меңгеру (тұйық етістік). Меңгер+гі+м келіп тұр (осы шақ); меңгер+гі+м келді (жедел өткен шақ); меңгер+гі+м келеді (келер шақ).

101-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді қалау райға айналдырыңыздар.

Ү л г і : Қазыбек би бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан (орында+ғы+сы келді). Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарын одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты (жаса+ғы+сы келді).

Әз Тәукенің бір орталықтан жүргізіп отырған басшылығына іріткі түсірді. Қазыбек –мемлекет істерімен қатар ру аралық сұлтандар арасындағы тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. 1743 жылы Абылай тұтқыннан босап, қазақтың 33 қаласы Әбілмәмбет ханға қайтарылып берілген. Қазыбек өз елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрген жоқ. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіре бастаған.