Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Казахский.doc
Скачиваний:
96
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.12 Mб
Скачать

Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки )

Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай (по участию голоса и шума) үш топқа бөлінеді: 1. қатаң; 2. ұяң; 3.үнді;

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар (глухие согласные) деп атайды.

1. Қатаң дауыссыздарға: п, ф, к, қ, с, т, ш, щ, х, ц, ч дыбыстары жатады.

Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атайды.

2. Ұяң дауыссыздарға: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ дыбыстары жатады.

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дауыссыз (сонорные согласные) дыбыстар деп атайды.

3. Үнді дауыссыздарға: р, л, й, у (тау), м, н, ң дыбыстары жатады.

246-тапсырма. Берілген сөйлемдерден ұяң дауыссыз дыбыстарының астын сызыңыздар.

Ү л г і : Ұлы Жібек жолы батыс пен шығыс елдерін екі мың жылдай уақыт ішінде үзбей жалғастырып жатты.

Жібек жолымен келе жатқан керуен Еділ өзенін өткен соң, ең әуелі Алтын Орда хандығының кішігірім қалаларына бұрылып, демалып алып Сарайшықта түнейді. Ұшы-қиыры жоқ сары сахараның бетінде ай жүріп, жыл жүріп келгенде, алғаш тоқталатын үлкен қала – Арал теңізі маңындағы Жент шаһары болатын. Содан кейінгі қорғаны биік, жиһазы мол, салтанаты ерекше – Баба ата,Түркістан, Отырар, Тараз, Баласағұн, Жаркент қалалары тізіліп жататын.

247-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді үш бағанаға бөліп жазып, ондағы ұяң, қатаң, үнді дауыссыз дыбыстарының астын сызыңыздар. Ұлы Жібек жолы туралы тарихи деректерді есте сақтаңыздар.

Ү л г і :

Қатаң

Ұяң

Үнді

қабатты, қамал, қала, көне, шапқыншылық, сұрапыл, соғыс, қанды шайқас

ғұламалар, бекініс, қорған, мыңдаған жылдар, сауда, Жібек жолы, ғимарат салу

халық, тарихында, мәдениеттің, жазу үлгісі, ғимарат салу, ертедегі қамал

Отырар және Ұлы Жібек жолы.Отырар қаласын Ұлы Жібек жолынсыз елестету, зерттеу, әңгімелеу мүмкін емес. Осыдан мың жыл бұрын Ұлы Жібек жолының бір тармағы – көне Византия елінен шығып, Европа жерін аралап, Киев Русін басып өтіп, қазақ жеріне жеткен. Осы қазақтың қиырсыз кең сахарасын басып өтіп, Қаратау мен Алатауды жағалап, Балқаш көлін айналып, Қытай еліне асып жөнеліп жататын.

Ұлы Жібек жолының келесі бір тармағын – таяу Шығыста жатқан араб елдерін түгел аралап, Мысыр асып, Бағдат басып, көне Ауған жерімен жылжып отырып, Қытайға баратын.

Мың жылдан бері ел мен елдің арасында жойылмай келе жатқан дәстүрлер осы жол арқылы байланысқан.

248-тапсырма. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарын көрсетілген торларға толтырыңыздар.

1. Қатаң дауыссыздары:

Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысуына қарай бөлінуі:

2. Ұяң дауыссыздары:

3. Үнді дауыссыздары:

7-апта. 21-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Дауысты дыбыстардың бөлінуі. Қазақ тіліне тән дыбыстар.

249-тапсырма. Қазақстанның бұрынғы астаналары туралы берілген мәтінді мұқият оқып, түсініп, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Қазақстанның астаналары – Орынбор,

Қызылорда, Алматы, Астана қалалары

* * * * *

О р ы н б о р қ а л а с ы

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Орынбор қаласы Қазақ халқының саяси және мәдени орталығы, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қала 1920-1925 жылдар аралығында Қазақ АССР-нің астанасы болып бекітілді.

...XX ғасыр – қазақ мемлекеттігі тарихының жаңа белесі болды. Самодержавие құлады. Ақ патша тақтан тайды. Ұлы дала, дауыл алдындағы теңіздей тына қалды.

Ресейдегі қорған қала – Орынбор саяси оқиғалардың орталығына айналды. Совет үкіметінің алғашқы жылдарында қазақ интеллигенциясының едәуір бөлігі Орынбордың оқу орындарында оқып, білім алды. Қазақстанның съездерінің барлығы осында өтетін. «Алаш» партиясы ұйымдастырылып, Алашорда үкіметі құрылды. Халықтың ұраны – демократиялық республика, ұлттық дербестік және әділеттілік деп жарияланды. Алайда, алаш азаматтарының арманы орындалмады. Арпалысқан азамат соғысы басталып, көп ұзамай, Орынборды қызылдар басып алды.

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары – «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті осы қалада басылып шықты. Бұлардан басқа да басылымдар мен кітаптар көптеп шығарылды. Сол кездегі қазақ зиялылары осы қалада бас қосып, осында шоғырланды. Олар саясатпен, халық ағарту ісімен шұғылданды.

Орынбор қаласының өнеркәсібінде машина жасау, металл өңдеу басты рөл атқарады. Станоктар, құрал-сайман, тамақ өнеркәсібі үшін машиналар, электро-механикалық және темір жол транспортын жабдықтайтын зауыттар бар. Қала маңынан ірі газ орны табылып, игерілуде. Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері де өркендеген. Комбинаттар жұмыс істейді.

Орынбордың негізгі тарихи орындары 1734 жылы салынған қамалға орналасқан (қала қақпасының қалдықтары салынған). Қала 1930 жылдан қарқынмен өркендеп келеді. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары, театрлар, музейлер жұмыс істейді.

250-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

251-тапсырма. Қазақ тіліндегі дыбыстар туралы ұғымды қайталап, өткен материалдарды еске түсіріңіздер.