Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.

Түсіндірмелі салаластың ара жігіне қос нүкте, не сызықша қойылады. Сызықша сонша, соншалық, сондай деген баяндауышы бар сөйлемдерде жиі қойылады.

Мысалы: Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса-сонасы мен құрт-құмырсқа, бақа-шаяны сияқты жәндіктер, Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айғайлады. Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай берді. Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.

553-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерін қатыстырып, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мәдени байлығы, қадір-қасиеті, ата-бабаларымыз, бата ұғымы, әдепті, сабырлы, тілек- бата, ежелгі мұра, салт -дәстүр, батаменен ел көгерер, дастарқан батасы.

554-тапсырма. Төмендегі талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

Біз бір жылдың ішінде тілді үйреніп шығуға мүмкіндік жасаймыз, немесе ................ . Бүгінгі тартыста Абай тобы не ұтады, не .................. . Студенттер сабақ барысында білімін шыңдап шығады, немесе ................... . Анамның көзіне жас үйірілді, ол қуаныш жасы болуы мүмкін, әлде ........................ . Күні бойы күн бұлттанып түнеріп тұрып алды, не жауар, не ........................ . Арқаның кешкі самал желі біресе салқын, біресе .................... .

555-тапсырма. Екі жай сөйлемдерден талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

1. Екеуіміз сабаққа дайындалайық. Біраз серуендеп келейік. 2. Қонақтар қонақ үйге барады. Кешке қарай жолға шығады. 3. Мен Ақтөбеге пойызбен барамын. Ұшақпен ұшқанды да жөн көріп отырмын. 4. Әбден тынығып алған қонақтар бірден жатып демін алар. Астарын сіңіру үшін әңгімелесіп біраз отырар. 5. Бұл адамдардың ортасынан кетуім керек. Барша жанға тынымсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой (Шәкәрім). 6. Өзеннің жағасында сайдағы ағаштардың көлеңкесінде отырады. Өзінің басқаға жем болмауын көздейді (Ғ. Мұст).

556-тапсырма. Төмендегі сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздерді қатыстырып, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і : Оның қорыққаны сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ. Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады. Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.

Мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай.

15-апта. 44-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Одағай.

557-тапсырма. Бала тәрбиесіне байланысты халық даналығы, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, оның тәрбиелік мәнін түсініп, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.